Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 434 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
| Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
| Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
| Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі; |
көрсетілген комиссия құрамынан Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |