7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жобалар бойынша жұмыс көлемін орындау: 1. Астана қаласының 2-ЖЭО, жылу желілері мен электр желілері объектілерін кеңейту және жаңарту;
2. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып 2-ЖЭО кеңейту және қайта құру;
3. Астана қаласында «14 Тұрғын үй аймағы (Жаңа жол)» 110/10 кВ ҚС құрылысы;
4. Астана қаласының сол жақ жағалау бөлігінде жылу магистралінің құрылысы, 3-іске қосу;
5. Астана қаласының қолданыстағы магистральды жылу желілерін қалпына келтіру;
6. Астана қаласындағы электр желілерін қалпына келтіру;
7. Астана қаласындағы ЖЭО-1-ді жаңарту;
8. Астана қаласындағы»«ПНФ» 110/35/10 ҚС-ын қайта құру;
9. Астана қаласындағы «Восточная» 110/35/10 ҚС-ын қайта құру;
10. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту;
11. Алматы қаласының жылу желілерін қайта құру;
12. Алматы қаласының сорғы станциясымен жалғастыратын 2-ЖЭО, 1-ЖЭО жылу магистральдарын салу;
13. Атырау қаласы мен Атырау облысының электрмен қамтамасыз ету объектілерін жаңарту және салу;
14. Атырау облысының елді мекендерін газдандыру;
15. Қызылорда қаласындағы жылыту көздері мен жеке секторды ілеспе газға көшіру;
16. Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты селосын газбен жабдықтау үшін жобаланатын бұрылып апаратын газ құбыры мен АГТС-ті «Бұхара-Орал» магистралды газ құбырының бұрылып апаратын газ құбырына қосу;
17. Қостанай облысындағы ГТС мен ОҮ-нен»«Перелески-Денисовка» магистралды бұрып апаратын газ құбырын салу;
18. Қарабалық ауданының Қарабалық к. (ОАА аумағында) газ құбырының желісін салу;
19. Байғанин орталық мекеніне магистралды газ құбырын салу;
20.»«Новоалексеевка» к. (Қобда) жоғары қысымды жалғастыратын газ құбырын салу;
21. Ақтөбе облысындағы Алға-Тамды-Павловка-Қайнар жүргізілетін газ құбырының құрылысы;
22. Сарыағаш ауданының шекаралас елді мекендерін табиғи газбен жабдықтау;
23. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ақбастау, Қарасаз, Зыковка, Дүйсебайұлы, Амансай, Шақпақата, Ынтымақ, Түктібай елді мекендерін газдандыру;
24. Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Мұратсай кентінде АГРС-пен «Қайрат-Мұратсай» 5,5 МПа газ құбырын салу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу-электрмен және газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке елді мекендерді жылу- және энергиямен және елді мекенді пункттерді газдан жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
309-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 384273 мың теңге (үш жүз сексен төрт миллион екі жүз жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің комитеттерін көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 700 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: комитеттердің және мемлекеттік мекеме жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік жедел басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Геология және жер қойнауы комитеті оның «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесімен бірге және Атом энергетикасы комитетін Астана қаласына көшіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру | Комитеттерді және «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесін Астана қаласына көшіруді қамтамасыз ету: 1. Тұрғын үй сатып алу (2-кезең) 2. Республикалық геологиялық қор үшін үй-жайларды сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: көшірілген Комитеттер мен «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесін тұрғын үймен және республикалық геологиялық қор үшін үй-жайлармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
310-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасында өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20700 мың теңге (жиырма миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 63-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2005 жылғы қазан айының 5-дегі Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өндіруші компаниялар қызметінің транспаренттігі және Қазақстан Республикасына түсетін табыстың ашықтығы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Қазақстан Республикасында өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру | 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен өндіруші компаниялар ұсынған бюджетке түсетін салық пен төлемдер есебін салыстыруға аудиторлық компания тарту. 2. Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын валидациялау (бағалау) үшін валидаторды тарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен өндіруші компаниялардан бюджетке келіп түсетін салық пен төлемдер туралы тәуелсіз есепті ақпараттық құралдар арқылы жариялау.
Түпкілікті нәтиже: өндіруші компаниялар қызметінің транспаренттігі және Қазақстан Республикасына түсетін табыстың ашықтығы
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: еліміздің рейтингісін көтеру және өндіруші салаларға түсетін инвестиция тарту.
Уақтылығы: анықталған шарттар мен техникалық тапсырмалар мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
311-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ядролық сынаулардың мониторингі»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 56245 мың теңге (елу алты миллион екі жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 маусымдағы Заңы;»Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысымен бекітілген»Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы».
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық жарылыстар мен жер сілкіністері туралы ақпаратты сақтау мен берудің сенімділігін қамтамасыз ету; орталық және Шығыс Қазақстанда сейсмикалық оқиғаларды (жер сілкіністерін, жарылыстарды) үздіксіз тәулік бойы тіркеуді қамтамасыз ететін «Курчатов-Крест» сейсмикалық топтаудың жаңғыртылған жүйесі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ҚР ҰЯО ГЗИ-нің бөлімшелерінде (Бурабайда, Курчатовта, Ақтөбеде) және ҚР ТЖМ-нің «Қазселқорғау» кәсіпорнының басқаруына көшкен (Семей, Талғар станциялары және т.б.) мұрағатта 1965-1998 жылдардағы ядролық жарылыстардың мұрағаттық қағаз және магниттік жазбаларына түгендеу жүргізу. Фотоқағазға және магнитті таспаларға тіркелген сейсмограммаларды цифрлау және қайта форматтау үшін іріктеу.
Қағаз тасушылардан (Деректер орталығы, Курчатов) жазбаларды көшіру бойынша 2 технологиялық желілерді жұмысқа жарамды күйде ұстау және магниттік жазбаларды қазіргі цифрлық форматтарға (Бурабай, Курчатов АҚ) көшіру бойынша 2-3 технологиялық желілерді құру.
1965-1998 жылдардағы мұрағаттық қағаз және магниттік жазбаларды ОДВЗЯИ Халықаралық деректер орталығының талаптарының бағдарымен қазіргі халықаралық цифрлық форматтарға жаңа (электрондық) тасығыштарға көшіру. Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинақтау мен өңдеу орталығында ядролық жарылыстар бойынша деректер базасын толықтыру.
Орталық және Шығыс Қазақстан, әсіресе Семей сынау полигоны, аумағында сейсмикалық мониторингтің сапасын жоғарылату үшін «Курчатов-Крест» сейсмикалық тобын толық қалпына келтіру және техникалық қайта жарақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Ядролық сынаулардың мониторингі | 1. 1975 жылдан 1985 жылға дейінгі кезеңіне қағаз тасушылар (Семей, Бурабай, Талғар станциялары және т.б.) мен магниттік тасушылардағы (Ақтөбе, Курчатов, Бурабай, Талғар станциялары ж.б.) мұрағаттық сейсмограммаларды тексеру, іріктеу және құжаттау. 2. Магниттік мұрағаттық сейсмограммаларды 80 жылдардағы үлгідегі жаңа электрондық тасушыларға қайта жазу үшін «Бурабай» ГО-да аппаратура-бағдарламалық кешенін құру. 3. Іріктелген қағаздағы мұрағаттық сейсмограммаларды цифрлау. Мұрағаттық магниттік сейсмограммаларын қазіргі заманғы форматтарында қайта жазу. 4. Байланыс арналары бойынша АСАЖӨО-ға деректерді беру, сынақ полигондарында ядролық жарылыстар мен басқа да оқиғалар бойынша деректер базасын толтыру, дүниежүзілік деректер орталығымен жазбалар алмасу, каталогтар жасау. 5. Техникалық ғимараттар кешенінде және жолдарда жөндеуқалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. 6. Станциялардың уақытша желілері үшін жабдықтар сатып алу. 7. Электрмен жабдықтау | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Станциялар тобы бойынша қағаз және магниттік тасушылардағы ядролық жарылыстардың мұрағаттық сейсмограммаларының каталогы (1975 жылдан 1985 жылға дейінгі кезеңге).
Бурабайда 1980 жылғы стандарттың магниттік тасушыларындағы сейсмограммаларды қайта жазуға арналған технологиялық желі.
1975 жылдан 1985 жылға дейінгі кезеңдегі ядролық жарылыстардың қағаз және магниттік тасушылармен цифрланған мұрағаттық сейсмограммалары.
«Курчатов-Крест» сейсмикалық тобының техникалық және аспаптық құрылыстарының кешенін қалпына келтіруін аяқтау (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жұмыстары, «Курчатов-Крест» жүйесінің ішіндегі жолдарын, ұзақтығы шамасы 45 км., «Курчатов-Крест» сейсмикалық тобы орталығына баратын жолын, ұзақтығы шамасы 12 км., қалпына келтіру;
Қазіргі заманғы элементтік базасында әзірленген сейсмикалық жабдықтарымен техникалық жарақтау; («Курчатов-Крест» жүйесінің айналасында жақын (30 км. дейін) және аралық (30 дан 300 км. дейін) белдемдерінде болып жатқан сейсмикалық оқиғаларын тіркеу үшін;
Сейсмикалық мониторингі деректерін алуында санкциясыз іркілістерінен қорғау үшін деректер жинау, өңдеу және жіберуіне сейсмикалық жабдықтары мен аппаратурасын электр қамсыздануының көпсатылы резервтеу жүйесін құруын аяқтау.
«Курчатов-Крест» топтастыру жүйесінен Алматы қ. Арнаулы сейсмикалық ақпаратын жинау және өңдеу орталығына (АСАЖӨО) деректерін жіберу жүйесін жетілдіру.
(«Курчатов-Крест» жүйесінің орталық нүктесінде уақытты желілерінен нақты уақыт режимінде деректерін жинау үшін арнайы жабдықтары мен ПМЖ орнату, деректерін радиотелеметрлік арналары арқылы бастапқы өңдеу пунктіне, одан кейін АСАЖӨО-на, ақпарат жіберу жылдамдығы шамасы 5,5 және 11 Мбит/с).
Тура түпкілікті: 2010 жылы жұмыстарды аяқтаумен ұлттық деректер орталығы мәртебесі бар, АСАЖӨО дерекқорына интеграцияланған ядролық сынақ полигондарына жақын жерасты ядролық жарылыстарының, химиялық зерттеу жарылыстарының және жер сілкіністерінің цифрланған және цифрлы жазбаларының бірыңғай базасы; қағаз жеткізушілермен ядролық жарылыстардың мұрағаттық жазбалары цифрланды; станциялық сейсмикалық ақпарат көлемін 100 Гб-ға дейін (4 гб. орнына) ұлғайту; Шығыс Қазақстан өңірі аумағының сейсмикалық қауіпсіздігін бақылауды жақсарту.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қажетті көлемде ақпаратты алуға және беруге уақытты едәуір қысқарту.
Сапасы: ұсынылатын ақпараттың растығы және толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
312-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Достық Энерго» АҚ-на кредиттік ресурстарды беру»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2551500 мың теңге (екі миллиард бес жүз елу бір миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы борышқорлық міндеттемелері мен талаптарды реттеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» акционерлік қоғам «Ресей бірыңғай энергетикалық жүйе» РАО ашық акционерлік қоғамы алдындағы және Ресей Атомминінің (Росатом) қазақстандық тарап («КАТЭП» жауапкершілігі шектеулі серіктестік) алдындағы берешегін реттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | «Достық Энерго» АҚ-на кредиттік ресурстарды беру | Үкімет белгілеген тәртіппен «КАТЭП» ЖСШ-тің» Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы акционерлік қоғамына талап қою құқығына ие болу үшін 1998-1999 жылдары Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына Ресей Федерациясынан жеткізілген электр энергиясы үшін «Достық-Энерго» АҚ-қа несие бөлу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін
нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей электр энергиясын жеткізушілері алдындағы берешекті өтеу.
Түпкі нәтиже: Ресей Федерациясымен борыштылық міндеттемелер мен талаптарды реттеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Уақыттылығы: қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
313-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түркіменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілер
алдында борыштарын төлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 95000 мың теңге (тоқсан бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 680 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: борыш міндеттемелері мен талаптарын реттеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Түркіменстан ұйымдарының алдында берешектерді өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түрікменстан шаруашылық субъектілері алдындағы борыштарын төлеу жөнінде іс-шараларды жүргізу | Түркіменстан шаруашылық жүргізуші субъектілері алдында «Қазақстанэнергия ҰЭЖ» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының берешектері бойынша талаптар құқығын сатып алу жөніндегі іс-шараларға «ДостықЭнерго» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру; Олар: 1) 1996-1997 жылдары электр энергиясы жеткізгені үшін «Түркмен энерго» ГЭК («Кувват» ТГЭК); | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «ДостықЭнерго» Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту.
Түпкі нәтиже: Түркіменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері алдында «Қазақстанэнергия» ҰЭЖ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының борыштарын өтеу.
Уақыттылығы: қаңтар-желтоқсан мерзімдерінде борыштық міндеттемелерді өтеу.
Сапасы: Түркіменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері алдында борыштық міндеттемелерді реттеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Атом энергетикасын дамыту жөніндегі дайындық жұмысы»
деген 049 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 185945 мың теңге (бір жүз сексен бес миллион тоғыз жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 14 сәуірдегі Заңы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағдарламаның мақсаты құжаттама АЭС жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған бастапқы алғашқы деректер болып табылатын және АЭС құрылысы мәселесі бойынша Үкімет қаулысын қабылдауға негіз болатын 2030 жылға дейінгі жуық келешекте атом электр станцияларын жобалау және салуды бастаудың мақсатқа лайықтылығы мен дұрыстығы туралы ғылыми-негізделген материалдардан тұратын құжаттар топтамасын даярлау болып табылады.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қолда бар материалдарды талдау және Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында атом станцияларын салуға неғұрлым жарамды пункттер анықтау, АЭС құрылысына арналған алаңшалар таңдаудың техникалық регламентін әзірлеу;
Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарындағы атом энергия көздерінің болжамалы пайдалануға енгізілу мерзімдерін тұрпатын, станциясының қуатын, блоктарының бірлік қуаттарын (бабына келтіру шектерін) көрсете отырып анықтау;
ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, сонымен қатар электр энергиясы өндірісінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін АЭС келешекті жобаларын талдау;
АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін бағалау;
Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында АЭС салуды негіздеу бойынша экономикалық зерттеулер жүргізу, соның ішінде АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық салдарын, жорамалданып отырған қаржылық салымдар мен қаржыландыруды ұйымдастырудың сызбаларын қоса, АЭС салудың техника-экономикалық көрсеткіштері мен сметалық құнын бағалау;
Қазақстанның өнеркәсіптік қуаттарын атом энергетикалық қондырғыларының құрамдауыш бөлшектерін ядролық отын мен радиоактивті қалдықтармен айналысуды қоса, ұйымдастыру, оларды күту, жөндеу тұрғысынан атом энергетикасының мұқтаждықтары үшін пайдалану мүмкіндіктерін талдау және қайта құрылмалау, жаңғыртудың қажетті көлемдері мен жаңа өндірістік қуаттарды енгізу бойынша ұсыныстар мен кеңестер әзірлеу.
ҚР әрекеттегі заңдары мен ережелерінің талдауларын, Қазақстанда АЭС құрылысына тендер жүргізу тәртіптері мен ережелерін анықтаушы және осы салада халықаралық тәжірибе мен Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (ХААТЭА) талаптарын ескеретін қазіргі заманға сай нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттар мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу;
Қазақстанда АЭС жобалауға және құрылысына конкурстық құжаттарының толық жинағына жүргізілген талдаулық зерттеулерінің негізінде қалыптастыру мен жобаларына техникалық талаптарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 049 | | Атом энер- гетикасын дамыту жө- ніндегі дайындық жұмысы | 1. Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендер өткізудің ереже- сі мен тәртібін анықтайтын нор- мативтік-құқық- тық және техни- калық құжаттар- ды әзірлеу: 1) Қазақстандық АЭС реакторлық бөлігінің жалпы талаптарын анық- тайтын Қазақстан АЭС жобасына техникалық та- лаптардың 2-томын әзірлеу. 2) Қазақстандық АЭС электрлік генерлеуші бөлі- гінің жалпы та- лаптарын анық- тайтын Қазақстан АЭС жобасына техникалық та- лаптардың 3-томын әзірлеу. 3) Қазақстан Республикасында атом электрос- танциясын жоба- лау мен құрылы- сына тендер жүр- гізу бойынша конкурстік құ- жаттардың толық жинағын әзірлеу. 2. Қазақстан Республикасында атом станциясын салу негіздеме- сінде техника- экономикалық зерттеулер жүргізу: 1) Қолда бар материалдарды талдау және атом станцияларын са- луға неғұрлым жарамды пункттер анықтау, АЭС құрылысына ар- налған алаңша- лар таңдаудың техникалық рег- ламентін әзірлеу. 2) Қазақстан Республикасында атом энергия көздерінің бол- жамалы пайдала- нуға енгізілу мерзімдерін тұр- патын, станция- сының қуатын, блоктарының бір- лік қуаттарын (бабына келтіру шектерін), сейсмикалылық- тың, су ресурс- тарының болуын көрсете отырып анықтау; 3) ядролық, ра- диациялық және экологиялық қауіпсіздіктің қажетті деңгей- ін, сонымен қа- тар электр энер- гиясын өндірудің экономикалық тиімділігін қам- тамасыз ететін АЭС келешекті жобаларын тал- дау. 4) АЭС салу мен пайдаланудың халық пен қорша- ған орта үшін қауіпсіздігін бағалау. 3. Маңғыстау облысында ВБЭР- 300 реакторлық қондырғысы бар атом станциясы- ның техникалық- экономикалық негіздемесін жә- не негізгі жаб- дықтарының тех- никалық жобала- рын әзірлеу: 1) "Маңғыстау облысында ВБЭР- 300 РҚ-бар атом станциясын са- лу" инвестиция- лық жобасының техникалық-эко- номикалық негіз- демесін әзірлеу; 2) Реакторлық қондырғының (РҚ) техникалық жобасын әзірлеу- ді бастау; 3) Турбиналық қондырғының (ТҚ) техникалық жобасын әзірлеу- ді бастау; 4) Технология- лық процестерді басқарудың авто- маттандырылған жүйесінің техни- калық жобасын әзірлеуді бас- тау (ТП БАЖ). | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |