Қосымша ақпарат пен анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетіледі) телефон арқылы алуға болады.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
2-қосымша
(Кімге)__________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен)_________________________________________________________
(ықтимал өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға өтінім
(жеке және заңды тұлғалар үшін)
Оның алынғандығы осымен куәландырылатын__________________________
(тендердің атауы)
_________________________________________________________________
тендер өткізу жөніндегі тендерлік құжаттаманы қарай келіп,______
_________________________________________________________________
(ықтимал өнім берушінің атауы)
тендерлік құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды беруді жүзеге асыруды ұсынады:
_________________________________________________________________
(тауарлардың толық сипаттамасы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы тендерлік өтінім мыналардан тұрады:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
5. ______________________________________________________________
6. ______________________________________________________________
7. ______________________________________________________________
8. ______________________________________________________________
9.______________________________________________________________ 10.______________________________________________________________
Мен (Біз), менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп танылған жағдайда,_________ күн ішінде тауарларды беруді бастауға және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды беруді (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап ___________күн ішінде аяқтауға
(жазбаша)
міндеттенемін (міз).
Менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп танылған жағдайда, мен (біз) шарттың жалпы
сомасының _____________ пайызын
(жазбаша)
құрайтын сомаға сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етуді енгіземін(міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап___________ күн ішінде қолданылады.
(жазбаша)
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәтке дейін осы тендерлік өтінім оны ұтып шықты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқаратын болады.
______________ _____________________________
(Қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты-жөні)
М.О.
__________________________________________________________ атынан
(ықтимал өнім берушінің атауы)
және тапсыруы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар.
_____________
* егер шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
3-қосымша
Ықтимал өнім берушінің тендерлік
өтінімінің бағалар кестесі
(ықтимал өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с № | Мазмұны | Тауарлардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Қысқаша сипаттамасы | |
2 | Шыққан елі | |
3 | Жасаушы зауыт | |
4 | Өлшем бірлігі | |
5 | Бірлік бағасы _____ __________ ____________________ ИНКОТЕРМС 2000 (жеткізілетін пункт) шартымен | |
6 | Саны (көлемі) | |
7 | Барлық бағасы = 5-жол х 6-жол | |
8 | Ықтимал өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ны және басқада салықтарды, төлемдерді және алымдарды төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды қоса алғанда________ ИНКОТЕРМС 2000 (жеткізілетін пункт) шартымен жалпы бағасы _____________ Ықтимал өнім беруші басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның ішінде: 8.1. 8.2. | |
9 | Шегерім ұсынылған жағдайда, оның мөлшері | |
10 | 9.1. 9.2. | |
Біз тендерлік құжаттамада айтылған Сіздің төлем шарттарыңызбен келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын
_________________________________________________________________
(егер мұндайлар бар болса, төлемнің балама шарттары санамаланады)
немесе басқа шарттарды (санамалау:) ____________________________)
ұсынамыз, бұл ретте _____________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетіледі)
________________________________ мөлшерде баға шегерімін береміз.
___________________________ ___________
(Лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: ықтимал өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны тендерлік комиссия ықтимал өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып, белгіленген ретінде қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
4-қосымша
Дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
_____________________ _____ж. "___"_______
(орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
______________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан
және ___________________________________________________________,
(Өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
_______________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________ негізінде әрекет ететін
жарғының, ереженің және т.б.)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі мен ________ қаласында _______ ж."____ " ________№_______
сатып алу жөніндегі (тендердің атауы) тендердің қорытындыларының хаттамасының негізінде дәрілік заттарды сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі - шарт) жасасты және төмендегідей келісімге келді:
1. Тендерді ұйымдастырушы - (тендерді ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) (тауарлардың қысқаша сипаттамасы) сатып алу туралы Тапсырыс беруші үшін конкурс жариялады және өнім берушінің сомасы (сомасы санмен және жазумен көрсетіледі) мөлшерінде (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) осы тауарларды жеткізуге өнім берушінің тендерлік өтінімін қабылдады.
2. Осы шартта төменде санамаланған ұғымдардың мынадай түсіндірулері болады:
1) шарт - жазбаша нысанда бекітілген, барлық қосымшалары мен толықтыруларына тараптар қол қойған, сондай-ақ шартта сілтемелері бар барлық құжаттарымен Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
2) шарттың бағасы тапсырыс берушінің өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін шарт шеңберінде төлеуге тиіс бағаны білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші шарт шеңберінде тапсырыс берушіге жеткізетін тауарлар мен ілеспе қызметтер;
4) ілеспе қызметтер - осы шартта көзделген, тауарларды жеткізуді қамтамасыз ететін, мысалы, тасымалдау мен сақтандыруды және кез келген басқа қосалқы қызметтерді, мысалы, құрастыру, іске қосу, техникалық көмек көрсету, оқыту және басқа да осы тектес өнім берушінің міндеттерін қамтитын қызметтер;
5) тапсырыс беруші - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) өнім беруші - тапсырыс берушімен дәрілік заттарды сатып алу туралы жасасқан шартта шарт жасасушы агент ретінде әрекет ететін және шарт талаптарында көрсетілген тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Төменде санамаланатын құжаттар мен онда айтылған шарттар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы шарт;
2) сатып алынатын тауарлар тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) шартты орындауды қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер тендерлік құжаттамада шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу көзделсе, көрсетіледі).
4. Өнім беруші сату мен жеткізуге, ал тапсырыс беруші тауарды саны мен сапасы осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, өнім берушінің тендерлік өтінімі мен тапсырыс берушінің (тендерді ұйымдастырушының) тендерлік құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және төлеуге міндеттенеді.
5. Төлем нысаны ___________________________________________
(аудару, қолма қол есеп айырысу, аккредитив және т.б.)
6. Төлемдердің мерзімі ______________________________________________________________________________________
(мысалы: тауарды бағдарланған пунктте қабылдағаннан кейін, немесе алдын ала төлем, немесе т.б. %)
7. Төлемнің алдындағы қажетті құжаттар:______________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру актісі, немесе т.с.с.)
8. Осы шарттың шеңберінде жеткізілетін тауарлар, техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сай немесе олардан жоғары болуы тиіс.
9. Өнім беруші тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, тапсырыс берушінің өзі осы шартты орындауға тартылған персоналдан басқа, кімге де болса шарттың қандай да бір ережелерін, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, нобайлар мен үлгілердің және тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған ақпараттың мазмұнын ашпауға тиіс. Көрсетілген аппарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ғана ұсынылады.
10. Өнім беруші тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда санамаланған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты, шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Техникалық ерекшелікте көзделсе, тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарларға олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растайтын, техникалық бақылау және/немесе сынақтар өткізе алады. Бұл сынақтардың барлық шығыстарын өнім беруші көтереді. Техникалық ерекшелікте тапсырыс берушіге тексеру мен сынақтың қандай түрлері қажет екені, сондай-ақ олардың қай жерде өткізілетіні көрсетіледі. Тапсырыс беруші осы мақсатқа арналған өзінің өкілдері туралы өнім берушіні жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуі тиіс.
12. Техникалық бақылау мен сынақтар өнім берушінің немесе қосалқы мердігер(лер)дің аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе түпкі пунктінде өткізілуі мүмкін. Егер олар өнім берушінің немесе қосалқы мердігер(лер)дің аумағында өткізілсе, тапсырыс берушінің жағынан қандай да бір қосымша шығындарсыз, тапсырыс берушінің инспекторларына, сызбалар мен өндірістік ақпараттарды қолдану мүмкіндігін қоса алғанда, барлық қажетті қаражат беріледі және жәрдем көрсетіледі.
13. Егер техникалық бақылау мен сынақтардан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және өнім беруші жарамсыз тауарды ауыстырады не тапсырыс беруші жағынан қандай да бір қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
14. Жоғарыда аталған тармақтардың ешқайсысы өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа міндеттемелерден босатпайды.
15. Өнім беруші тауарларды, оларды тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген түпкі пунктке тасымалдау кезінде зақымдалудан немесе бұзылудан қорғайтын буып-түюін қамтамасыз етуі тиіс. Буып-түю тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ ашық сақталғанда интенсивтік көтергіш-тасымалдық өңдеу мен экстремалдық температуралардың, пайда болған тұздар мен жауын-шашын әсерлеріне ешқандай шектеусіз шыдамды болуы тиіс. Буып-түйілген жәшіктердің габариттері мен олардың салмағын анықтаған кезде жеткізудің түпкі пунктінің алыстығы мен тауарлардың алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
16. Жәшіктердің буып-түйілуі мен таңбалануы, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттама тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес болуы тиіс.
17. Өнім беруші тауарларды жеткізуді сатып алынатын тауарлардың тізбесінде (1-қосымша) аталған тапсырыс берушінің шарттарына сәйкес төмендегідей жүзеге асырады:
а) шетелден жеткізілетін тауарлар үшін:
Өнім беруші тауарды жөнелткеннен кейін тапсырыс беруші мен сақтандыру компаниясын телекс немесе факс арқылы шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірі мен оның күнін, портты және жөнелту күнін, жүкті түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуі тиіс. Өнім беруші тапсырыс берушіге мынадай құжаттаманы жіберуі тиіс:
1) тауарлардың сипаттамасы, саны, тауардың бірлік бағасы мен жалпы сомасы көрсетілген өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) тасымалдау құжаттамасының түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
3) әрбір буып-түюдің мазмұны көрсетілген буып-түю парағының көшірмесі;
4) сақтандыру сертификатын;
5) даярлаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізілгені туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында (егер мұндай болса) техникалық бақылау өткізілгені туралы есеп;
7) тауардың шығарылуы туралы сертификат.
Жоғарыда аталған құжаттарды тапсырыс беруші тауарлардың портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуы тиіс және оларды алмаған жағдайда өнім беруші бұған байланысты барлық шығыстарға жауапты болады.
б) жергілікті тауарлар үшін:
1) тауарлардың сипаттамасы, саны көрсетілген, тауарлардың бірлік бағасы мен жалпы сомасы бар өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) тасымалдау құжаттамасы, теміржол түбіртегі немесе автокөліктік жүк түбіртегі;
3) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізілгені туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында (егер мұндай болса) техникалық бақылау өткізілгені туралы есеп;
5) тауардың шығарылуы туралы сертификат.
18. Шартқа сәйкес жеткізілетін тауарлар, олардың жасалуына, сатып алынуына, тасымалдануына, сақталуына және жеткізілуіне байланысты теңгеде (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуы (қажетті сақтандыру түрі көрсетіледі) тиіс. Сақтандыру полисінде тапсырыс беруші өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуы тиіс.
19. Әскери іс-қимылдар мен ереуілдерге байланысты қауіп-қатерлерді қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезінде сақтандыру "қоймадан қоймаға дейінгі" шарт сомасының 110%-ы мөлшерінде болуы тиіс.
20. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген бағыт пунктіне дейін жеткізуі тиіс. Бұл тауарларды бағыт пунктіне дейін тасымалдауды өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал бұған байланысты шығыстар шарттың бағасына кіргізіледі.
21. Тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді өнім беруші осы шарттың шеңберінде орындауы тиіс.
22. Қосалқы қызметтердің бағалары шарттың бағасына кіргізілуі тиіс.
23. Тапсырыс беруші өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы мынадай ақпарат, атап айтқанда, тапсырыс беруші өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік мерзімі асқаннан кейін қолданатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын талап ете алады.
24. Өнім беруші өзінің қосалқы бөлшектерді өндіруін тоқтатқан жағдайда:
а) тапсырыс берушіге қажетті мөлшерлерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін оны алдағы өндірістің жабылуы туралы алдын ала ескертуге;
б) қажет болған жағдайда, өндіріс тоқтатылысымен тапсырыс берушіге жоспарларды, сызбаларды және қосалқы бөлшектердің техникалық құжаттамасын тегін беруге тиіс.
25. Өнім беруші, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт шеңберінде жеткізілген тауарлардың жаңа болуына, пайдаланылмағандығына, жаңа үлгідегі немесе конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін сериялық үлгілері екендігіне кепілдік береді. Өнім беруші бұдан әрі осы шарт бойынша жеткізілген тауарлар конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты, жеткізілген тауарлар тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда қалыпты пайдаланған кезде ақаулары болмайтынына кепілдік береді. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкес өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болған жағдайда, өнім беруші оның (тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелікте жіберген қателіктері үшін жауапты болмайды.
26. Бұл кепілдік тауарлардың барлық партиясы немесе нақты жағдайға байланысты оның бөлігі жеткізілгеннен және оларды шартта көрсетілген соңғы бағытының пунктінде қабылдап алғаннан кейін ______________________________________ күн ішінде күшінде болады.
(талап етілетін кепілдік мерзімі көрсетіледі)
27. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтары туралы өнім берушіні жедел түрде жазбаша ескертуге тиіс.
28. Өнім беруші осындай ескерту алғаннан кейін жарамсыз тауарларға немесе оның бөлшектеріне тапсырыс беруші жағынан қандай да бір шығыстарсыз неғұрлым жедел жөндеу жүргізуге немесе ауыстыруға тиіс.
29. Егер өнім беруші ескертуді алып, тапсырыс беруші талап еткен мерзімдерде ақау(лар)ды түзетпесе, тапсырыс беруші басқа да шарт бойынша тапсырыс берушінің өнім берушіге қатысты иелене алатын құқықтарына қандай да бір зиянын тигізбей, өнім берушінің есебінен ақауларды түзету жөнінде қажетті санкциялар мен шаралар қолдана алады.
30. Өнім берушіге жеткізілген тауарлар үшін төлем осы шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімдерде жүргізіледі.
31. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары өнім берушінің тендерлік өтінімінде көрсетілген бағаларына сәйкес келуі тиіс.
32. Шарттың құжаттарына, екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) енгізуге болмайды.
33. Егер кез келген өзгеріс құнның немесе шарт бойынша тауарлардың қандай да бір бөлшегін жеткізу үшін өнім берушіге қажетті мерзімдердің төмендеуіне әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы баптың шеңберінде түзетулер жүргізуге өнім берушінің барлық сұраулары тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өнім беруші өкім алғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
34. Өнім беруші осы шарт бойынша тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз өзінің міндеттерін толықтай да, бөлшектеп те біреуге тапсырмауға тиіс.
35. Өнім беруші тапсырыс берушіге, егер бұл тендерлік өтінімнің құжаттарында айтылса, осы шарт шеңберінде жасасқан барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы өнім берушіні шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
36. Тауарларды жеткізу мен қызметтер көрсетуді өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыру тиіс.
37. Өнім беруші тарабынан жеткізуді кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалу арқылы шартты жою немесе айып төлету.
38. Егер шартты орындау кезінде өнім беруші немесе оның мердігер(лер)і кез келген уақытта тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі болатын жағдайлармен кездессе, өнім беруші бөгет болған факт, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (себептері) туралы тапсырыс берушіге дереу жазбаша ескерту жіберуі тиіс. Тапсырыс беруші өнім берушіден ескерту алғаннан кейін жағдайға баға беруі тиіс және өзінің қалауы бойынша өнім берушінің шартты орындау мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзартуды шарт мәтініне түзетулер енгізу жолымен тараптар ратификациялауы тиіс.
39. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер өнім беруші шартта көзделген мерзімдерде тауарларды жеткізе немесе қызметтерді көрсете алмаса, тапсырыс беруші шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянын тигізбей, айып төлемі түрінде шарттың бағасынан
________________________________________________________________________________________________ соманы кемітеді.
(шарттың жалпы сомасының %-ы немесе кешіктірудің әрбір күні үшін белгілі сома көрсетіледі)
40. Шарт талаптарының бұзылғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға зиян келтірмей, тапсырыс беруші, өнім берушіге міндеттерін орындамағаны туралы жазбаша ескерту жіберіп, осы шартты толық немесе бөлшектеп бұза алады:
а) егер өнім беруші тауардың бөлігін немесе барлығын шартта көзделген мерзім(дер)де немесе тапсырыс беруші ұсынған бұл шартты ұзарту мерзімі ішінде жеткізе алмаса;
б) егер өнім беруші шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттерін орындай алмаса.
41. Егер шартты орындауға форс-мажор жағдайлары кедергі болып табылса, өнім беруші өзінің шартты орындауын қамтамасыз етуінен айрылмайды және айып төлеміне немесе шарттың бұзылуына жауапты болмайды.
42. Осы шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" өнім беруші тарабының бақылауына көнбейтін, өнім берушінің жаңылысуына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес, күтпеген тұтқиыл сипаты бар оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды: әскери іс-қимылдарды, табиғи немесе дүлей апаттарды, індет, карантин мен тауарды жеткізуге эмбаргоны қамтуы, бірақ бұл әрекеттермен шектелмеуі мүмкін.
43. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде өнім беруші тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен оның себептері туралы дереу жазбаша ескерту жіберуі тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, өнім беруші шарт бойынша өзінің міндеттерін неғұрлым мақсатқа сай атқара береді және шартты орындау үшін форс-мажор жағдайларына тәуелсіз балама тәсілдерді іздестіреді.
44. Егер өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, өнім берушіге қажетті жазбаша ескерту жібере отырып, тапсырыс беруші кез келген уақытта шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда шарттың бұзылуы дереу жүзеге асырылады және егер шарттың бұзылуы тапсырыс берушіге зиян келтірмеген немесе іс-әрекет жүргізуге немесе тапсырыс берушіге тағылған немесе тағылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттері болмайды.
45. Шарттың одан әрі орындалуы мақсатқа сай келмейтіндіктен, тапсырыс беруші өнім берушіге тиісті жазбаша ескерту жіберіп, кез келген уақытта оны бұза алады. Ескертуде шартты бұзудың себебі көрсетілуі, шарттық міндеттемелердің жойылған көлемі, сондай-ақ шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылуы тиіс.
46. Шарт осындай жағдайларға байланысты күшін жойған кезде, өнім беруші шарттың бұзылу себептеріне байланысты күші жойылған күнге, нақты шығындарға ғана төлем талап етуге құқылы.
47. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша немесе оған байланысты барлық өзара келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге бар күштерін салуға тиіс.
48. Егер тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша таласты мұндай тікелей келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуге құқылы.
49. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шарттың екінші тарабы шетелдік ұйым болған жағдайда, оның екінші данасы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес сол тілге аударылуы мүмкін. Шартты төрелік сотта қарау қажет болған жағдайда, шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі даналары қаралады. Тараптар алмасатын шартқа қатысты барлық хат жазысу мен басқа да құжаттамалар осы шарттарға сәйкес келуге тиіс.
50. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуы тиіс.
51. Шарт бойынша бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі, оған ілесе түпнұсқасы жіберіледі.
52. Ескерту жеткізілген уақыттан немесе онда көрсетілген күшіне енетін күнінен (егер хабарламада көрсетілсе), олардың қай күні кешірек болғанына байланысты, сол күннен бастап күшіне енеді.
53. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
54. Өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда енгізуге тиіс.
55. Осы шартта тапсырыс беруші мен өнім беруші белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
56. Осы шарт тапсырысшы оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркегеннен кейін және өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.