1) осы Ереженің 29, 30-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 32-тармағына сәйкес келмеуі;
3) жалған ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
43. Жеке тарифті бекітуге арналған өтінімді мемлекеттік орган отыз күн ішінде қарайды.
44. Мемлекеттік орган жеке тарифтердің жобаларына энергия өндіруші ұйым жеке тарифті бекітуге арналған өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есеп айырысуларды талдау, сондай-ақ қызметтің ұқсас түрімен айналысатын энергия өндіруші ұйымдар қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде сараптама жүргізеді.
45. Мемлекеттік орган энергия өндіруші ұйымнан энергия өндіруші ұйымның қызметі туралы кемінде 5 жұмыс күні мерзімінде қосымша ақпаратты ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, оны сұратуға құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Қарау мерзімін ұзарту отыз күннен артық болуы мүмкін емес.
46. Мемлекеттік орган жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша жеке тарифті бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
47. Мемлекеттік органның жеке тарифті бекіту туралы шешімі мемлекеттік органның бұйрығымен ресімделеді және энергия өндіруші ұйымға жіберіледі, бұйрықтың көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
48. Жеке тариф қолданыстағы инвестициялық бағдарламаны түзетуге немесе жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға байланысты өзгеруі мүмкін.
49. Жеке тарифті түзету мемлекеттік орган жеке тарифті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін және инвестициялық шартқа қосымша келісім жасасқаннан кейін жүргізіледі.
50. Жеке тарифті қолданысқа енгізу жеке тарифті бекіткен күннен бастап жүзеге асырылады.
5. Ережені бұзғаны үшін жауаптылық
51. Энергия өндіруші ұйым осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.