7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің, жоғары шешімді спутниктің, орта шешімді спутниктің, жерүсті басқару кешенінің, жерүсті мақсатты кешенінің жұмыс құжаттамасын әзірлеу; жер телімін бөлу жөніндегі ұйымдық және заң мәселелерін шешу және ҚұСК ғимаратын салуға жер бөлу, инженерлік зерттеулердің әлеуетті орындаушыларын алдын ала зерделеу, инженерлік зерттеулер орындауға арналған ТТ әзірлеу және олармен келісу әрі құрылыс учаскесінде инженерлік зерттеулер жүргізу, сынау учаскелерінің, құрамын, тізбесі мен жоспарлаудың нұсқасын, технологиялық жабдықты және ҚұСК құру кезеңдерін әзірлеу; ҚұСК соңғы нұсқасына тәуелсіз талдау жүргізу және сараптама ескертулері бойынша түзету, ҒТ АКТБ ҚұСК ғимаратының соңғы нұсқасы бойынша ЖСҚ-ға ТТ әзірлеу, құрастыру-сынау жабдығының әлеуетті өндірушілері мен жеткізушілерін алдын ала зерттеу, олармен байланыс жасау әрі қажетті жабдықтың параметрін, шарттары мен жеткізу мерзімін нақтылау, жеткізушілермен нақтыланған және әріптестермен келісілген жабдыққа арналған техникалық сипаттама дайындау, бағдарламалық қамтамасыз ету және ҚұСК құрудың техникалық жобасын әзірлеу үшін ғимарат; Қазақстан Республикасының жоғары нақтылы спутниктік навигациясы жер үсті инфрақұрылымының жүйесін құру, спутниктік геодезиялық желі құру және бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін белгілеу жөнінде жүйелі жоба әзірлеу.
Соңғы нәтиже: ғарыш техникасын дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу жөнінде жүйелік зерттеулер және оны құру жөнінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін инфрақұрылымды дамыту, картография, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, төтенше жағдайлар зардаптарының мониторингі, алдын алу және жою, өнеркәсіп пен инфрақұрылым нысандарын салу мен іске қосу, қозғалмайтын мүлікке бақылау (есепке алу және салық салу үшін), жер мен орман пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауылшаруашылығын жоспарлау, есепке алу мен бақылау, экологиялық мониторинг саласында Жер бетіндегі объектілер мен процестер туралы шұғыл ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығы мен тиімділігін арттыру; Қазақстанда ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру және сынау жөніндегі жұмыстың толық циклын жүзеге асыра алатын өз жоғары технологиялық кәсіпорыны құрылады, бұл елде өз ғарыш аппараттарын жасауға тапсырыстар орналастыруға және болашақта спутниктер өндірушілердің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді; спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымы шағын жүйелерінің барлық күрделі әрекет ету спектрын есепке алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қосымша үстеме шығындар мен ғарыш түсірілімдерінің құнын 10-20% пайызға төмендету, спутниктер пайдалана бастағаннан шығынның орны өтелу мерзімі - 4,2 жыл, Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын экономиканың түрлі салаларына енгізудің жоғарғы экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және диверсификациялау, ғарыш аппараттарының құнын төмендету, ғарыш технологияларын экономиканың түрлі салаларына енгізуден экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және диверсификациялау, Қазақстан Республикасы ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру; спутниктік геодезиялық желі құру және Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін белгілеу, бұл пайдалану шығыстары мен көлік қызметтері тарифтерінің төмендеуіне әкеледі, Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық геодезиялық, топографиялық, кадастрлық операторларға жоғары нақтылы координаттық ақпаратты қамтамасыз ету, бұл экономиканың әсіресе кен металлургиялық және ауылшаруашылық секторларына оң әсерін тигізеді.
Уақыттылығы: Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін, жоғары нақтылы спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру жөнінде жасасқан шарттар мен жұмыс кестесіне сәйкес; жабдық пен сынау учаскелері құрылымының, функционалдық моделінің, құрамының дайындалған теориялық негіздемесіне сәйкес ҒТ АКТБ ҚұСК құрылысына ЖСҚ-на ТТ әзірлеу жөніндегі жобаны орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Сапасы: түсірілімдердің келесі түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1м. және 6,7 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы панхроматикалық, 4 м. және 28 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы көп аумақты, 30 м. шешімдегі орташа және алыс ИК диапазондағы инфрақызыл, 30 м. шешімдегі гиперспектралды; 24-тен 3-5 тәулікке дейін жоғары шешімді суреттер алу шұғылдығы артады, техникалық жоба әзірлеу, ғимарат салу, халықаралық стандарттар талаптарына сай озық құрастыру-сынау жабдығымен жабдықтау; навигациялық-уақыттық қамтамасыз етудің озық технологияларын енгізу есебінен әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешудің тиімділігі: навигациялық-уақыттық қамтамасыз ету технологияларына көшу процестерін жылдамдату үшін халықаралық ынтымақтастық пен кооперация мүмкіндіктерін кеңейту, автомобиль жолдары және темір жолдары құрылысы мен күрделі жөндеу кезіндегі топографиялық-геодезиялық жұмыстар орындау үшін қаржы шығындары мен уақыт кезеңін қысқарту; жаңартылған, экономика қажеттіліктеріне жауап беретін және дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін спутниктік геодезиялық желі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры мен жылжымайтын объектілер кадастрының координаттық негізін, сондай-ақ Бірыңғай мемлекеттік жер ресурстарының тізілімінің тиімді қызметі үшін негіз құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
368-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1034 мың теңге (бір миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: банк-агенттің бюджеттік несиелеу қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Банк-агентке бюджеттік несиелеуге қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу | «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешенін құру» республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк- агентке комиссиялық сыйақы төлеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құру» республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк-агентке комиссиялық сыйақы төлеу.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құрумен байланысты іс-шаралардың орындалуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын арттыру.
Уақытылығы: Банк-агент алдындағы міндеттерінің уақытылы орындалуы.
Сапасы: несиелік шарт жағдайына сәйкес есептілікті және ақпаратты дұрыс, уақытында беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
369-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12753 мың теңге (он екі миллион жеті жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; «Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға
алған «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 850,2 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
370-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарымен басқаруды
қамтамасыз ету»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 981620 мың теңге (тоғыз жүз сексен бір миллион алты жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 40-тарауы (ерекше бөлік); Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 648 «Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы» Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Халықаралық Электр байланыс Одағына мүше басқа елдермен қазақстандық спутниктің орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізу; байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыру, ғарыштық инфрақұрылымды жерден басқару кешенінің қызметін қамтамасыз ету, телекоммуникациялық спутникті жасау бойынша жұмыстарды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарымен басқаруды қамтамасыз ету | Қазақстандық спутниктің орбиталық позицияларын үйлестіруді жүзеге асыру, байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыру, ғарыштық қызмет нәтижесінде залал келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру үшін «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамына түрлі басқа ағымдағы трансферттерді аудару ғарыштық аппараттардағы (Ғ.А.) пайдалануды, оның ішінде байланыс арналарын жалға беруді штатты қолдауды қамтамасыз ету | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) талдау, жиілікті-орбиталық жоспарларды негіздеу және таңдау, KAZSAT жүйесіне жиіліктер беруді халықаралық үйлестіру; Тапсырыс берушінің Байланыс әкімшісіне және тікелей Тапсырыс берушіге беру үшін жиіліктердің жоспарлы және жоспарланбаған жолақтарына халықаралық өтінімдік құжаттар жобаларын талдау, ресімдеу және әзірлеу, KAZSAT жүйесіне жиіліктер беруді халықаралық үйлестіруді жүргізу; Зерттеу комиссияларында жиіліктердің тиісті жолақтарын реттеу мәселелерін қарау кезінде ұсыныстарды негіздеу және жасау; үйлестіруді ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету; жиіліктерді беру жүйесін халықаралық үйлестіру және тіркеу бойынша есептерді жүйелі негізде әзірлеу және ұсыну; арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау (түрлеу);
2) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін, жердегі ғарыштық инфрақұрылымды сақтандыру, ғарыштық қызмет нәтижесінде залал келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
3) ҒА пайдалануды штатты қолдауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Соңғы нәтиже: байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: мемлекеттік сатып алу үдерістерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізу.
Уақыттылығы: қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншікті орбиталық позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сақтандыру оқиғасы туындағанда қорғауды қамтамасыз ету, ҒА штатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
371-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
« «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2099562 мың теңге (екі миллиард тоқсан тоғыз миллион бес жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған ғарыштық қызметті дамыту туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Байланыс және телехабар тарату инфрақұрылымын жеделдете дамыту, жетуі қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс және телехабар таратудың халықаралық спутникті байланыс жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жердегі байланыс инфрақұрылымымен келісімде болу, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «KazSat-2» ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | «KazSat-2» ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру бойынша жұмыстарды жалғастыру және барысын бақылау үшін «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ жарғылық капиталын көбейту | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «KazSat-2» ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылатын болады.
Соңғы нәтиже: соңғы пайдаланушыларға қажетті байланыс қызметтерінің көлемін беру мақсатында спутниктік байланыс операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: байланыс және хабар тарату спутнигін пайдаланудың барлық мерзімінде бюджет тиімділігі 125% құрайды, экономикалық нәтижелер 129% құрайды.
Уақыттылығы: ел операторларының спутниктік ресурсқа қажеттілік % - 30%, біртіндеп өсуімен 90% дейін.
Сапасы: деректерді беру қызметтерінің тарифтерін арзандату % - 5-10 %, бүкілдүниежүзілік Интернет желісіне қол жетімділік сапасын жақсарту, байланыстың жаңа түрлерін дамыту, телекоммуникациялық қызметтерді кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
372-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арнаған
«Ресей Федерацияның жалдауынан шығарылған объектілерді кәдеге жарату және қайта құнарландыру, сонымен қатар «Байқоңыр» кешеніндегі рұқсат етілмеген үгінділерді жою»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 160000 мың теңге (бір жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы» туралы 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығының 3.5 бөлімі ««Инфракос» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Байқоңыр» кешені объектілерін қайта өңдеу арқылы табиғи ортаны қалпына келтіру, «Байқоңыр» кешеніне келетін алыс және жақын шетел делегациялары алдында Қазақстан Республикасы мәртебесін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Байқоңыр» кешеніндегі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, қайта өңдеп қалпына келтіру, қалдықтарды пайдалану, жинау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ресей Федерацияның жалдауынан шығарылған объектілерді кәдеге жарату және қайта құнарландыру, сонымен қатар «Байқоңыр» кешеніндегі рұқсат етілмеген үгінділерді жою | «Байқоңыр» кешеніндегі № 37, 37А, 37Б, 38, 113, 110 Ж, 110 РП, 250 РП, алаң- дарындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, қалдықтарды пайдалану, көму, құрылыс қалдықтарын жинау, қайта өңдеп қалпына келтірудің жобасын жүзеге асыру: - шұңқырларды қазу; - қалдықтарды автокөлікпен тасымалдау; - тегістеу қайта өңдеп қалпына келтіру; - шұңқырларды көму. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Инфракос» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Төте нәтижесі:
- «Байқоңыр» кешенінің (жалпы көлемі 256,0 Га жері) № 37, 37 А, 37 Б, 38, 113, 110 Ж, 110 РП, 250 РД алаңдарында табиғи ортаны қалпына келтіру.
Соңғы нәтижесі:
- «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Федерациясы жалдан шығарған объектілердің жерін қайта өңдеп қалпына келтіру, алаңдарды рұқсат етілмеген қатты қалдықтардан тазарту үшін, табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу.
Экономикалық-қаржылық қорытынды: Жобаны жүзеге асырудың тиімділігін талдаудың қорытындысына сәйкес.
Өз уақытында: Келісім-шарттар және жұмыс өндірісінің графигіне сәйкес.
Сапасы: Қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелері талабына сәйкес.