1. «Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағының шекарасын тексеру және жайластыруды жүргізу және шаруашылық жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің регламенттелген тәртібін, нормативтік-техникалық базасын әзірлеу» бағыты бойынша
1.1. Тәжірибелік алаңдардың және жалпы ССП шекараларының маркерларын жұмыс істеу қалпында ұстау (жалпы шекарада 1020 белгілер, тәжірибелік алаңдардың шекараларының ортақ периметрі 600 км)
1.2. ССП аумағында қызметін жүзеге асырып жасап жатқан 54 шаруашылық етуші субъектілердің қызметін әрдайым бақылауда ұстау қамтамасыз етілген
1.3. ССП радиоактивті ластанған аумақтарына енуді шектеу үшін құрылғылар жасалған (Сынақ алаңында және әскери радиоактивті заттар сыналған алаңдардағы 3 құрылғы); ССП алаңына енуді шектеудің қолда бар жүйесін жұмыс істеу қалпында ұстау қамтамасыз етіледі
1.4. Апаттық сипаттағы (ойық шұңқырлардың пайда болуы, газ бөлінісі және т.б.) көріністер орын алуы мүмкін деп саналатын қауіптілігі ықтимал аумақтар мен нысандар анықталды және олардың қызметі әрдайым бақылауда болады
2. «Ядролық және радиациялық қауіпті нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таратуға жол бермеу режимін қолдау бойынша шараларды өткізу» бағыты бойынша
2.1. Дегелең таулы массивіндегі штольняларды, гидроядролық сынақ алаңдарын түгендеу жүргізілді.
2.2. Дегелең таулы массивіндегі 26 штольнясын, сезімтал ақпарат ұстанушыларды тұрақты бақылауға алу;
3. «ССП аумағындағы ядролық қару қызметінің қалдықтарын, радиоактивті және улы қалдықтарды консервациялау және жою және радиациялық-ластанған аумақтарды ремидациялау бойынша кешенді шаралар өткізу» бағыты бойынша
3.1. ССП ластанған телімдері мен нысандарының толық тізбесі дайындалды, сонымен қатар тәжірибелік Сынақ алаңыңда (П-1, 2, 7), Сарыөзен (2 нысан) алаңындағы штаттан тыс жағдайдағы ұңғымалар, әскери радиоактивті заттектер сыналған алаңдарда радиоактивті ластанған телімдерді тізімдеу және ранжирлеу мақсатында бұдан бұрын зерттелмеген нысандардың ластану деңгейін бағалау бойынша алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілді
3.2. Дегелең таулы массивінің су шыққан штольняларының бірінде ластануды шектеу жобасын әзірленді; Дегелең таулы массивінің су шыққан екі штольнясының геологиялық және ландшафтық жағдайлары, радионуклидтердің жылыстау процесінің сипаты жете зерттелетін болады және жобаландыру үшін қажетті алдыңғы деректер алынды
3.3. Әскери радиоактивті заттармен ластанған телімдерді ремедиациялаудың типтік жобасы әзірленді
3.4. «Шартты-таза аумақтардың» ластану деңгейін бағалау және оларды ранжирлеу (полигонның солтүстік жақ бөлігі жалпы аумағы 3000 км2) өткізілді, зерттелген аумақтарға санитарлық-гигиеналық паспорттар дайындалды
4. «Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигоны аумағының радиациялық жағдайының шынайы картасын құру және жарылысалды көріністердің ауқымын бағалау бағыты бойынша
4.1. ССП су пайдалану нысандарын толық тізбесі дайындалды және олардың негізгі радиациялық, гидрогеологиялық және гигиеналық сипаттарына бағалау жүргізілді.
4.2. Жерасты ядролық жарылыстары өткізілген жерлерді паспорттау жүргізілді (Балапан алаңындағы 10 әскери ұңғыма, Сарыөзен алаңындағы 2 ұңғыма) және олардың ауқымының бағасын зерттей отыра қазіргі уақыттағы жерүстілік қаупі және геологиялық ортаның тереңдіктегі деструкциясының қаупі зерттелді және бағаланды.
4.3. Балапан алаңдарындағы ЖЯЖ өткізілген жерлердегі ұңғымаларда газбөліну сипаты мен олардың орын алуын, ауқымды температуралық ауытқулардың орын алуы мен ауқымын алғашқы нәтижелері алынды және «қатерлі» ұңғымалардың тізбесі анықталды
4.4. Дегелең таулы массивінен тыс жерлердегі жерасты суларының мониторингі үшін жаңа 3 ұңғыма құрылды
4.5. ССП сейсмикалық мониторингі үшін далалық стансалардың желілері жетілдірілді. ССП қазіргі уақыттағы сейсмикалық жағдайын сипаттайтын, деректер алынды
5. «Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкология мәселесі жөнінде халықты хабар ету және ақпараттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру бағыты бойынша
5.1. «ССП» ГАЖ-жобасының ортақ құрылымын және «су пайдалану нысандары» қабатын құру. Ақпараттық-ағарту іс-шараларын іске асыру мақсатында, ҚР ҰЯО веб-сайтында «ССП» беттерін құру.
5.2. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының мұражайының экспозициясы жаңартылды, «ССП қазіргі уақыттағы радиациялық жағдайы» экспозициясы құрылды; ССП жақын жатқан аудандардың оқушыларына тұрақты түрде баяндама негізінде дәрістер беруді ұйымдастыру (10 дәріс)
5.3. ССП ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі жайлы ғылыми-танымал кітапша дайындау
5.4. Жергілікті және республикалық БАҚ мемлекеттік және орыс тілдерінде ССП қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелері жайлы ақпараттарды дайындау.
4. ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
Түпкі нәтиже: бағдарламаны іске асырудан бастап, Қазақстанның барлық аумағының 55 % кем емес алаңында нормативтен жоғары сәулелену жағдайларынан халықты қорғау;
бұрынғы ЕХМЗ аумағында, радиоактивтік қалдықтарды көму пункттерінде және оған іргелес аумақтарда радиациялық-қауіпті жағдайды жою;
ССП қызметін жетілдіру есебінен Қазақстан Республикасындағы тұрғындардың ұжымдық дозалық жүктемесін төмендету қамтамасыз етілген;
табиғат қорғау жобаларының бірқатары әзірленген: ССП екінші рет қайта ластануы бойынша жобалар, радиоактивті ластануы көбірек байқалған телімдерді ремидиациялау бойынша жобалар;
ССП екінші рет қайта ластануын шектеу бойынша (Дегелең таулы массивіндегі су шыққан барлық штольнялар), радиоактивті ластанған (50000 м2 кем емес) қауіптілігі жоғары телімдерді ремидиациялау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді;
«шартты-таза» аумақтардың ауқымды зерттеулері жүргізілді (7000 км2 шамасында), олардың кейбіріне ауыл шаруашылығына пайдалануға беруге қажетті материалдары дайындалған;
ССП кешенді мониторингілік жүйесі әзірленді және оларды жүйелі түрде іске асыру басталды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: радиациялық жағдайды белгіленген нормаларға сәйкес келтіру және оны халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз ету.
Уақыттылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкестігі.
Сапасы: аудан халқының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
300-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
Геологиялық ақпаратты қалыптастыру
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123932 мың теңге (жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауының есептілігі және жер қойнауын пайдаланушылардың шарттарын орындау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау; геологиялық ақпаратты пайдалануда жинақтау, сақтау және беру; жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Геологиялық ақпаратты қалыптастыру | Бекітілген штат санының шегінде оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін республикалық геологиялық ақпарат орталығының («Казгеоинформ» РГАО) қызметін қамтамасыз ету - 71 бірлік. 1. Жер қойнауының есебі мен жер қойнауын пайдалану шартта- рының орындалуы: - пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын қалыптастыру; - кен орындарының және пайдалы қазбалардың көріністерінің мемлекеттік кадастрын қалыптастыру; - жер қойнауын қорғау құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына шығарылатын объектілердің тізбесін жасау; - геоақпараттық қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану объектілерін тіркеу, жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге қатысу; - жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт-лицензия шарттарын орындау барысын ұйымдастыру және есепке алу; - 1-4 ЛКШ нысаны бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижелері- нің статистикалық айналымы; - тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау мен тапсыру. 2. Қазақстан Республикасы минералды-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау: - минералдық шикізат түрлері бойынша инвестицияларды талдау; - әкімшілік облыстар бойынша инвестицияларды талдау. 3. Геологиялық ақпараттарды пайдалануда жинақтау, сақтау және беру: - жер қойнауын пайдалану объектілерінде жұмыстың нәтижелері туралы есептердің республикалық геологиялық қорларын сақтауға қабылдау; - геологиялық ақпаратты сатып алуға арналған келісімдерді, геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға рұқсаттарды, геологиялық ақпарат пакеттерін дайындау; - Геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының геологиялық және геофизикалық зерттелуін жүргізу. 4. Жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету. 5. Өзінің құзыреті шегінде геология және жер қойнауын пайдалануды аумақтық басқару қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру. 6. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық жүйені дамыту жөніндегі жұмысқа мемлекеттік тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру: - Қазақстан Республикасының геологиялық қорларында сақталынатын геологиялық есеп- намалар мәтіндерін компьютерлік архивациялау; - Қазақстан Республикасының геологиялық қорларында сақталынатын графикалық геоло- гиялық материалдарды компьютерлік архивациялау; - Қазақстан Республикасы бойынша аэрогео-физикалық деректердің ақпараттық банкін толтыру; - жер қойнауы туралы деректердің Мемлекеттік банкінің бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу; - Қазақстан Республикасы аумағының сейсмикалық барлаулануын зерделеу бойынша компьютерлік банкті толтыру; - Қазақстан Республикасы бойынша гравиметриялық деректердің ақпараттық банкін толтыру; - Батыс Қазақстан бойынша ұқсастық тіркеудің бастапқы сейсмикалық ақпаратын цифрлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу - 108 баланс; геологиялық ақпаратты қолдануда технология мен беру ГЗҰ-ны пайдаланумен мемлекеттік геологиялық қорға қызмет көрсету; жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге; Тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау және беру; жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық қызметі нәтижелерінің тоқсанаралық шолуларын дайындау - 4 шолу. Деректердің компьютерлік банкі мына ақпараттармен толықтырылады: сейсмикалық барлаумен зерделену туралы - 6259 есеп бірлігі; Аэрогеофизикалық деректермен - 9370 шар. км; гравиметриялық деректермен 17895 бақылау пункттері; Батыс Қазақстан бойынша ұқсастық тіркеудің бастапқы сейсмикалық ақпаратын цифрлау - 12987 ұқсас таспалар; мәтіндік геологиялық есептердің - 3300 томын және графикалық геологиялық материалдардың 50 мың.кв.см. мұрағаттау.
Түпкілікті нәтиже: 2008 жылғы 1 қаңтардағы зерделеудің жай-күйі бойынша пайдаланушыларды толық, уақтылы және сенімді геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 1007,6 мың теңге; іске асқан геологиялық ақпарат үшін республикалық бюджетке төлемдердің түсуі.
Уақытылығы: Белгіленген есептерді белгіленген мерзімінде өткізу.
Сапасы: Толық және сенімді ақпарат негізінде дайындалған есептілік.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
301-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік геологиялық зерделеу»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3798796 мың теңге (үш миллиард жеті жүз тоқсан сегіз миллион жеті жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізат кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің минералдық-шикізат базасын нығайту және кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер асты сулары және пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру үшін қазіргі картографиялық негіз құру: минералдық-шикізаттың әртүрлі түрлерінің болжамды ресурстарын анықтау; пайдалы қазбаларды іздестіру бағытын анықтау үшін болжамды-минерагениялық негіз құру; мұнай және газ кенорындарына геологты-экономикалық баға беру және іздестіру, мұнайгазперспективті құрылымдарды ашу, жаңа мұнайгазперспективті территорияларды зерделеу; қатты пайдалы қазбалар, көмірсутекті шикізатының және жер асты суларының қорларының өсуі; Қазақстан Республикасының тұрғылықты пункттерін сумен қамтамасыз ету мақсатымен жер асты ауыз су кенорындарын және жаңа телімдерді ашу және жер асты суларының қорларын қайта бағалау, сонымен қатар жылумен қамтамасыз ету, ыстық сумен қамтамасыз ету және басқа да мақсаттарда геотермальды су қорларын эксплуатациялауға баға.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Мемлекеттік геологиялық зерделеу | | | |
| | 100 | Өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстары | 1. 1:200000 масштабта 41,63 мың шаршы кв алаңда геологиялық жете зерттеулер; 2. 20,93 мың шаршы кв аймақтық гидрогеологиялық жұмыстар; 3. 16,5 мың шаршы кв алаңда кенді аудандарды геологиялық минерагендік карта жасау; 4. Өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары (ұсақ масштабты картаны дайындау; алға кеткен геофизикалық, геохимиялық жұмыстар, инструктивтік, әдістемелік және норма- тивтік құжаттарды әзірлеу). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 101 | Іздестіру-бағалау жұмыстары | 1. 220,0 кв. шаршы алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру -бағалау жұмыстарын жүргізу. 2. Каспий маңы ойысының орталық бөлігінде Бекет - Бесоба телімінің шектерінде іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу басталды. 3. Теңіз ойысының оңтүстік-шығыс бөлігінің Мұзбел телімінің шегінде көмірсутек шикізаттарына іздестіру-бағалау жұмыстарын аяқтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
4 | | 102 | Іздестіру-барлау жұмыстары | 1. 197 ауылдық елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын аяқтау; 2. 108 ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іздестіру-бағалау жұмыстары басталды; 3. Жаркент тиілімінде геотермальды суларды пайдалануға іздестіру-бағалау жұмыстары аяқталды; 4. Топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай участкелерінде) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын қайта бағалау үшін барлау жұмыстарын бастау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1:200000 масштабта 41,63 мың шаршы 2 алаңда жаңа буынның геологиялық негізі, пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға перспективалы жалпы ауданы 1000 шаршы 2 кем емес телімдерді бөлу; халықты сумен жабдықтау мақсатында жер асты суларын іздестіруге арналған перспективалы сулы көкжиектер мен телімдерді бөлумен 20,93 мың шаршы алаңында жаңа болашақтың гидрогеологиялық карталары; 16,5 мың шаршы алаңда кенішті аудандарды геологиялық-минерагеникалық карталау; өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары - 5 есеп-ұсыныстар; 2 жаңа есеп берулерді әзірлеуді бастау; 13 телімдердің шегіндегі 220,0 шаршы алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстары; 197 елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және 108 елді мекендері үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуді бастау; топтық су құбырларын сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының қорларын қайта бағалау жұмыстары; Жаркент телімінде геотермальды су қорларына эксплуатациялық баға; Топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай участкелерінде) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын қайта бағалау үшін барлау жұмыстарын бастау; Теңіз ойысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Мұзбел учаскесінің, Бекет-Бесоба учаскесінің мұнайгазды перспективасын бағалау.
Түпкі нәтиже: алтынның - 10 тонна, мыстың - 50 мың тонна, полиметалдың - 100 мың тонна қорларының өсуі нәтижесінде тау-кен өндіру және мұнай-газ өндіру кешендері кәсіпорындарын шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін көтеру; Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерді жер асты ауыз суының эксплуатациялық қорларымен қамтамасыз ету; қорларына және басқа да мақсатта ыстық, жылы сумен қамтамасыз ету үшін геотермальды су қорларына баға беру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1:200000 масштабта 1 шаршы2 геологиялық жете зерттеудің орташа құны - 9319,2 теңге; өңірлік гидрогеологиялық жұмыстардың 1 ш орташа құны - 5992 теңге; қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісі бойынша орташа құны - 28333,0 мың теңге; Мұзбел учаскелері шектерінде көмірсутек шикізатына жұмыс құны - 580764 мың теңге; Бекет-Бесоба учаскесі шектерінде көмірсутек шикізатына жұмыс құны - 1087300 мың теңге; 1 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарының орташа құны - 5732,0 мың теңге.
Уақтылығы: уәкілетті органдармен бекітілген объектілер бойынша жоспарға сәйкес жұмыстарды жүргізу.
Сапасы: нұсқаулық талаптарға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
302-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 663674 мың теңге (алты жүз алпыс үш миллион алты жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 58, 59, 60-баптары; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңының 8-1, 56, 58, 59-баптары; «Қазақстан Республикасының Жер қойнауын мемлекеттік сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысы; «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының нақты жай-күйін белгілеу және Қазақстан Республикасының перспективаға минералдық-шикізат кешенін дамытуды болжамдау; мемлекеттік басқару органдарын Қазақстан Республикасының жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы деректермен ақпараттық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мониторингтік дерекқор базасын және лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша карталарды жүргізу; аналитикалық-анықтама жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасы минералдық-шикізат базасының мониторингісі (ҚР МШБ ААЖ және мұнай, конденсат, газ бен жер асты суларды қоса, жаңа деректермен толтыру); мемлекетаралық»Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы стандарттау, метрология және сертификациялау бағдарламамен шектелу талаптар жүйесін әзірлеу; Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын 2030 жылға дейін даму болжамы және жай-күйін модельдеу (пайдалы қазбалардың 30 түрі бойынша Қазақстан Республикасындағы кен өндіріс даму перспективасы көрсетілген материалдардың жинағы); Қазақстан Республикасындағы көмірсутекті кен орындардың өңдеу жай-күйі Мемлекеттік мониторингісін жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауды дайындау; Қазақстан Республикасындағы геологиялық-барлау жұмыстарының аналитикалық қамтамасыз ету жай-күйінің мониторингісі; Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалау және кен өңдеу өндірістік кәсіпорындардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттық-аналитикалық жүйесін даярлау (жүйесін жаңарту және жаңа деректермен толтыру); көмір сутектілерге арналған геологиялық-барлау жұмыстардың жай-күйі мониторингісі, мемлекеттік тапсырманы мониторинг және мемлекеттік геологиялық жер қойнауын зерттеу бойынша жұмыс жүргізу орындаушыларды салалық нормативтік-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету (жұмыс пен қызметті әлуеттік беруші); жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, жер қойнауының жай-күйін бақылау; жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді дамуының жай-күйін бағалау; жер асты суларының ластану және сарқылу учаскелері мен ошақтарын, қауіпті геологиялық процестерді жандандыру учаскелерін табу; жер асты суларын мемлекеттік су кадастрын (МСК) жүргізу; жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестерінің мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі | | | |
2 | | 100 | Минералдық-шикізат базасы және жер қой- науын пайдалану мониторингі | 1. Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту мониторингі және болжау: 1) 6 көшпелі объектілер: - аналитикалық-анықтама жүйесінің негі- зінде Қазақстан Республикасы минералдықшикізат базасының мониторингісі (мұнай, конденсат, газ және жер асты сулары); - мемлекеттік-аралық «Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы стандарттау, метрология және сертификациялау» бағдарламамен шектелу талаптар жүйесін әзірлеу; - Қазақстан Республикасының минералдықшикізат базасын 2030 жылға дейін даму болжамы (пайдалы қазбалардың 30 түрі бойынша Қазақстан Республикасындағы кен өндіріс даму перспективасы көрсетілген материалдардың жинағы); - Қазақстан Республикасындағы көмір су- текті кен орындардың өңдеу жай-күйі Мемлекеттік мониторингісін жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауды дайындау (2008 жылда аяқталады); - Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық -экономикалық бағалау және кен өңдеу өндірістік кәсіпорындар- дың техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттық-аналитикалық жүйесін даярлау ҚР (жүйесін жаңарту және жаңа деректермен толықтыру); - дерекқор базасының және лицензиялық пен тендерлік объектілерінің карталарын жүргізу мониторингісі; - көмір сутектілерге арналған геологиялық-барлау жұмыс нәтижелерінің жай-күйі мониторингісі. 2. Өндіріс салалары бойынша анықтаманы және нормативтік-техникалық пен нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу: 1) 2008 жылда аяқталатын 2 өтпелі объек- тілер (1 анықтама, 4 әдістемелік нұсқау). | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 101 | Жер асты сулары және қауіпті геология- лық процестер мониторингі | 1. Жер асты суларының мониторингі: 1) 5000 бақылау пункттарында жер асты суларына мониторинг жүргізу; 2) 13 поста жер сілкіну болуын зерттеу жөнінде бақылау жүргізу; 3) 4 полигонда жер асты суларының техногенді ластануына режимді бақылау жүргізу; 4) Рудный-Қостанай полигонының жер асты суларының техногенді ластану мониторингін құруды аяқтау; 5) мемлекеттік су кадастрын (жер асты сулары) жүргізу. 2. Қауіпті геологиялық процестер мониторингі: 1) қауіпті геологиялық процесті зерттеуге 42 поста мониторинг құру және жүргізу; 2) 2 полигонда қауіпті геологиялық процестерге мониторинг жүргізу. 3. Қауіпті геологиялық процестерге және жер асты суларына мониторинг жүргізуді жолдау (9 объект). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |