бекіре балықтарының (стерлядтан басқасы) қансыздануы және ішкі құрылысы мен сфинктері алынуы тиіс;
қара балық, илиша, осман және храмуль тек ішек-қарнынан тазаланып дайындалады; ішкі құрылысы, уылдырық, шәует және қара жабыны мұқият тазаланады және жойылады, илиша мен храмуляның бастары алынуы және жойылуы тиіс;
ұзындығы 53 сантиметрден жоғары жайын балықтар ішек-қарнынан тазаланып дайындалады.
46. Мұздатылған балық және балық өнімдерін өндіру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
мүшелеу учаскесі ауызсумен немесе таза сумен қамтамасыз етілуі тиіс;
мұздату -30 0С-тан жоғары емес температурада өнімнің қабатына жеткенге дейін -18 0С-тан жоғары емес температурада жүргізіледі;
мұздатуды табиғи жағдайда балық ауланған орында табиғи жағдайда -12 0С-тан жоғары емес температурада мұзды, жақсы желдетілген алаңда немесе желдің өтінде жүргізуге болады.
Балық және балық өнімдерін мұздату қажетті өндірістік сатыларды аяқтағаннан кейін жүргізілуі тиіс. Шикізат өндіріске түскен сәттен бастап мұздатқышқа салынғанға дейін 4 сағат өтпеуі тиіс.
47. Тұздалған және маринадталған өнімдерді дайындау кезінде салмағы 1 киллограмнан асатын тоғанда өсірілген балық тұздау алдына бөлшектенуі тиіс.
Тазалау, тұздықты дәмдеу және салқындату бекітілген өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылғаны жөн.
48. Ақ амур, тұқы, жайын және дөңмаңдайдан жасалған ысталған, қақталған, кептірілген тағам өнімдері оларды бөлшектегеннен соң ғана дайындалады.
Ыстықтай ыстау кезіндегі балық қабатындағы температура +80 0С-тан кем болмауы тиіс.
Дайын өнімді +20 0С-тан жоғары емес температураға дейін тез суытып, буып-түйеді және тоңазытқыш камераға жібереді. Ыстықтай ысталған балықты +2-ден -2 0С-қа, салқындатып ысталған балықты 0-тан -5 0С-қа дейінгі температурада сақтайды.
Ыстық ысталған балықты мұздатылғанға дейін 12 сағаттан артық сақтауға жол бермейді.
Ыстықтай және жартылай ыстық ысталған балықтарды қайта буып-түюге тыйым салынады.
49. Балық уылдырығы таза ыдысқа жиналып, цехқа салқындатылған күйінде жеткізіледі.
Уылдырықты салғаннан бастап оны пастерлегенге дейінгі уақыт 2 сағаттан аспауы тиіс.
Бекіре балығының уылдырығы тек тіршілік белгілері бар тірі балықтардан дайындалған шикізат уылдырығынан дайындалады.
50. Балық, балық шикізатын өнеркәсіптік қайта өңдеу және балық өнімдерін өндіру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
51. Балық өнімдерін өндіру процесінде алынған қалдықтар су өтпейтін танбаланған ыдыстарға жиналуы және жиналу өндірістік үй-жайлардан жойылуы тиіс.
Қалдықтар шикізаттан және дайын өнімдерден бөлек салқындатылатын камераларда сақталуы тиіс. Қалдықтарды салқындатпай жабық ыдыста 2 сағаттан артық емес сақтауға болады.
Қалдықтарды сақтау және жою шарттары тамақ өнімдерінің ластануына, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
11. Балық және балық өнімдерінің буып-түйілуіне, таңбалауына
қойылатын талаптар
52. Балық және балық өнімдерін буып-түю, таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі.
53. Балық және балық өнімдерін буып-түю олардың ластануына жол бермейтін жағдайларда жүргізілуі тиіс.
Балық өнімдерінің орамы оның қауіпсіздігін және жарамдылық мерзімі ішінде бірдейлік белгілерінің өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс.
54. Орама материалдары мен ыдысы:
Балық және балық өнімінің органолептикалық қасиеттерін бұзбауы;
тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалуы;
жеткілікті түрде берік болуы;
санитарлық-гигиеналық шарттарын сақтай отырып, жеке үй-жайларда сақталуы тиіс.
55. Жеңіл тазаланатын және дезинфекцияланатын ыдыстарды қоспағанда ыдыс қайта қолданылмауы тиіс.
Мұзбен салқындатылатын өнімді сақтау үшін пайдаланылатын ыдыс еріген судың жақсы ағымын қамтамасыз етуі тиіс.
56. Тұтыну орамасына:
осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылмаған балықтар мен басқа да ингридиенттердің суретін салуға;
жасанды жолмен әзірленген тамақ өнімдеріне балық және балық өнімдерінің суретін, атауын салуға тыйым салынады.
57. Таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс:
кәсіпшілік ауданына тиесілілігі;
балықтың ұзындығы мен салмағы (ірі, орташа немесе ұсақ):
бөлшектеу түрі;
мұздатылған өнім үшін таза салмағы қабыршық немесе арнайы сақтандыру жабынының салмағы есепке алынбай көрсетіледі. Қатқан мұз немесе сақтандыру жабынының салмақтық үлесі жеке көрсетілуі тиіс;
егер осындай ақпараттың болмауы тұтынушыны жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болса, ерекше жағдайы немесе өңдеу түрі;
иондаушы сәулеленуді пайдалану туралы ақпарат;
тұздылық деңгейі (аз тұздалған, әлсіз тұздалған, орташа тұздалған, қатты тұздалған);
сұрып (бар болса) немесе санаты (мұздатылған балық еті үшін);
«вакуумда оралған» немесе «газды ортада оралған» деген жазуының болуы (орамада вакуум немесе газды орта пайдалану кезінде).
12. Сақтауға және көлік құралдарына қойылатын
қауіпсіздік талаптары
58. Шикізатты, дайын өнімді, орама және қосалқы материалдарды сақтау үшін кәсіпорындарда қойма үй-жайлары жабдықталады.
Тамақ шикізаты мен қосалқы материалдарды сақтау үшін сөрелер, тұғырықтар пайдаланылады. Тамақ шикізаты мен қосалқы материалдарды еденге қоюға жол берілмейді. Барлық қойма үй-жайларын таза ұстау кезең-кезеңімен дезинсекция және дератизация жасалуға қажет.
59. Арнайы сақтау шарттары бар балық және балық өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар мен жабдықтар, осы өнімдерді сақтау шартын бақылайтын бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталуы тиіс. Температура көрсеткіштерін жазып отыратын термометр орнату ұсынылады.
60. Балық және балық өнімдерін тасымалдау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары берген санитарлық паспорты бар арнайы жабдықталған көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
Көлік құралдарына мынадай талаптар қойылады:
балық және балық өнімдерімен жанасатын көлік құралының ішкі беті немесе кез келген басқа бөліктері өнімнің қауіпсіздігіне және тұтынушының денсаулығына әсер етпейтін материалдардан жасалады және тегіс, жеңіл тазаланатын және дизенфекциялануы тиіс;
көлік құралдары өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталып, сұйықтықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуы тиіс;
бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталуы тиіс.
61. Қажеттілігіне карай тиеу арасында көлік құралдарына және/немесе контейнерлерге тазалау және дезинфекциялау жүргізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62. Балық және балық өнімдерін сақтау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:
салқындатылған балық еріп тұрған мұз темперетурасына жақын температурада сақталуы тиіс;
мұздатылған балық және балық өнімдері -18 0С-тан жоғары емес температурада сақталуы тиіс;
тірі балық оның тіршілігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталынып, сату мерзіміне шек қойылмауы тиіс. Ыдыстар судың сапасын өзгертпейтін материалдардан жасалуы тиіс.
63. Сақтау үшін осы Техникалық регламенттің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келетін және қауіпсіздікпен қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттары бар (ветеринариялық сертификат, гигиеналық қорытынды, тауарлық-ілеспе құжаттама) балық және балық өнімдері қабылданады.
64. Балық және балық өнімдерін сақтау кеміргіштердің, құстардың, жәндіктердің кіруін болдырмайтын арнайы бөлінген, осы мақсатқа жабдықталған, жабық, таза, осы өнімнің сақтау шарттарын бақылау үшін арнайы өлшеу-бақылау құралдарымен жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
Сақтау кезінде балық және балық өнімдерін су және кәріз құбырларының, жылыту құралдарының жанында, тікелей еденде, сондай-ақ қойма үй-жайларынан тыс жерде жиып қоюға жол берілмейді.
Өнімді сақтауға арналған үй-жайларда, соның ішінде тоңазытқыш камераларда үнемі механикалық тазалау, жуу, дезинфекция, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар жүргізілуі тиіс.
13. Сәйкестікті растау
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестігін міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіне сәйкес балық өнімдері міндетті түрде сәйкестігін растауға жатқызылады.
14. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
66. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
15. Өтпелі ережелер
67. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер оларды осы Техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін осы Техникалық регламенттің талаптарына қайшы келмейтін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, адамның өмірі немесе денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатына сәйкес келетін бөліктерінде орындауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Балық және балық өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
қосымша
Осы Техникалық регламент қолданылуы және орындалуы үшін міндетті қауіпсіздік
талаптарын белгілейтін техникалық реттеу объектілерінің
тізбесі
р/с № | Позицияның атауы | КО СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Тірі балық | 0301 |
2 | 0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балықтың өзге де етін қоспағанда, жас немесе тоңазытылған балық | 0302 |
3 | Мұздатылған балық, 0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балық етін қоспағанда | 0303 |
4 | Балықтың сүбесі және балықтың өзге де еті (фаршты қоса алғанда), жас, тоңазытылған немесе мұздатылған | 0304 |
5 | Кептірілген, тұздалған немесе тұздық судағы балық; ыстық немесе суықтай ысталған балық; тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе ірі тартылған балық ұны және түйіршіктері | 0305 |
6 | Балықтан алынатын сығындылар немесе шырындар | 1603 00-ден |
7 | Дайын балық; бекіре уылдырықтары мен оның балық уылдырықтарынан жасалған алмастырғыштары | 1604 |
8 | - ішінде дәмі бар, жылытып өңдеуге ұшыраған немесе үшырамаған немесе басқа тәсілмен әзірленген макарон бұйымдары | 1902 20-дан |
9 | Дайын және әзірлеу үшін дайындалған сорпалар мен бульондар (көкөністен басқа); гомогендендірілген құрамы дайын тағамдық өнімдері | 2104-тен |