Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 354 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «қолдау» деген сөзден кейін «, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтау;»;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5-2) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
26-2) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамту жөнінде ақпарат беру нысандарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
42-2) офсеттік саясат саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»;
45) тармақшадағы «жер қойнауын пайдалану саласындағы» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді;»;
14-тармақта:
1) тармақшадағы «орындау» деген сөзден кейін «, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекеттік қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) офсеттік саясаттың іске асырылуын бақылау;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) қазақстандық өндірушілер өндірген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасың Премьер-Министрі | К. Мәсімов |