Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 296 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде 26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес оларға оқ-дәрілерді кәдеге жарату өнімдерін сату бойынша қызмет көрсету шартымен заңды тұлғалар жүргізетін оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жаратуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын заңды тұлғалар немесе уәкілетті органның, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелері жүргізеді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |