4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағдарламаның мақсаты құжаттама АЭС жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған бастапқы алғашқы деректер болып табылатын және АЭС құрылысы мәселесі бойынша Үкімет қаулысын қабылдауға негіз болатын 2030 жылға дейінгі жуық келешекте атом электр станцияларын жобалау және салуды бастаудың мақсатқа лайықтылығы мен дұрыстығы туралы ғылыми-негізделген материалдардан тұратын құжаттар топтамасын даярлау болып табылады.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қолда бар материалдарды талдау және Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында атом станцияларын салуға неғұрлым жарамды пункттер анықтау, АЭС құрылысына арналған алаңшалар таңдаудың техникалық регламентін әзірлеу;
Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарындағы атом энергия көздерінің болжамалы пайдалануға енгізілу мерзімдерін тұрпатын, станциясының қуатын, блоктарының бірлік қуаттарын (бабына келтіру шектерін) көрсете отырып анықтау;
ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, сонымен қатар электр энергиясы өндірісінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін АЭС келешекті жобаларын талдау;
АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін бағалау;
Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында АЭС салуды негіздеу бойынша экономикалық зерттеулер жүргізу, соның ішінде АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық салдарын, жорамалданып отырған қаржылық салымдар мен қаржыландыруды ұйымдастырудың сызбаларын қоса, АЭС салудың техника-экономикалық көрсеткіштері мен сметалық құнын бағалау;
Қазақстанның өнеркәсіптік қуаттарын атом энергетикалық қондырғыларының құрамдауыш бөлшектерін ядролық отын мен радиоактивті қалдықтармен айналысуды қоса, ұйымдастыру, оларды күту, жөндеу тұрғысынан атом энергетикасының мұқтаждықтары үшін пайдалану мүмкіндіктерін талдау және қайта құрылмалау, жаңғыртудың қажетті көлемдері мен жаңа өндірістік қуаттарды енгізу бойынша ұсыныстар мен кеңестер әзірлеу.
ҚР әрекеттегі заңдары мен ережелерінің талдауларын, Қазақстанда АЭС құрылысына тендер жүргізу тәртіптері мен ережелерін анықтаушы және осы салада халықаралық тәжірибе мен Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (ХААТЭА) талаптарын ескеретін қазіргі заманға сай нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттар мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу;
Қазақстанда АЭС жобалауға және құрылысына конкурстық құжаттарының толық жинағына жүргізілген талдаулық зерттеулерінің негізінде қалыптастыру мен жобаларына техникалық талаптарды әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 049 | | Атом энер- гетикасын дамыту жө- ніндегі дайындық жұмысы | 1. Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендер өткізудің ереже- сі мен тәртібін анықтайтын нор- мативтік-құқықтық және техни- калық құжаттарды әзірлеу: 1) Қазақстандық АЭС реакторлық бөлігінің жалпы талаптарын анық- тайтын Қазақстан АЭС жобасына техникалық та- лаптардың 2-томын әзірлеу. 2) Қазақстандық АЭС электрлік генерлеуші бөлі- гінің жалпы талаптарын анықтайтын Қазақстан АЭС жобасына техникалық талаптардың 3-томын әзірлеу. 3) Қазақстан Республикасында атом электрос- танциясын жобалау мен құрылы- сына тендер жүргізу бойынша конкурстік құжаттардың толық жинағын әзірлеу. 2. Қазақстан Республикасында атом станциясын салу негіздемесінде техникаэкономикалық зерттеулер жүргізу: 1) Қолда бар материалдарды талдау және атом станцияларын салуға неғұрлым жарамды пункттер анықтау, АЭС құрылысына арналған алаңшалар таңдаудың техникалық регламентін әзірлеу. 2) Қазақстан Республикасында атом энергия көздерінің бол- жамалы пайдала- нуға енгізілу мерзімдерін тұр- патын, станциясының қуатын, блоктарының бірлік қуаттарын (бабына келтіру шектерін), сейсмикалылықтың, су ресурстарының болуын көрсете отырып анықтау; 3) ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, сонымен қатар электр энергиясын өндірудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін АЭС келешекті жобаларын тал- дау. 4) АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін бағалау. 3. Маңғыстау облысында ВБЭР 300 реакторлық қондырғысы бар атом станциясы- ның техникалық- экономикалық негіздемесін жә- не негізгі жаб- дықтарының тех- никалық жобала- рын әзірлеу: 1) "Маңғыстау облысында ВБЭР- 300 РҚ-бар атом станциясын са- лу" инвестиция- лық жобасының техникалық-эко- номикалық негіз- демесін әзірлеу; 2) Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеу- ді бастау; 3) Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеу- ді бастау; 4) Технология- лық процестерді басқарудың авто- маттандырылған жүйесінің техни- калық жобасын әзірлеуді бас- тау (ТП БАЖ). 3. Маңғыстау облысында ВБЭР-300 реакторлық қондырғысы бар атом станциясының техникалық-экономикалық негіздемесін және негізгі жабдықтарының техникалық жобаларын әзірлеу: 1) «Маңғыстау облысында ВБЭР-300 РҚ-бар атом станциясын салу» инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу; 2) Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеуді бастау; 3) Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеуді бастау; 4) Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық жобасын әзірлеуді бастау (ТП БАЖ). | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
Қазақстандық АЭС жобасына техникалық талаптарының 2-томында мазмұндалған Қазақстан АЭС жобасының реакторлық бөлігіне талаптар анықтауды;
Қазақстандық АЭС жобасына техникалық талаптардың 3-томында мазмұндалған Қазақстан АЭС электрлік генерлеуші бөлігіне талаптар анықтауды;
Қазақстан Республикасында атом электростанциясын жобалау мен құрылысына тендер жүргізу бойынша конкурстік құжаттардың толық жинағын әзірлеуді орындау керек.
Қазақстанда атом станцияларын салуға неғұрлым жарамды пункттер анықталуы;
ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, сонымен қатар электр энергиясын өндірудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін АЭС келешекті жобаларының анықталуы;
АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін бағалаудың өткізілуі.
Ақтау қаласында АЭС салудың техника-экономикалық зерттеуі жүргізілді.
Ақтау қаласында АЭС салудың техника-экономикалық зерттеуі жүргізілді.
Соңғы нәтиже:
АЭС жобасының техника-экономикалық негіздемесін кейіннен әзірлеуге арналған АЭС салу және бастапқы алғашқы деректер мәселесі бойынша Үкімет қаулысын қабылдауға негіз болатын Қазақстанда атом электр станцияларын жобалау және салуды бастаудың мақсатқа лайықтылығы мен дұрыстығы туралы ғылыми-негізделген материалдардан тұратын құжаттар топтамасы.
Қазақстан Республикасы аумағында атом станцияларын құру үшін конкурс негізінде неғұрлым перспективті АЭС жобасын анықтау үшін нормативтік-құқылы және техникалық құжаттар дайындалды.
Маңғыстау облысында ВБЭР-300 РҚ-бар атом станциясын салу" инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық жобасын әзірлеудің басы (ТП БАЖ). Маңғыстау облысында ВБЭР-300 РҚ-бар атом станциясын салу» инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеудің басы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық жобасын әзірлеудің басы (ТП БАЖ).
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: елдің АЭС неғұрлым тиімді жобаларына бағытталған атом-энергетикалық саласын дамыту.
Уақытылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапасы: атом энергиясы саласындағы қолданылып жүрген нормативтік-техникалық талаптардың сақталуымен.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 314-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-1-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
053 «Атырау облысында бірінші интеграцияланған мұнай-химия
кешенін салуға «Қазына» орнықты даму қоры АҚ-на кредиттік
ресурстарды беру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10000000 мың теңге (он миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі әрі қарай қолдану іс-шаралары туралы» 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 Жарлығы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы; «2008-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін қалыптастыру және алғашқы қазақстандық мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қосылған құн тізбегі бойынша әлемдік жетістіктерге сәйкес тауарлық мұнай-химия өнімін шығарып, көмірсутек шикізатты терең тазалау және кешенді өңдеу бойынша инновациялық технологияларды және жұмыс істейтін өндірістерді құрумен, Қазақстанның мұнай-химия саласының жедел дамуы, мұнай-химия өнімдерінің өндірісі мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне бірігуі, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық өнімді құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- алғашқы біріккен мұнай-химия кешені үшін инфрақұрылымды құру;
- жетекші әлемдік инвесторлардың қатысуымен мұнай-химия кәсіпорындары үшін шикізат қорларының отандық базасын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Рет- тік № | Бағ- дарла- маның коды | Кіші бағдар- ламаның коды | Бағдарла- маның (кіші бағ- дарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарла- маның) іске асыру жөніндегі іс-ша- ралары | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | Атырау облысында бірінші интегра- цияланған мұнай-хи- мия кеше- нін салуға «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-на кредиттік ресурстар- ды беру | Атырау облысында бірінші интегра- цияланған мұнай- химия кешенін салуға «Қазына» тұрақты дамыту қоры» АҚ арқылы «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ды несиелеу | Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Энерге- тика және минера- лдық ресурс- тар минист- рлігі, «Қазы- на» ТДҚ», «Kazak- hstan Petroc- hemical Indus- tries» АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді бастау;
- мұнай-химия кешеніндегі су құбырының құрылысы;
- пайдалану кезеңіне вахталық қалашықтың құрылысы;
- мұнай-химия кешеніне жүріп-өту асфальт төселген жолдардың (теміржол, автожол) құрылысы;
- мұнай кешенінде сұрыптау т/ж станциясының құрылысы;
- турбиналық газ электр станциясының құрылысы;
- УСГ-ға құбырларды есепке алумен газды сепарациялау алаңынан Қарабатан ст. зауытқа дейін этан, пропан магистральдық құбырының құрылысы;
- МХЗ-дағы отын газы құбырының құрылысы;
- трасса бойындағы ВЛ 10 кВ құрылысы.
Соңғы нәтиже:
Өндірістік қуаты жылына 1,25 млн.тоннаны құрайтын бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін іске кіргізу. Жобаның шеңберінде түйіршектелген полиэтилен (жылына 800000 тонна) және полипропилен (жылына 450 000 тонна) өндірісі жоспарлануда;
- мұнай-химия кәсіпорындары үшін құрылыстың нысанды инвестициялық жобасын іске асыру есебінен, жаңа мұнай-химия кешендерін құрып, республикадағы мұнай- және газ өңдеу қуаттылығы бар үлгілендіру және технологиялық жаңарту негізінде шикізат қорларының отандық негізін құру;
- қазіргі уақытта өртенетін алаулардағы атмосфералық ауаға зиянды заттардың нормадан тыс тастамасы, ілеспелі газдың маңызды көлемін өңдеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жаңа мұнай-химия өнімін өткізу, ұлттық мұнай-химия кешені дамуы мұнай-химия өнімін экспортқа шығару арқылы.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарына сәйкес.
Сапасы: Қазақстанда мұнай-химия өнімінің тиімді нарығын қалыптастыру, шикізат емес сектордың дамуына бағытталған өндіріс көлемдерінің ұлғаюымен ел экономикасы құрылымының жан-жақты дамуы.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 314-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-2-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Бейнеу-Шымкент магистралді газқұбырының желілерін дамыту»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: »Қазақстанның 2030 жылға дейін Стратегиялық даму жөніндегі іс шаралардың жүзеге асырылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 жарлығы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның оңтүстік өңірінің табиғи газ мұқтаждығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: »Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистралды газ құбыры құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуінің басталуын қамтамасыз ету, «Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистралды газ құбырының құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін инженерлік іздеулерді өткізу, инженерлік желілерді қосу және қиылысындағы техникалық жағдайды алу және бөлінген жерді таңдау және рәсімдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны орындау жөніндегі іс шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламала- рдың атауы | Бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-ша- ралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | 054 | «Бейнеу-Шым- кент магис- тралді газ құбырының желілерін дамыту | «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу жобасының жобалық -сметалық құжат- тамасын әзірлеуді бастау | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Энергети- ка және минерал- дық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистральдық газ құбырын салу жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастау.
Соңғы нәтиже: 2011 жылы объекттің І-ші кезегі пайдалануға берілгеннен соң 5 млрд. текше метр көлемде Қазақстанның оңтүстік өңірінің табиғи газ мұқтаждығын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстанның оңтүстік өңірінің тұрғындарының тұрмысының деңгейін жоғарлату, арзан экологиялық таза жанармайды пайдалану арқасында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру. Табиғи газ жеткізуді диверсификациялау.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарына сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының ҚНМЕ-не сәйкес.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 314-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-3-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге кіші қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз
етуге берілетін ағымды нысаналы трансферттері»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейін Стратегиялық даму жөніндегі іс шаралардың жүзеге асырылуы туралы» жарлығы; «Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 Қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жамбыл облысының Қаратау және Жаңатас қалалардың тұтынушыларын үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге. Бу қазандығын сатып алуға және үшінші көтерім жинау сыйымдылығын ауыстыру сапалы жылу энергиясының тасымалдауын қамтамасыз етеді. Газ-мазуттық жанарғыларды қайта құру отын май шығыстары қысқарады, жылу жоғалтуды азайтып және котельнидің ПӘК-тін ұлғайтады.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Қазақстанда электрэнергетикалық саланың дамуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны орындау жөніндегі іс шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламала- рдың атауы | Бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-ша- ралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | 056 | Облыстық бюджеттерге кіші қалалар- ды үздіксіз жылумен қам- тамасыз етуге берілетін ағымды ныса- налы транс- ферттері | Жамбыл облысының облыстық бюдже- тіне нысаналы ағымдағы транс- ферттерді беру: - отын сатып алу; - бу қазандығын сатып алу, - жинақтау сыйым- дылығын ауыстыру; - газ-мазут шілтерлерін жаңғырту; - қазандықты күрделі жөндеу. | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Энергети- ка және минерал- дық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын жылумен қамтамасыз ету үшін отынды сатып алу;
- Жамбыл облысының Қаратау қаласының орталық қазандығындағы бу қазанын жөндеу, жинақтау сыйымдылығын ауыстыру, газ-мазут шілтерін жаңғырту, Жаңатас қаласының орталық қазандығының бу қазанын күрделі жөндеу.
Соңғы нәтиже: Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларында тиімді жұмыс істеу және жылумен жабдықтау қызметтерін үзіксіз ұсынуы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке жылумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мен жылу шығынын және отын шығынын төмендету арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстың жоспар-кестесіне сай.
Сапасы: тұтынушыларға жылу энергиясын үздіксіз және сапалы жеткізу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 314-4-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-4-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Экономика салаларын энерготиімділігінің деңгейін ұлғайту»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 25 желтоқсандағы 7, 11-баптары, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9 шілдедегі 2004 жылғы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның салаларында (ұйымдарда) энерго тиімділігін зерттеу мен анықтау, өнімнің энергосыйымдылығын белгілеу кейіннен кәсіпорындардың энергетикалық төлқұжаттарын дайындау мақсатында жүргізу».
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламала- рдың атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-ша- ралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 057 | | Экономика салаларының энерготиімді- лігінің деңгейін ұлғайту | 1. Қазақстан Республикасының салаларын (ұйымдарын) энергия тиімді- лігін зерттеу. 2. Қолайлы іс-шаралардың кешені салалар кесігі, ұйымдар- дың және жалпы елдің талдау моделін әзірлеу. 3. 2030 жылға дейін сандық көрсеткіштерге нұсқап энергети- калық төлқұжат- тарын дайындау және оларды қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар. | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Энергети- ка және минерал- дық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:
Тікелей нәтиже: Ұйымның салаларына энергетикалық тиімділігіне энергетикалық зерттеу қорытындысын талдау. Тұтас еліміз бойынша өнімнің және ІВӨ энергосыйымдылығын кезең-кезеңімен төмендеткен энерготиімді энергетикалық төлқұжаттардың бары.
Соңғы нәтиже: Салалардың энерготиімділігі шынайы деңгейін ерекшелеу. Өнімнің меншікті энергосыйымдылық параметрлерін төмендеуін анықтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Электрэнергетикалық және мұнай-газ кешендерінің, мұнай химия, құрылыс пен құрылыс индустриясының, тау өндіруші мен металлургия кешендерінің, экономиканың басқа да салаларында өнімнің меншікті энергосыйымдылығын анықтауды зерттеумен қамту.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: Халықаралық талаптарға сәйкес отын-энергетикалық кешені өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ғылыми-техникалығын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 314-5-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-5-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электронды үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 58250 мың теңге (елу сегіз миллион екі жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы; «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 293 тармағы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысы.