Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 және 2007 жылғы
№ 79 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 808 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 37-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 38-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14-1 және 14-2-жолдармен толықтырылсын:
|
14-1 | «Қазақстан Респуб- ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2008 жылғы 3-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан |
14-2 | Қазақстан Республи- касының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2008 жылғы 3-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан |
| | | | | ». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |