Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағанында «қайтадан куәлік» деген сөздер «қайтадан куәліктер немесе анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу» деген 2-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:
«
38-1 | Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру | Заңды тұлғалар | ҰБ | Аумақтық филиалдар |
»;
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірлері 70, 71, 73-жолдарда:
2-бағандағы «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 72-жолда:
2-бағанда:
«ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өтеусіз» деген сөз «өтемін төлеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын;
«Әлеуметтік қорғау» деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 87-жолда:
2-бағандағы «Мүгедектер» деген сөздің алдынан «Жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және» деген сөздермен толықтырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі»;
реттік нөмірі 92-жолдың 5-бағанындағы «департаменттері/ басқармалары» деген сөздер «басқармалары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Анықтамалар беру» деген 5-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 113-1 және 113-2-жолдармен толықтырылсын:
«
113-1 | Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру | Заңды және жеке тұлғалар | ҰБ | Орталық аппарат және аумақтық филиалдар |
113-2 | Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру | Заңды және жеке тұлғалар | ҰБ | Аумақтық филиалдар |
«;
реттік нөмірі 114-жолда:
2-бағандағы «Қосалқы» деген сөздің алдынан «Жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
5-бағандағы «облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірлері 115 және 116-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 124-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігін беру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |