Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1078 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «Әлихан Асханұлы Смайыловты «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп» деген сөздер «Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:
«Смайылов Әлихан Асханұлы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |