Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1025 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |