1) БМБ шеңберінде:
«дәрігер» біліктілігі беріле отырып, «жалпы медицина» (5+2), онда соңғы 2 жыл - интернатура;
дәрігер стоматолог біліктілігі беріле отырып, «стоматология» (5+1), соңғы жыл - интернатура;
2) бакалавриаттар шеңберінде:
бикелер ісі бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «бикелер ісі» (4 жыл);
фармация бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «фармация» (5 жыл);
қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «қоғамдық денсаулық сақтау» (5 жыл).
Интернатурадан өтпеген, «жалпы медицина» және «стоматология» мамандықтары бойынша бітірушілер клиникалық практикаға жіберілмейтін болады. «Жалпы медицинаның» базалық клиникалық мамандықтары бойынша интернатура екі жылдық, «стоматология» мамандығы бойынша бір жылдық болады. Интернатура аяқталысымен тиісті құжат беріле отырып, клиникалық мамандық бойынша мемлекеттік аттестация көзделетін болады.
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша БМБ (5+2) аяқталысымен бітірушілерге «дәрігер» біліктілігі берілетін болады. Бітірушілер кейбір мамандықтар бойынша жалпы практика дәрігері (ЖПД), гигиенист-эпидемиолог, стоматолог) сертификат және лицензия алғаннан кейін өз бетімен практикалық қызметке кірісе алады немесе мамандану алуы үшін резидентурада оқуын (2-4 жыл) жалғастыра алады. Резидентура мамандықтары бойынша өз бетімен практикалық қызметке құқықты мамандар сертификатқа және лицензиялауға емтихан тапсырғаннан кейін алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болады және резидентураны, магистратураны және докторантураны (Рh.D) қамтитын болады. Бұл деңгейдің мақсаты білім мен ғылымның кірігуі негізінде денсаулық сақтауды, экономиканы, ғылымды жетілдіру және медицина мен фармация саласындағы жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жаңа формацияның ғылыми, ғылыми-педагогикалық медицина, медбике және фармацевтика кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін құру болады.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурада бакалавр академиялық дәрежесі бар мамандар оқуын жалғастыра алады. Магистратураның шеңберінде мынадай екі бағыт бойынша даярлау болжанады:
1) бейіндік тереңдетілген даярлық;
2) ғылыми-педагогикалық даярлық.
Магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттылығы мен тиісті салаға тереңдетілген мамандандырылған даярлықты көздейтін болады. Магистратурада бейіндік және ғылыми-педагогикалық даярлық үшін мамандықтарды елеулі кеңейту болжанып отыр.
Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша бикелер ісі, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау «магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.
Докторантура медицина, фармация саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болады. Докторантураға (PhD) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қазір бар аспирантура, ізденушілік, шығармашылық демалыстар беру дәстүрлі докторантура қамтылатын болады.
Докторантура бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға медицинаның, фармацияның әр түрлі бағыттары бойынша философия докторы дәрежесі (PhD) беріледі. Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды.
Медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі нарықтық экономика қажеттіліктеріне, жаһандану үдерістеріне, жалпыға танылған халықаралық талаптарға сәйкес келетін болады, жастардың академиялық дәреже алуға қызығушылығын арттырады, медицина мен фармация саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды жаңарту проблемасын шешеді.
Үздіксіз кәсіби дамыту (ҮКД) дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі даярлау аяқталғаннан кейін басталатын және әрбір медицина қызметкерінің бүкіл кәсіби өмірі ішінде жалғасатын білім беру кезеңін білдіреді. ҮКД жүйесі мамандарды қалыптастырады, оларды өзгеріп отыратын еңбек жағдайына бейімдейді, толық оқытады, оқытудың екі құрамдас бөлігін - теория мен практиканы байланыстырады, алған біліміне саналылықпен қарауға, оны өзгеріп отыратын өндірістік жағдайларда пайдалануға үйретеді және бұл арқылы практикалық денсаулық сақтауды жетілдіреді. ҮКД кәсіптік міндет ретінде қаралады және медициналық көмектің сапасын арттырудың алғы шарты болып та табылады.
Жоғарыда көрсетілгендерді, сондай-ақ кейбір елдердің тәжірибесін ескере отырып, медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік дамытудың түрлерін нақты айқындау қажет. Өз бетінше даярлық пен оқыту типі бойынша іс-шараларды өткізу көзделеді. Бұған қоса, медицина академияларының, жетекші ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қосымша кәсіптік (медициналық және фармацевтикалық) білім беру ұйымдарының жанындағы біліктілікті арттыру институттарында кадрлардың мерзімдік біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтерді көрсету жүйесі сақталып отыр.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, мақсаты кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдетуде, еңбек рыногының талаптарына сәйкес медицина және фармация саласындағы жаңа кәсіптер мен мамандықтарды игеру болатын қосымша кәсіптік білім берудің негізгі нысаны болып табылады. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесінде даярлаудан ерекшелігі стандарттарды жедел түзету, практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес туындаған өзекті мәселелер жөніндегі жаңа типтік оқу бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі көзделетін болады.
Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім берудің негізгі қағидаттары бүкіл қызмет ішінде кәсіптік даярлауды жетілдірудің үздіксіздігі болады. Бұл бағытта мыналар көзделеді:
1) оқытудың мазмұны мен мерзімдері бойынша ҮКД сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген әртүрлі білім беру және кәсіптік бағдарламаларды әзірлеу;
2) ел ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерде де қосымша кәсіптік білімнің, оның ішінде қашықтан оқытуды қолдана отырып, қол жетімділігі үшін жағдай жасау;
3) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны мен әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
4) медицина мен фармация саласындағы жаңа жетістіктер, озық отандық және шетелдік тәжірибе туралы үздіксіз білім алуда жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
5) озық ғылыми-педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және қолдану;
6) осы Тұжырымдама іске асырылғанға дейін медициналық білім алған мамандардың кәсіби деңгейін арттыру үшін қосымша жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге және дамытуға бағдарланған оқытудың жаңа технологияларына көшу қамтамасыз етілетін болады.
§ 5.2. Білім берудің мазмұнын өзгерту, жаңа білім беру
технологияларын енгізу
Медициналық және фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту сапаны елеулі жақсартуға бағытталған ДМБФ әзірлеген халықаралық стандарттарға бағдарлауды көздейді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің отандық стандарттарын әзірлеу әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері, Қазақстанның, оның өңірлері халқының денсаулық жағдайы, аурушаңдық сипаты, сондай-ақ медициналық көмек көрсету нысандары көрінетін айғақтарға негізделетін медицинаның ғылыми негіздерінің әмбебаптығы ескеріле отырып, жүзеге асырылатын болады. Медициналық оқу бағдарламасының өзегі медицинаның негіз қалаушы теориясы мен практикасынан, әсіресе базалық биомедициналық, мінез-құлықтық және әлеуметтік ғылымдардан, жалпы клиникалық дағдылардан, клиникалық шешімдерді қабылдау дағдыларынан, коммуникациялық қабілеттер мен медицина этикасынан тұрады.
Білімнің мазмұны бітірушінің негізгі құзыреті жинақталатын медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес болады. Білім беру үдерісінің қазіргі заманғы технологияларын кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Студенттерді ерте клиникалық даярлауды енгізу, пәндерді меңгеруде модульдік, пәнаралық амалдарды кеңінен енгізу, шетел тілдерін тереңдете оқыту және білім беру үдерісінде базалық негізгісі бойынша да, клиникалық пәндер бойынша да шетелдік баспа және электрондық оқулықтарды белсенді пайдалану көзделеді. Мұндай стандартталған пациенттерді практикаға енгізу білім алушылардың клиникалық дағдыларын күшейту үшін де, оларды бағалау үшін де бірдей жағдай жасайды. Барлық медициналық білім беру ұйымдарында имитациялық сыныптар құру, практикалық манипуляцияларды меңгеру және бекіту үшін оларды қазіргі, заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жарақтандыру жоспарланып жатыр. Білім алушылардың білімін бағалаудың жаңа техникасы ретінде тәуелсіз емтихан алушылардың институты енгізілетін болады. Практикалық дағдыларды меңгеру үшін де, қабылдау емтиханы үшін де бір мезгілде жұмыс істейтін клиникалық даярлау орталықтарын салу да көзделіп отыр.
Аталған іс-шараларды іске асыру үшін:
1) жаңа білім беру технологияларын меңгеру және оларды жергілікті жерлерде енгізу үшін үздік оқытушы-әдіскерлер шетелдік медицина университеттеріне жіберіледі;
2) халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) әзірленеді және енгізіледі;
3) медициналық жоғары оқу орындары бітірушілерінің даярлық сапасын тәуелсіз емтихан алушылар бағалау үшін емтихандар енгізілетін болады.
§ 5.3. Мамандарды сертификаттау және лицензиялау
Интернатурадан кейін кейбір клиникалық мамандықтар бойынша, резидентурадан кейін сирек мамандықтар бойынша мамандардың өз бетімен клиникалық қызметке даярлығын анықтайтын сертификаттау рәсімдерін енгізу жоспарланып отыр. Сертификаттау таңдаған мамандығы бойынша емтихан тапсыруды көздейді. Оны енгізуге дайындау үшін:
1) шетелдік мамандарды тарта отырып, іске асырылатын білім беру бағдарламаларын сараптау және отандық мамандарды теориялық және клиникалық медицина бойынша тестілік тапсырмаларды әзірлеу технологияларына оқыту жүргізіледі;
2) негізгі клиникалық мамандықтар бойынша тестілік тапсырмалар банкі қалыптастырылады;
3) денсаулық сақтау саласы мамандарының білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау жүйесін енгізу үшін тәуелсіз емтихан алушылар ұйымы құрылатын болады.
Осы жүйені енгізу өз бетімен медициналық (клиникалық) қызметті жүзеге асыру үшін адамдардың даярлығын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасауға ықпал етеді.
Қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық және фармацевтикалық білім алған мамандардың білім деңгейі мен практикалық даярлығын бағалау кезінде тең жағдайлар жасау мақсатында біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың арнаулы сертификаттау курстары көзделетін болады.
Маман сертификаты медициналық қызметке лицензия алуға құқық беретін болады. Емтихан тапсыра отырып, қайта сертификаттау рәсімін әр 5 жылда өткізу жоспарланады.
Жұмыс орнына қарамастан, барлық мамандардың қызметін лицензиялау рәсімін енгізу көзделіп отыр.
§ 5.4. Тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, медициналық
білім беру ұйымдарын аккредиттеуді енгізу
Медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу - бұл олардың бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарды беру құқығы бар білім беру бағдарламаларының тізбесін белгілей отырып, типі мен түрі бойынша олардың мәртебесін мемлекеттің тануы. Бүкіл әлемде аккредиттеу тәуелсіз кәсіби ұйымдардың тарапынан жоғары оқу орнының сапалы білім беру қызметтерін көрсету қабілетін растауы деп түсіндіріледі. Біздің елімізде мемлекеттік аккредиттеу ғана бар.
Аккредиттеу жүйесін Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары дипломдарының танымдылығын қамтамасыз ететін білімнің сапасын бағалаудың халықаралық рәсімдерімен үйлестіру мақсатында халықаралық ұйымдарды қолдау кезінде бірінші кезеңде орталық азия өңірі медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеу жөніндегі орталықты құру бойынша жұмыстар басталады. Медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеуді жүзеге асыру үшін ДМБФ әзірлеген, медициналық білім берудің сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медицина кадрларын даярлаудың жаңа стандарттарын енгізу бұл үдерісті жеделдетуге мүмкіндік береді.
Мыналар көзделеді:
1) Дүниежүзілік медициналық білім федерациясы әзірлеген медициналық білім берудің сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес негізде аккредиттеуді енгізу;
2) орталық азия өңірі елдері үшін халықаралық аккредиттеу орталығын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.
§ 6. Оқыту үдерісінің жоғары нәтижелеріне жетуде білім
алушылар мен оқытушылардың уәждемесін көтеру
Біздің қоғамымызды дамытудың сапалы жаңа сатысына көшу жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысатын барлық адамдардың біліміне, біліктілігіне және шығармашылық белсенділігіне қойылатын талаптарды арттырады. Мемлекет оқытушылық қызметті ынталандыру, тек педагогикалық ғана емес, сондай-ақ ғылыми жұмыста да өзін белсенді көрсеткен жаңашылдарды қолдау бойынша да шаралар қабылдайды. Осы мақсатта:
1) жоғары оқу орны мен орта оқу орындары үздік оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдау үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен жеке гранттар тағайындайды;
2) жаңа білім беру технологияларын меңгеру үшін үздік педагогтар біліктілігін арттыруға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне жіберіледі;
3) қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу технологияларын меңгеріп, оларды оқу үдерісіне енгізу үшін үздік оқытушы-клиницистер біліктілігін арттыруға шетелге жіберіледі;
4) көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына байланысты жоғары оқу орындары мен колледждердің профессор-оқытушы құрамына сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілетін болады.
Сапалы білім алу медициналық білім беру ұйымында білім алатын әр студенттің мақсаты болады. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасайды, бірақ студенттің өзі де білім алудағы өзінің рөлін айқын сезінуі тиіс. Ол қажетті білімді, іскерлікті және қарым-қатынастарды меңгеруге мүдделі болуы тиіс. Студенттің құқығы оқытушыны таңдау, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына және оқытушының жұмысына баға беру болады. Студенттің жоғары оқу орнының, қаланың, елдің үздік студенті конкурсына қатысу құқығы болады. Үздік және жақсы үлгеретін студенттер бастысы Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы болатын атаулы стипендияларды алатын болады. Студенттер сапалы медициналық қызметтер көрсетілгені үшін өздері болашақта тиісті жалақы алатынын білуі тиіс. Қазіргі кезде дәрігердің орташа айлық жалақысы елімізде ең төмендерінің бірі болып табылады. Медицина қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасы үшін қосымша ақы енгізу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу жүйесі әзірленіп, енгізілетін болады.
Қазақстандық медициналық білім берудің мәртебесі мен беделін көтеру, медициналық және фармацевтикалық білімді кадрлар даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттік медицина академияларын университеттер етіп қайта ұйымдастыру жоспарланып отыр.
4. Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру кезеңдерi
Осы Тұжырымдаманың негізгі ережелері екі кезеңде іске асырылатын болады:
Бірінші кезеңде: (2006 - 2008 жылдар) мынадай іс-шаралар көзделетін болады:
медициналық білім беру саласындағы тиісті заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;
бакалавриат және магистратура, бастауыш және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеушілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
халықаралық тәжірибені ескере отырып, әдіснамалық негіздер мен біліктілік талаптарын барабар жетілдіруді көздейтін медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және енгізу;
медициналық білім беру ұйымдарында қабылдау мен оқуға қойылатын талаптарды көтеру;
білім сапасын бағалау рәсімдерінен оқу үдерісін бөлу;
медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқу құнын арттыру;
техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беруді енгізу;
жоғары арнаулы білімді (базалық медициналық білім - интернатура-резидентура), жоғары кәсіптік білімді (бакалавриат-магистратура-докторантура) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау моделіне көшу;
денсаулық сақтау саласының техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық, бикелік және фармацевтикалық білімді мамандарға қажеттілігін зерделеу үшін мониторинг жүргізу;
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы жекеменшік және алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру әдістемелерін әзірлеу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;
білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу және СМЖ-ді сертификаттауға дайындау;
денсаулық сақтау және білім беру менеджерлерін даярлау, профессор-оқытушы құрамды (ПОҚ) жаңа білім беру технологияларына оқыту, оқытушылардың ел ішінде және шетелде біліктілігін арттыру;
медицина ұйымдарының ПОҚ-қа қойылатын талаптарды жоғарылату;
сараланған еңбекақы төлеуді енгізу жолымен ПОҚ еңбегін ынталандыру;
клиникалық дағдыларды меңгеру және бақылау жөніндегі оқу орталықтарын құру;
қазақстандық медициналық білім берудің мәртебесі мен беделін көтеру, медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттік медицина академияларын университет етіп қайта ұйымдастыру.
Екінші кезеңде (2009 - 2010 жылдар):
қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық білім алған мамандар үшін біліктілікті арттыру мен қайта даярлау жүйесін әзірлеу және енгізу;
елдегі медициналық білім берудің жай-күйін шетелдік мамандардың тәуелсіз сараптамасын жүргізу;
тәуелсіз емтихан алушылар ұйымын құру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесін енгізу;
медициналық жоғары оқу орындарын халықаралық (орталық азия) аккредиттеу рәсімдерін енгізу;
магистрлік бағдарламалар бойынша оқуды таңдауды кеңейту;
ғылыми-оқу-өндірістік бірлестіктерді құру жолымен оқу-клиникалық орталықтарын медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарын ғылыми орталықтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ықпалдастыру;
қолданыстағы материалдық-техникалық базаны жаңарту, оқу үдерісін біріздендірілген бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қашықтан оқыту әдістерін дамыту және енгізу.
5. Күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде:
1) халықаралық тәжірибеге негізделген және саланың еңбек рыногында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесі құрылады;
2) денсаулық сақтау саласының кадрларға ұзақ мерзімді қажеттілігін анықтаудың ғылыми негізделген әдістемесі енгізіледі;
3) медицинаның ұдайы дамуының клиникалық аспектісін ескере отырып, медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы елеулі жақсарады және жаңартылады;
4) медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесі енгізілетін болады;
5) халықаралық сарапшыларды тарта отырып, медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу енгізіледі;
6) тәуелсіз емтихан алушылар ұйымы құрылады және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесі енгізіледі;
7) меншіктің әрқилы түрлері мен нысандарының білім беру ұйымдарының арасында ілеспе бәсеке және білім бағдарламалары мен оқу нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңейтіле отырып, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметтердің рыногы қалыптасатын болады.
Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы іске асыру медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін серпінді дамытуға, перспективалы білім беру әдістемелерін әзірлеуге, сондай-ақ қазақстандық білімнің беделін көтеруге ықпал ететін болады. Білім беру үдерісіндегі түбірлі қайта құрулар оқыту деңгейін халықаралық стандарттарға жақындата отырып, медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте халыққа көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің көлемі мен сапасын арттыру негізінде саланың өзін дәйектілікпен ілгері дамыту мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 24 сәуірдегі
№ 317 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық
білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар | Қар- жы- лан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |
2. | Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеушісіне, Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктеушісіне, өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі- нің бұй- рықтары | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2006 жылғы 2-тоқсан 2007 жылғы 2-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |
3. | Интернатура туралы ережені әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |
4. | Жоғары медицина- лық білім беру ұйымдарының клиникалық база- лары туралы ережені әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |
5. | Медициналық білім беру ұйым- дарына қабылдауға қойылатын талаптарды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орын- дарына қабылдау- дың типтік ере- жесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 наурыз- дағы № 247, Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына оқуға қабылдау- дың типтік ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 сәуір- дегі № 244 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі- нің бұйрықта- ры | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2006 жылғы мамыр, 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді | |
6. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 312 бұйрығымен бекі- тілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді кадрлар- ды даярлауға арналған шығыс- тарды жоспарлау және бір студентті, аспирантты, клиникалық орди- наторды, магис- трантты оқытуға арналған шығыс- тарды жоспарлау ережесіне өзге- рістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2006 жылғы мамыр, 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді | |
7. | Медициналық білім беру ұйым- дарының білікті- лікті арттыру факультеттерінің бір курсантын (тыңдаушысын) оқыту құнын есептеу ережесін әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді | |
8. | Медицина колледждерінде бір білім алушы- ны оқыту құнын есептеу ережесін әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |
9. | Жоғары арнаулы медициналық білім (БМБ), денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2006 жылғы 2-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарла- масын іске асыру шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | |
10. | Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі медици- налық білім мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2007 жылғы 4-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарла- масын іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде | |
11. | Магистратура, резидентура мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2007 жылғы 2-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарла- масын іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде | |
12. | Медицина кадрла- рының кәсіби құзыретінің деңгейіне қойы- латын жаңа талаптарды ескере отырып, медицина қызмет- керлерінің біліктілік сипаттамаларын әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), Еңбекми- ні, БҒМ | 2007 жылғы 4-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді | |