Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы« 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы« 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртібінде:
2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнiмi (шарап материалын және сыраны қоспағанда);»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетін тауарларды акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді.»;
6-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына «тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу» және «тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету» кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн;»;
бесiншi абзацтағы «тауар транзитiнiң» деген сөздер «тауарлар транзитi» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «акциз салығын» деген сөздер «акциздi» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) «Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 32, 320-құжат):
тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтіндегі «акциздiк алым таңбаларымен», «акциздiк алым таңбаларын», «акциздiк алым таңбаларының» деген сөздер тиiсiнше «акциз таңбаларымен», «акциз таңбаларын», «акциз таңбаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;»;
5-тармақтағы «өндiрушiлер» деген сөзден кейiн «, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар» деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы «өндiрушiлер мен» деген сөздер «өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының» деген сөздер «осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 600-құжат):
кiрiспедегi «және «Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 874 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.»;
4-тармақ «өндiрушiлер» деген сөзден кейiн «, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «өндiрушiлер мен» деген сөздер «өндiрушілерден, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардан және» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар конкурстық массаға енгiзiлген акцизделетiн тауарларды есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзедi.»;
6-тармақтың төртiншi абзацындағы «көрмелер өткізу үшiн» деген сөздер «жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |