Мұндай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында көрсетілген барлық органдардың міндеттерді шешуі үшін телекоммуникациялар желілерін және почталық байланыс арналарын пайдаланумен байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күш пен қаражат бөлінеді.
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасына қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.»;
5-тармақта:
«, сондай-ақ терроризмнің барлау-бүлдіру мақсатында қол сұғушылықтарын» деген сөздер «барлау-бүлдіру мақсатында қол сұғушылықтарын, сондай-ақ халықаралық терроризмді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«барлау хабарламасын алу үшін осы баптың 4-тармағында көрсетілген жедел-іздестіру шаралары» деген сөздер «қарсы барлау ақпаратын алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«хабардар ете отырып,» деген сөздерден кейін «қаулы шығарылған кезден бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
«телефондарынан немесе басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргізілген» деген сөздер «олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кейінге қалдыруға болмайтын әрі ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы тиісті орган басшыларының біреуінің дәлелді қаулысы негізінде прокурорды хабардар ете отырып және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде кейіннен санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Бұл ереже судьяларға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылмайды.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.»;
11) 13-баптың 1-тармағында:
«ведомстволарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің (бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан)» деген сөздер «ұйымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жүргізуші органдарға жәрдемдесуге міндетті» деген сөздер «жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге міндетті және олардың көрсетілген органдарға өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқығы жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалану
1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының айғақтарды жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру қызметінің материалдары қарсы барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік актілерде белгіленген нәтижелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген сипат берілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмағанда ешқандай құқықтық салдарларға әкеп соқпайды әрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге негіз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздері және оларды алу тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.»;
13) мынадай редакциядағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету әне құжаттау
1. Осы Заңда көзделген міндеттерді шешу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашуы мүмкін.
2. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерде мәліметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болған кезде, мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргізудің тәртібі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
14) 16-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «кезде тоқтатылады.» деген сөздер «кезде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.»;
15) 23-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Құпия көмекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құпия көмекшілер мемлекет қорғауында болады.»
«4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құпия көмекшілердің жеке басы туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайды.
5. Құпия көмекшілердің сыйақы алуға құқығы бар.»;
7-тармақтың бірінші абзацындағы «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет істеген азамат» деген сөздер «Құпия көмекші» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші абзацындағы «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет істеген азамат» деген сөздер «Құпия көмекші» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 24-баптың бірінші бөлігіндегі «жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына» деген сөздер «заңдылықтың сақталуына, осы қызметтің ұйымдастырылуына, тактикасына, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргізілуі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел есепке алу істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алады;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 17-сі.
№ 187- ІV ҚРЗ