3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының тұрғын үй жағдайларын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Заңнамамен айқындалған азаматтардың санаты үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Қолданыстағы заңнамамен белгіленген азаматтардың санаттары үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және салуға берілетін нысаналы даму трансферттер аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының тұрғын үй жағдайларын жақсарту 2008 жылы 160,0 мың шаршы метрді құрайды.
Түпкілікті нәтиже: халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру және жаңа қазақстандық сметалық нормативтер жүйесі арқылы қаржылық шығындардың жұмсалуын оңтайландыру.
Уақыттылығы: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде заңнамамен айқындалған азаматтардың санаты үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді пайдалануға беру күтіліп отыр.
Сапасы: тұрғын үй қорының жайлылығын жақсарту.
333-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
334-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақпараттық технологиялар паркінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16393 мың теңге (он алты миллион үш жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің» Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы
экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: »АТП» АЭА басқару жөніндегі орталық атқарушы органның шешімдерін іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру және функционалдық тиімділігі жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: »АТП» АЭА аумағындағы мемлекеттік және басқа да органдардың өзара іс-қимыл және үйлестіруін қамтамасыз ету, «АТП» АЭА аумағында құқықтық қызметін жүзеге асыруда рұқсаттама құжаттарды табыс етуді ұйымдастыру, «АТП» АЭА қатысушылар қызметін регламенттеу, «АТП» АЭА қатысушылар есебі және есептілігі жұмыс жүйесін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Ақпараттық технологиялар паркінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1. «АТП» АЭА Дирекциясы материалдық-техникалық негізін нығайту және ұстау. 2. «АТП» АЭА перспективалық, жылдық жоспарларды және бағдарламаны дамытуда, сонымен қатар сараптама жұмыс кеңесіне әзірлеуге қатысу. 3. «АТП» АЭА дамыту және жұмыс істеу мәселелері жөнінде Атқарушы органдарға ұсыныстарды әзірлеу және енгізу. 4. «АТП» АЭАқатысушыларды тіркеу, АТП аумағына өткізу режимін жүзеге асыру және ұйымдастыру; «АТП» АЭА аумағында уақытша жер пайдалану құқығымен қызметін жүзеге асырушы ұйымдармен жалға беру келісімін қорытындылау. 5. «АТП» АЭА қатысушылар жобасын орындау мониторингі және олардың «АТП» АЭА мақсаттарымен сәйкестігі. 6. Қызмет түрлерінің кірістерін салық заңнамаларына сәйкес тәртіппен және мемлекет алдында салық міндеттемесін орындауын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін, атқарушы органдармен келісілген Индустрия және сауда министрлігі бекіткен нысанымен алынған кірістерге жатқызуды растау. 7. Атқарушы органға «АТП» АЭА жұмыс істеу туралы есеп беру. 8. «Бір терезе» қағидасы бойынша құжаттарды қабылдау беру бойынша жұмыстарды жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, «Ақпарат- тық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2008 ж. жоспары бойынша «АТП» АЭА аумағында тіркелген және жұмыс істейтін фирмалар саны 25 шақты деп күтілуде;
2008 ж. жоспары бойынша «АТП» АЭА аумағында уақытша жер пайдалану құқығымен қызметін жүзеге асырушы ұйымдармен жалға беру келісімдер қорытындысы саны 3-4 деп күтілуде;
сараптама кеңесімен зерттелген «АТП» АЭА қатысушылар жобасы 20-25 деп жоспарлануда.
Түпкі нәтиже:
«АТП» АЭА дирекциясы қызметінің тиімді шешімі бойынша:
«АТП» АЭА аумағында инвестицияны инновациялық жобаға 100 млн. теңге көлемінде тарту,
Ақпараттық технологиялық өнімдер бағдарламаларының жаңа түрлерін өндірісте жүзеге асыру жоба саны 10 астам болып қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
«АТП» АЭА дирекциясын ұстауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінген 1 000 теңгеге инвестиция 5 000 теңгеден астам көлемде тартылады.
Уақыттылығы: 2004-2008 жылдарға арналған «АТП» АЭА қалыптастыру және дамыту бағдарламасын орындау.
Сапасы: «АТП» АЭА қалыптастыру тиімділігі жөнінде іс-шараларды ұйымдастырудағы кемшіліктерді, сонымен қатар орталық атқарушы орган шешімдерін жүзеге асыру жөнінде тиімді жұмыс істеуді шешуші «АТП» АЭА қатысушылар жағынан шағым өтініштерінің болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
335-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық
шаруашылықтарды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген
028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10458261 мың теңге (он миллиард төрт жүз елу сегіз миллион екі жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы; «2010 жылға дейін Астана қаласы жолдарының және инженерлік инфрақұрылымын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халқына өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін коммуналдық шаруашылықтың инженерлік инфрақұрылымын кеңейту және жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Бюджеттік инвестициялық жобалары аясында іс-шараларды іске асыруға арналған заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес сома шегінде Астана қаласы бюджетін дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. 1) Астана қаласында нөсерлік кәріздеу желісін дамыту (2005 ж. 20 мамырдағы № 2-283/05 (1-кезек), 2005 ж. 21 желтоқсандағы № 2-893/05 (2-кезек), 2006 ж. 30 қазандағы № 23-246/06 және 2006 ж. 15 қарашадағы № 23-255/06 (3-кезек); «Мемсараптама» РМК қорытындылары). 2) Астана қаласындағы бірінші кезектегі объектілерге инженерлік желілер және абаттандыру; 3) Астана қаласында жаңа Университеттің инженерлік коммуникацияларын салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы түзету; 4) Астана қаласының № 1, № 2 шағын аудандарындағы инженерлік желілер және жолдары құрылысы (оңтүстік № 19 көше) (2006 ж. 22 желтоқсандағы № 2-703/06, 2006 ж. 30 қарашадағы № 2-634/06, 2006 ж. 30 қарашадағы № 2-634/06, 2005 ж. 22 сәуірдегі № 2-236/05 «Мемсараптама» РМК қорытындылары); 5) Астана қаласы рекультивациялау- мен Талдыкөл қарқынды су жинақтаушысын жою; 6) КНС-43 тен КОС-ға дейін қалыптасқанды қайта көру және «Слободка» ауданынан Ф2000 мм (қорғалжын трассасына) тұратын кесіндіге дейін канализациялық коллектор құрылысы; 7) Астана қаласындағы А, Б, Слободка жоспарланған аудандардың, Кенесары - Есіл ө. - Күмісбекова - Сарыарқа көшелері; Жангельдин - Кенесары - Күмісбекова - Сарыарқа көшелері (2006 ж. 18 маусымдағы № 2-458/06 «Мемсараптама» РМК корытындылары); 8) № 19 жоспарланған ауданның инженерлік желілер (жылумен жабдықтау) (2005 ж. 21 маусымдағы № 2-361 «Мемсараптама» РМК қорытындылары) 9) Астана қаласында жаңа өнеркәсіп аймағының (Индустриялық парк) инфрақұрылымын салу (жоба бойынша (1-кезек) «Мемсараптама» РМК-ның 6.10.2006ж. № 2-535/06 қорытындысы, жоба бойынша (2-кезек) «Мемсараптама» РМК-ның 29.10.07ж.№ 2-598/07 қорытындысы) | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі. |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мына жобалар бойынша орындалған жұмыстар көлемі: Нөсерлік кәріздеу жүйесін дамыту»;
«Астана қаласындағы бірінші кезектегі объектілерге инженерлік желілер және қабаттандыру»;
Астана қаласында жаңа Университеттің инженерлік коммуникацияларын салу жөнінде Мемсараптамадан өткен түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасы
«Астана қаласының № 1, № 2 шағын аудандарындағы инженерлік желілер және жолдары құрылысы»;
«Астана қаласындағы рекультивациялаумен Талдыкөл қарқынды су жинақтаушысын жою»;
«Астана қаласындағы КНС-43 тен КОС-ға дейін қалыптасқанды қайта құру және «Слободка» ауданынан Ф2000 мм (Қорғалжын трассасына) тұратын кесіндіге дейін канализациялық коллектор құрылысы»;
«Астана қаласындағы А, Б, Слободка жоспарланған аудандардың, Кенесары - Есіл ө. - Күмісбекова - Сарыарқа көшелері; Жангелдин - Кенесары - Күмісбекова - Сарыарқа көшелері инженерлік желілер және жолдары құрылысы» «Астана қаласындағы № 19 жоспарланған ауданның инженерлік желілер (жылумен жабдықтау)» қаласында жаңа өнеркәсіп аймағының (Индустриялық парк) инфрақұрылымын салу;
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының, қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін коммуналдық шаруашылық объектілерін қолданысқа енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы халқының қолайлы өмір сүруі үшін қолайлы орта құру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы республика үшін экономикалық әсерге қол жеткізіледі.
Уақыттылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға (ЖСҚ № және бекітілген немесе мемлекеттік сараптама жасалған күні көрсетіліп) сәйкес іс-шаралар, трансферттерді игеру аясында күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларда бейнелеп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
336-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен
елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» деген
029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6275906 мың теңге (алты миллиард екі жүз жетпіс бес миллион тоғыз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының тұруы үшін қолайлы орта жасау үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы халқының тұруы үшін қолайлы орта жасау үшін инфрақұрылымды дамытуға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму транс- ферттері | Мынадай инвестициялық жобалардың шеңберінде іс-шараларды іске асыруға бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес сома шегінде Астана қаласын көркейтуді дамытуға Астана қаласының бюджетіне нысаналы трансферттерді аудару: 1) 1-7 учаскелердің 5 кезегі және МС бекіткен ЖСҚ-ның су реттеу плотинасы бойынша Астана қаласындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу: 1 учаске - 28.02.2005 ж. № 2105/05, 2 учаске - 28.02.2005 ж. № 2102/05, 3 учаске - 28.02.2005 ж. № 2101/05, 4 учаске - 03.11.2006 ж. № 2-590/06, 5 учаске 03.11.2006 ж. № 2-591/06, 6 учаске 22.12.2006 ж. № 2-705/06, 7 учаске 22.12.2006 ж. № 2-706/060, 16.03.2005 ж. № 2-130/05 су реттейтін плотина, 26.06.2006 ж. № 2-314/06 сараптама қорытындысының 2 учаскесінің 7 кезегі, 28.02.2005 ж. ТЭО № 2-103/05-ті 1-9 кезектері бойынша. 2) Есіл өзені бойынша кеме жүргізуді ұйымдастыру (Сарыарқа көшесінен Президент резиденциясына дейін) 12.12.06 жылғы № 2-663/06 ТЭН бойынша МС қорытындысы, 06.07.07 жылғы № 2 393/07 ЖС 1 кезегі бойынша МС қорытындысы. 3) Астана қаласындағы Президенттік парк (ҚР ИСМ ҚІК 04.05.2006 жылғы. № 171-ПИР бұйрығы және 2006 жылғы 06 сәуірдегі «Мемлекеттікса- раптама» РМК-ның» № 2-161/06 қорытындысы (1 кезек); 4) Б.Момышұлы даңғылы бойынша парк салу (2005 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттіксарап- тама» РМК-ның № 2-934/05 қорытындысы); 5) Есіл өзенінің бойында парк салу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Есіл өзенінің бойындағы Есіл паркі өзенінің арнасын қайта жөндеу, Есіл өзені бойынша кеме жүргізуді ұйымдастыру (Сарыарқа көшесінен Президент резиденциясына дейін), Президент паркін салу, Есіл өзенінің бойында парк салу, Б.Момышұлы даңғылы бойынша парк салу жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемдері.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы тұрғындарының қолайлы тұруы мен демалуы үшін объектілерді пайдалануға беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік Қазақстан Республикасы тұрғындарының демалуы мен тұруы үшін қолайлы орта жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
337-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақпараттық жүйені дамыту»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 56700 мың теңге (елу алты миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 Қаулысының 3.2. тармағы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-бабы, «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңы, Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндірісімен байланысты шикізаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы, Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндіруге байланысты шикізатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулерді экспорттық бақылауды автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы, «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстарды, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы, Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді рәсімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қырып-жою қаруын жасау және басқа да қару және құралдар түрлерін жеткізуде пайдаланылатын немесе пайдалануға болатын, экспорттық, және импорттық жабдықтарды және әскери техниканы, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, тауар және қосарланған технологияларды қолдану, шикізаттың жеке түрлері, материалдар, жабдықтар, техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді экспорттық бақылауды жүзеге асыру және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді қадағалау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экспорттық бақылау саласында біріккен республикалық бақылау-ақпараттық жүйесін құру, Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің функционалдығын және тиімділігін жоғарлату (бұдан әрі - ЭБАЖ).
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Акпараттық жүйені дамыту | | | |
2 | | 100 | Экспорттық бақылаудың | ЭБАЖ модернизациясы. 1.1. Қабылданған шешімдер шеңберінде жұмысқа қабілетті модульдеу және жаңа функционалды кіші жүйені әзірлеу 1.1.1. «Лицензия орындауын бақылау» кіші жүйе. 1.1.2. «өткізу» кіші жүйесі 1.1.3. Келісетін министрліктермен және ведомстволармен мәліметтер алмасу» кіші жүйесі 1.2. ЭБАЖ енгізу 1.2.1. Іске қосуды реттеу жұмысының жоспар-кестесіне келісу және әзірлеу. 1.2.2. Қызметкерлерді оқыту. 1.2.3. Функционалды жұмыс режиміне ЭБАЖ ауыстыру және тәжірибеде пайдалану. 2. ЭБАЖ жөнелту. 2.1. Функционалдық қамтамасыз ету. 2.2. Ақпараттық қамтамасыз ету (НСИ). Жүйелі-техникалық қамтамасыз ету. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техниканы дамыту комитеті. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1. Қабылданған шешімдер шеңберінде жұмысқа қабілетті модульдеу және жаңа функционалды кіші жүйені әзірлеу;
2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін жөнелту және енгізу.
Түпкі нәтиже: экспорттық бақылау саласында біріккен республикалық бақылау-ақпараттық жүйесін құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттің бақылау функцияларын іске асыруда еңбек және материалды құралдарды үнемдеу және экспорттық бақылауды жүзеге асыру тиімділігін жоғарлату.
Уақыттылығы: Жобаны мерзімге уақытылы орындау.
Сапасы: Қанағаттанарлық.
338-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 338-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
338-1-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Әкімшілік бюджеттік бағдарламалар
2008 жылға арналған
«Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға Қарағанды облысының
облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 661200 мың теңге (алты жүз алпыс бір миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласының халқы үшін өмір сүрушілік жағдайын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Приозерск қаласын жылумен қамту жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жөндеу-қалпына келтіру орындау;
- мазут, техникалық тұз, катионит сатып алу, электр энергиясын сатып алу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер, № 1 қазандықты ағымдағы жөндеу;
- коммуналдық меншікте тұрған жылу желілерінің жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру бойынша іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Приозерск каласының инфрақұ- рылымын қолдауға Қарағанды облысының облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансфер- ттер | - Приозерск қала- сының қазандығын ұстау және 2008- 2009 жылдардағы жылу беру маусымы- на дайындау, оның ішінде 1 қазандық- ты жөндеу, № 1 қазандықты ұстау; - инженерлік (отындық) желі- лерді күрделі жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Приозерск қаласының қазандығын 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау, оның ішінде № 1 қазандықты жөндеу, коммуналдық меншікте тұрған жылу желілерінің жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.