Сатылатын сүт және (немесе) сүт өнімдері, оның ішінде өнеркәсіптік емес сүт өнімдері, осы өнімдердің өндірілген орны (мекен-жайы), олардың атаулары және өндірілген күні, сүтті міндетті қайнату қажеттігі туралы тұтынушылар үшін ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
«Сүт» деген атау және сүт өнімдерін белгілеу үшін қолданылатын атаулар бірде бір элемент ауыстырыла алмайтын немесе сүттің қандай да бір компонентті алмастыру мақсаттары жоқ немесе осы өнімге арналған сипаттағы пайдаланылатын мөлшер немесе тигізетін әсердің негізгі бөлігі сүт және сүт өнімдері болып табылатын күрделі өнімдерді белгілеу үшін бір немесе бірнеше терминдермен бірге қолданыла алады.
Қолданыстағы нормативтік құжатқа сәйкес өнімнің нақты түрі сүт өнімінің атауы, оның ерекше қасиеттері, физикалық жай-күйі немесе арнайы өңдеу (бар болғанда), сүт компоненттері мен сүтке жатпайтын шикізаттың құрамы немесе ашытқы құрамы туралы ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
Құрамында сүті бар және ашытылған өнімдерді таңбалау кезінде олардың атауларында «құрамында сүті бар» деген ұғым немесе «ашытылған» деген ұғым мысалы, «айран», «йогурт», «қаймақ», «сүзбе» және т.б. сияқты өнімдерді өндеу технологиясын сипаттайтын ұғымдармен ауыстырылады.
Құрғақ сүт өнімдерін ішінара қолдану туралы ақпарат, қалыпқа келтіру мақсатында құрғақ сүт өнімдерін пайдалану жағдайларын қоспағанда, дайын өнімнің компоненттері туралы ақпаратпен бірге «Құрғақ сүт (кілегей, сарысу) қолдану арқылы жасалған» деген жазу түрінде орналастырылады.
Орамның (ыдыстың) затбелгілерінде «сүт» деген сөздің алдында немесе осы сөзден кейін сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда), егер сүт өнімі қоюлатылған немесе қойытылған сүттен немесе табиғи құрғақ сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда «қалпына келтірілген» деген сөздер де көрсетіледі.
Майдың массалық үлесі бөлігінде құрамында сүті бар өнімдер үшін тағам құндылығы туралы ақпаратта май фазасындағы сүт майының пайызбен массалық үлесі көрсетіледі.
56. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау кезінде мыналарға:
1) құрамдас сүт өнімдері, сүт немесе сүт өнімдері немесе болып табылмайтын өнімдердің атауларында осы техникалық регламентте белгіленген ұғымдарды, оның ішінде осындай өнімдерді таңбалау кезінде өндірушілердің фирмалық атауларында, олардың затбелгілерінде тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда сол атаулардың құрамына кіретін сөздерді, әр түрлі тіркестерді пайдалануға;
2) «сүт» немесе «табиғи сүт» деген ұғымдарды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қалпына келтірілген сүтті таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда пайдалануға;
3) «май» деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, май пасталарын және сары май-өсімдік спредін таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
4) «қорытылған май» деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қорытылған сары май-өсімдік қоспаларын таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
5) «сүт», «сары май», «пломбир» деген ұғымдарды, құрамында өсімдік майы бар балмұздақты таңбалағанда қолдануға жол берілмейді.»;
58-тармақ алынып тасталсын;
61-тармақта «тауарлық белгімен немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
63-тармақта «тізбесі (дәлелдеу базасы) осы техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген» деген сөздер «тізбесін (дәлелдеу базасы) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
64, 65-тармақтар алынып тасталсын;
Техникалық регламентке 1 және 2-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |