2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
364-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ғарыш саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 157932 мың теңге (бір жүз елу жеті миллион тоғыз жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3, 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Ғарыш саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Азаматтардың ғарыш қызметі саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; ұлттық ғарыш бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; мемлекетаралық ғарыш бағдарламалары мен жобаларды іске асыруда қатысу; экономика, қорғаныс салалары және елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде ғарыш бағдарламалары мен жобалары іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; ғарыш саласындағы жобалардың салық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу; ғарыш қызметіне лицензиялауды жүзеге асыру; ғарыш техникасын құруда және іске қосуда қолданылатын стандарттарды, сондай-ақ азаматтық ғарыш техникасын өндіру, сынау және іске қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
2-1 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай тақырыптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) бюджетті жоспарлау; 2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
3 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметін қамтамасыз ету үшін оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету және негізгі құралдар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
4 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Телекоммуникациялық қызметтер, шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектер, техникалық құрал- дар мен лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу. Жүйелі-есептеу техникасын жүйелі-техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу. Жергілікті-есептеу желісін, бағдарламалық өнімдердің формациялық жүйесін әкімшілендіру, сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір қызметшіні ұстауға орташа шығын жылына 1249,50 мың теңгені құрайды.
Уақытылы: жасасқан шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапалығы: кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
365-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ғарыш қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 900535 мың теңге (тоғыз жүз миллион бес жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің»2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуы туралы« 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы;» Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастырудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш саласының қажеттіліктерін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, «зерттеулер-әзірлеу-өндірісті дайындау-өнеркәсіптік игеру» бірыңғай ғылыми-өндірістік циклға көшуге ықпал ететін жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру, ғылыми-техникалық және т.б. салаларда инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, өндірістің ғылымды қажетсінетін салаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау; ғылым мен жаңа отандық технологиялар жетістіктерін іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Ғарыш қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Ғарыш қызметі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1) Ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесінің ақпаратын ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуді және өңдеу технологиясын әзірлеу. 2) Термоэмиссиялық өңдегіш ректорының базасында ғарыштық ядролық энерго- қондырғыш және «Байқоңыр» ғарыш айлағында ТӨР ұшу алдында дайындау үшін техникалық позиция құруға концептуалды жоба, техникалық ұсыныс және ТЭН әзірлеу. 3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасында ғарыш техникасының жүйелі ғылым зерттеулерін жүргізу. 5) Жер маңындағы ғарыш кеңістігінің жер үсті және спутниктік мониторингі желісін ұйымдастыру. Түрлендірген прототип-аспаптар базасында ғарыш кеңістігін табиғи иондармен қанықтырып сәулелендірудің борттық өлшемдер сегментін құру. 6) Ғылыми мақсаттағы ҒА радио-геофизикалық эксперименттер дайындау. 7) Адам гендарының қызмет етуінің анықталған молекулярлы- биологиялық ерекшеліктерінің және модельды жүйелерінің негізінде ұзақ ғарыш ұшулар жағдайларында адамның денсаулығы үшін қатерді төмендету тәсілдерін әзірлеу. 8) Ғарышкерлерді психофизикалық даярлау және ұшқаннан кейін оңалту тиімділігін арттыру үшін әдістер мен аппаратура әзірлеу. 9) Мамандандырылған азық-түлік кешенін - бағытталған физиологиялық-биохимиялық қасиеттермен және ұзақ сақтау мерзімімен адаптогендерді құрастыру және эксперименталды сынау. 10) Ғарыш кеңістігі факторларының қорытпалардың, метаармидті талшықтар мен композиттердің, жұқа пленкалы, кеуек және мембраналы материалдардың, сондай-ақ конденсирленген және иондалған ортаның қасиеттеріне әсерін зерттеу жөнінде эксперименттер сериясын жүргізу. 11) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14 ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) ВКО-УФ»орбиталық ғарыш телескопындағы жоспарланған объектілерді қадағалау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру. 17) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18) Жоғары және аса жоғары шешімді ғарыш түсірімділері мен қазақстандық ЖҚЗ ҒА деректерін қабылдау үшін Астанадағы, Алматыдағы, Атырау мен Байқоңырдағы қабылдау орталықтарын жаңғырту, шетелдік және отандық ҒА-нан тікелей түсіру режімімен Қазақстан аумағының ғарыш түсірімділерін жүйелі қабылдауды қамтамасыз ету. 19) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20) Цифрлы ғарыш бейнелері мен электронды каталогтардың ұлттық мұрағатын ағымдағы жаңарту және актуализациялаудың технологиялық кешендерін жаңғырту, ақпаратты рұқсат етілмеген қолжетімдіктен сақтау мен қорғауға кепілдік беру. 21) Қазақстанның түрлі жер-климат аймақтарындағы тесттік полигондар желісін кеңейту және жүйелі стационарлы және маршрутты спутникке қарасты бақылауларды қамтамасыз ету. 22) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 23) GPS-қабылдағыштарының (GPS, ГЛОНАСС) өрістетілген синхрондалған желісі мен жер қабаты учаскелерінің шиырылған-формасы өзгерген жағдайын талдау үшін алынған ақпаратты қабылдау және өңдеу кешені. 24) Қазақстанның негізгі өңірлеріндегі өрт және су тасқыны қатерін бағалау және мониторингі үшін кешенді ГИС технологияларын құру. 25) ЖҚЗ деректерінің негізінде дәнді дақылдар аурулары мен зиянкестерін ерте анықтау, диагностикасы мен дамуын бақылау технологиялар кешенін құру. 26) Дешифрлеу каталогтарын әзірлеумен ЖҚЗ көп жылғы деректерінің қатарларын пайдалана отырып, егістік жерлердің өнімділігін бағалау технологиялары кешенін құру. 27) Жоғары шешімді ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Сырдария өзенінің сағасындағы суландыру жүйелерінің мониторингі үшін ГИС-технологиялар кешенін құру. 28) Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігінің, Арал өңірінің және Семей ядролық полигонының аумағы жағдайының ғарыш мониторингінің кіші жүйесін құру. 29) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 31) Өнеркәсіптік агломерациялар, қалаланған аумақтар, оның ішінде биік құрылысты қалалардағы жер қыртысының жоғары горизонттары учаскелерінің ширыққан жағдайының жер үсті-ғарыштық жүйесін құру. 32) Көмірсутекті шикізатты үдемелі өндіретін, ірі су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстар аумағының спутниктік инженерлік-геологиялық мониторингі жүйесін және спутник геодезия мен ЖҚЗ деректеріне негізделген осы аумақтардағы жер қыртысы учаскелерін шиырылған жағдайын кешенді талдау жөніндегі аппараттық-бағдарламалық жүйесін құру. 33) Ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі аясындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелеу. 34) РП ОЧ РН, «Днепр» РС-20 авариялық құлау аймақтарының, оларға іргелес халық орналасқан пункттердің, сондай-ақ трасса астындағы аумақтардың экологиялық, санитарлық- гигиеналық жағдайын кешенді бағалау. РКД әсері тиетін аумақтардың экологиялық және санитарлық- гигиеналық мән жайының атласын әзірлеу және шығару. 35) КРТ және ВЭЖХ әдістерімен қоршаған орта объектілерінде айналу өнімдерін физикалық-химиялық диагностикасы жүйесін құру. 36) КРТ және оларды өңдеу өнімдерімен ластанған жерлерді детоксикациялаудың тиімді экологиялық қауіпсіз әдістері мен технологияларын әзірлеу. 37) РКД экологиялық қатерін бағалауға және табиғи экожүйелер негізінде нормалауға әдістемелік тәсілдерді негіздеу, НДМГ химиялық трансформациялау өнімдерінің өсімдіктер мен хайуандарға әсерінің токсикологиялық сипаттамасын беру, экологиялық-гигиеналық нормативтер әзірлеу. 38) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 39) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 40) Техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу, ғарыш қызметі саласында техникалық реттеу мәселелері жөнінде нормативтік актілер қорын құру. Ғарыш техникасы объектілерінің сәйкестігін растау үшін схемалар құру және нормативтік- әдістемелік қамтамасыз ету. 2. Жабдық пен негізгі құралдар сатып алуға капиталды трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агентгігі төрағасының бұйрығымен бекітілген қолданбалы ғылыми бағдарламалар бойынша, тақырыптар бойынша жобалардың басым бағыттары бойынша өткізу.
Түпкі нәтиже: Астрогеофизикалық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту, ғарыш ауа-райы мониторингінің және болжаудың көп деңгейлі жүйесін, базалық инфрақұрылымды және Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің тақырыптық кіші жүйелерін, Қазақстанның және оған іргелес аумақтардың жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздік жүйесін қоса алғандағы ғарыш саласының ғылымды қажетсінетін компоненттерін құру және дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-эксперименттік базасының даму деңгейін арттыру нәтижесіңде алынатын жанама экономикалық әрі әлеуметтік әсер болуы мүмкін халыкқа және техникалық кұралдарға зиянды әсерін азайту; ғарыш ауа-райының көп деңгейлі жүйесін құруға байланысты; Қазақстанның және оған іргелес аумақтардың жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін құруға байланысты;, ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздік жүйесін енгізу нәтижесінде қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Уақтылылғы: жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: жоғарыда аталған қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу түпкі нәтижесінде Республикамыз үшін стратегиялық тұрғыдан алғандағы проблеманы шешуге - Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құруға және оның кейіннен жүмыс істеуіне және Қазақстанның озық ғарыш мемлекеттердің қатарына енуіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
366-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 16276 мың теңге (он алты миллион екі жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 819 қаулысы; «Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясына ұшу және ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын топта даярлауға арнайы дайындық.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екі ғарышкер-сынаушының Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болу және арнайы оқу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау | Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушыны Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізу үшін, стипендия, іссапар шығыстарын, тұруға, арнайы тамақтану және жеке арнайы киім мен аяқ киім сатып алуға арналған шығыстарды төлей отырып, жағдай жасау | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысының топта Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өтуі.
Соңғы нәтиже: ғарышкер-сынаушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: топтағы бір ғарышкер-сынаушы арнайы дайындығының құны 8138 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасасқан шартқа сәйкес.
Сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
367-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
« «Қазақстан Ғарыш Сапар» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5276242 мың теңге (бес миллиард екі жүз жетпіс алты миллион екі жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді
салааралық бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық, ғарыштық технологиялар мен жүйелер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін, 3 жыл әр аппаратты жасау технологиялық кезеңімен массасы 3 тоннаға дейін ҒА бір уақытта жасай алатын ҒТ АКТБ құрастыру-сынау кешенін құру; Қазақстан Республикасының жоғары нақтылы спутниктік навигациясы жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Багдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | «Қазақстан Ғарыш Сапар» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | «Қазақстан Ғарыш Сапар» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын Қазақстан Республикасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру бойынша мынадай іс-шаралар мен жұмыстар: 1) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйенің нобайлық жобасын әзірлеу; 2) ғарыш аппаратына конструкторлық құжаттама әзірлеу; жерүсті мақсатты кешеніне, жерүсті басқару кешеніне құжаттама әзірлеу; шығару құралдарын жасау жөніндегі жұмыстарды бастау; 3) жерүсті мақсатты кешенінің эксперименттік-демонстрациялық фрагментін құру; «Байқоңыр» кешенінде қазақстандық сектордың өндірістік-технологиялық негізі болып табылатын құрастыру-сынау кешенін (ҚұСК) құру бойынша: 1) жер учаскесін бөлу және ҚұСК ғимаратының құрылысына учаске бөлу жөніндегі ұйымдық және заң мәселелерін шешу; 2) инженерлік зерттеулердің әлеуетті орындаушыларын алдын ала зерттеу, инженерлік зерттеулер орындауға арналған ТТ әзірлеу және әлеуетті орындаушылармен келісу; 3) құрылыс учаскесінде инженерлік зерттеулер жүргізу; 4) сынау учаскелерінің, құрамын, тізбесі мен жоспарлаудың соңғы нұсқасын, технологиялық жабдықты және ҚұСК құру кезеңдерін әзірлеу; 5) ҚұСК құрылысына техникалық тапсырманың және сипаттаманың соңғы нұсқасына тәуелсіз талдау жүргізу және сараптама ескертулері бойынша түзету; 6) ҒТ АКТБ ҚұСК ғимаратының соңғы нұсқасы бойынша ЖСҚ-ға ТТ әзірлеу; 7) құрастыру-сынау жабдығының әлеуетті өндірушілері мен жеткізушілерін алдын ала зерттеу, олармен байланыс жасау әрі қажетті жабдықтың параметрін, шарттары мен жеткізу мерзімін нақтылау; 8) жеткізушілермен нақтыланған және әріптестермен келісілген жабдыққа арналған техникалық сипаттама дайындау, бағдарламалық қамтамасыз ету және ҚұСК құрудың техникалық жобасын әзірлеу үшін ғимарат. Жоғары нақтылы спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын құру жөнінде: 1) спутниктік геодезиялық желі құру және бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін белгілеу үшін Қазақстан Республикасының жоғары нақтылы спутниктік навигациясы жер үсті инфрақұрылымының жүйесін құру жөнінде жүйелі жоба әзірлеу; 2) ҒҒЖ функционалдық қосымшаларының ұлттық операторын ұйымдастыру үшін құжаттар пакетін әзірлеу; 3) навигациялық қызметтердің нормативтік-құқықтық базасының жағдайын талдау және Қазақстан Республикасында навигациялық-ақпараттық жүйелерді қолдану үшін құжаттар пакетін қалыптастыру; 4) Қазақстан Республикасында жоғары нақтылы спутниктік навигация жүйесінің нобайлық жобасын әзірлеу; 5) тұтынушының навигациялық аппаратурасының, ғаламдық навигациялық жүйелері функционалдық қосымшаларының навигациялық жабдығының бірегейленген қатарының өндірісін ұйымдастырудың мақсатқа лайықтығы туралы және жүргізуге әрі тематикалық навигациялық жабдықтың тәжірибелік өндірісін құру. | қантар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |