Жаңа өнімдер әзірлеу үшін жарғақтық нанотехнологиялар негізінде ДЦ-60 ауыр иондар пайдаланумен ғылыми зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Отын энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1. «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру. 2. Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын жасау мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау. 3. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының орташа, шағын кен орындарын игеру және тендер алдындағы дайындық кезіндегі геотехнологиясын дамыту. 4. ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту. 5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілген, сатылып алынатын жабдықтар тізбесіне сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға күрделі транс- ферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» бағдарламасы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
ядролық жарылыстар өткізілген және ядролық қондырғылар орнатылған жерлердегі радиациялық жағдайды сипаттайтын сан көрсеткіштері алынады; қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторинг жүйесін мониторингтің мемлекеттік бірыңғай жүйесі шегінде ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпті объектілері мен аумақтарының әсерінен болатын қауіпті төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру; Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы энергетика дамуының экономикалық үлгісі әзірленеді; атом станцияларын орналастыру болжанып отырған орындардың жай-күйін геофизикалық бағалау, Қазақстан Республикасының атом энергетикасы объектілерінің ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық әдістер әзірлеу; ядролық және термоядролық энергетиканың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру бойынша әдістер мен технологиялар; жаңа радиофармпрепараттар, радиоизотоптар мен иондық сәулелендірудің жабық көздерінің бірқатарын өндіру технологиялары әзірленіп игеріледі, сумен қабынатын полимерлер алудың радиациялық технологияларын әзірлеу; ядролық сынаулардың геофизикалық мониторингі жүйесін дамыту; жерасты ядролық жарылыстар өткізу, РАҚ-ты оқшаулау, ядролық қондырғылар құрылысы мен пайдалану орындарындағы жер қойнауының жай-күйін зерделеу және бағалау;
Қазақстанның атом саласына арналған кадрларды даярлаудың білім беру технологияларын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылды.
2. Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын жасауға және пайдалануға ғылыми-техникалық қолдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: жылу жүктемесі және эрозия әсері сипатындағы жағдайларда КТМ-ның бірінші қабырғасы мен диверторын қорғау материалдарының үстіңгі қабаттарының микроқұрылымы мен химиялық құрамының өзгеру ерекшеліктері анықталды; плазманың жабу материалдарымен әрекеттесу процестерін, қоспа диффузиясын, жабу материалдарының ақаулық құрылымының эволюциясы мен қасиеттерінің өзгеруін моделдеу үшін компьютерлік бағдарламалар кешені жасалады, КТМ диагностикалық жүйелерін, жабдықтары мен материалдарын имитациялық сынауларға арналған стендтың жекелеген бөлшектерін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді; диагностикалар даярланды және имитациялық стендтың жабдықтарын реттеу бойынша жеке диагностикалық жүйелерді және плазманың конструкциялық материалдарымен әрекеттесуін зерттеу кезінде өлшеу әдістемесін әзірлеу жұмыстарының бағдарламасы әзірленді;
КТМ тоқамақтың физикалық диагностикалар калибровкасының әдістемесі жасалды, КТМ тоқамақтың тәжірибелік калибровкасы мен диагностикасын қалыптастыру мәліметтері алынды;
КТМ тоқамақ диагностикасының калибровкасын ескере отырып тәжірибелік мәліметтер бойынша физикалық процестерді талдау үшін клиент-серверлік БҚ жүйесі жасалды; плазманың физикалық диагностикасының микротолқындық және рентгендік жүйелерінің тәжірибелік мәліметтері алынады. Плазма диагностикасының жаңа жүйелерін жасау үшін әдістемелік және аспаптық базасы құрылды; жүйенің жұмысқа дайындығы және молекулалық шоғырдың нақты газодинамикалық сипаттамалары туралы тәжірибелік мәліметтер алынды.
КТМ-ның жұмыс шарттарына жақын жағдайдағы сутегі изотоптарының графитпен әрекеттесуінің тәжірибелік зерттеу деректері жүргізілді; КТМ-ның WEB-сайтында ақпаратты іздеу мен алмасудың автоматтандырылған жүйесі жасалды және енгізілді;
КТМ тоқамақтың жеке диагностикалық жүйелерінің жұмысқа дайындығы туралы мәліметтер алынатын болады;
бірегей қондырғыда ғылыми эксперименттердің әдістемелерін әзірлеу және олардың негізінде персонал тренингін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғастырылды;
эксперименттік стендттерде және Т-10 тоқамақтада тозаң түзілу процестерін зерттеу және қабырғалық тозаңдық плазманың қасиеттерін зерттеу бойынша жұмыстар жалғастырылды;
Т-10 тоқамақта нақты физикалық эксперимент нәтижелері алынды және оларды талдау; әлемде қабылданған өңдеу стандарттарын зерделеу және Т-10 секілді бірегей қондырғыларда деректерді ұсыну.
3. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалардың орта, шағын кен орындарын игеру және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
геологиялық деректер кеңістігінде орналасқан әртекті, ретсіз негізде үшөлшемді модельдерді құрудың схемасы қалыптасты;
кендердің технологиялық қасиеттерінің деректер банкісін құру басталды; геологиялық құрылымдардың табиғи және кеңістіктік орналасуын нақтылау үшін батқыш кіші телекамераларды қолданумен ұңғыма ішін телебақылауды пайдаланудың мүмкіндігі негізделді;
көпбағаналы ұңғымалардың бүйірлік бағытталған бағандарының кеңістіктік қалпын бақылайтын ұңғыма ішіндегі навигациялық жүйелердің құрамдас жүйелері ұсынылды;
жете зерттелмеген шағын және орташа кенорындарын бағалауда қолданылатын кен-геологиялық объектінің тиімділік көрсеткіштері белгілі жер игеру объектілерін кезеңдер мен игеру сатылары бойынша геологиялық, кен-техникалық, технологиялық, экономикалық зерттелудің құрылымдық-функционалдық жүйесі әзірленеді;
ұңғымалы әдіспен пайдалы құрылымдарын алу көлемін арттыру үшін ұңғыма жанының аймағындағы кенді және кенсіз қабаттарын геоқопсытудың тиімді әдістері ұсынылды;
нарықтық жағдайда жете зерттелмеген шағын және орташа кенорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемелері әзірленді.
4. ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
жоспарланған жұмыстарды жүргізу үшін ДЦ-60 жеделдеткішінде ауыр иондар шоғын үдету, тасымалдау және қалыптастыру режимдері;
берілген сәулелендіру жағдайындағы төмен және жоғары энергиялы ауыр иондарды енгізу бойынша жетілдірілген эксперименттік қондырғылар;
төмен және жоғары энергиялы ауыр иондармен құралымдық материалдарды сәулелендірудегі ақаулық құрылым мен екінші реттік процестерді зерттеудің алғы нәтижелері;
әртүрлі энергиялы ауыр иондармен сәулелендірудегі асқын өткізгіштік наноматериалдардың радиациялық қалыптасуы мен материалдардағы иондық енгізу бойынша ғылыми және технологиялық жұмыстардың нәтижелері;
корреляциялық эксперименттерді жүргізуге арналған қондырғы мен алынған нәтижелерді өңдеуге және есеп жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету топтамасы;
кулондық тосқауыл жанындағы өзара әрекеттесу энергияларында ядролық материяны зерттеу үшін эксперименттік және теориялық зерттеулер өткізу;
сәулелендірілген полиэтилентерефталатты үлпекті технологиялық өңдеуді игеру үлпектің желінуінің жасалып біткен технологиясы және алынған ізді жарғақты тестілеу;
ізді жарғақты пайдалану арқылы ақаба суларды жасанды радинуклидтерден тазарту кешенді технологиясын негіздеу үшін теориялық және эксперименттік зерттеулердің деректері;
ізді жарғақты қолдану бойынша мамандандырылушы студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар;
ДЦ-60 үдеткіш базасында үдеткіш кешенді пайдалану бойынша, ядролық физика бойынша, материалтану бойынша, радиациялық технология бойынша, ядролық ізді жарғақтарды алу және қолдану технологиясы бойынша және басқа да ғылымды қажетсінетін технологиялар бойынша нормативті-әдістемелік құжаттама.
Түпкі нәтиже:
- атом энергетикасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша:
өнеркәсіптік өндірісті одан әрі өсіруге бағытталған жұмыстардың ірі кешенін ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау, импортты алмастыратын және сараптық бағдарланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, жаңа ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру және тұтас экономиканы инновациялық қайта құру;
- Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын жасау мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша:
плазма диагностикасына арналған тәжірибелік стендтер пайдалануға енгізілді; КТМ-нің камераішілік элементтері мен қабылдау-диверторлық пластиналарының кандидат материалдарының физикалық қасиеттері зерделенді; материалдар үлгілерін КТМ қондырғысына экспонаттауға дейінгі және кейінгі зерттеудің жаңа әдістері әзірленді; КТМ бірегей қондырғысында ғылыми эксперименттердің әдістемелері әзірленді;
- Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының орташа және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде: жер қойнауын ықтимал пайдаланушылар ары қарай игеру үшін жете зерттелмеген кенді игеру объектілерін бағалаудың шынайылығын растауға және тендер алдындағы дайындық кезеңінде игеруге көзделген жете зерттелмеген кенді игеру объектілерінің бағасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленетін болады;
- ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша: ғылымды қажетсінетін озық технологияларды дамыту, Қазақстанның жаңа астанасында жаратылыстану ғылымы саласында ғылыми ортаны қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің құны (ғылыми-техникалық сараптауды қоса алғанда):
атом энергетикасын дамытуға - 652744 мың теңге; Тоқамақ қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 79602 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орташа, шағын кен орындарын игеруді және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамытуға - 34593 мың теңге; ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамытуға - 107 000 мың теңге;
ғылыми жабдықтарды сатып алу үшін ғылыми ұйымдарға 24961 мың теңге сомасында күрделі трансферттер аударылды, оның ішінде мына бағыттар бойынша: атом энергетикасын дамытуға - 13007 мың теңге; Тоқамақ қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауды және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 5487 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының орташа және шағын кен орындарын игеру кезінде және тендер алдындағы геотехнологияларды дамытуға - 6467 мың теңге.
Уақыттылығы: жыл бойы жасалатын шарттарға сәйкес.
Сапасы: ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіптің қауіпсіздігі мен тиімділігі деңгейін арттыру; кенді және кенсіз объектілерді бағалаудың әдістемелерін жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
294-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 758090 мың теңге (жеті жүз елу сегіз миллион тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының квотасы бойынша Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ИТЭР 1994 жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 143-Ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: реакторлық материалтану үшін Қазақстан Республикасында бірінші Тоқамақ термоядролық қондырғыны (КТМ) құру, Қазақстан Республикасында ғылымды қажетсінетін және ядролық технологияларды дамыту, Республикада ғылыми әлеуетті дамыту, термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарын зерттеулерді жүргізу, зерттеу материалдарының жаңа кешенді әдістерін пысықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зерттеу жүргізу, конструкциялық материалдарды сынау әдістерін пысықтау үшін физикалық диагностикалар әдістемелері мен жүйелерін әзірлеу және игеруге арналған жағдайларды қамтамасыз ету; өлшемдердің әдістемелік базасын құру; басқарылатын термоядролық синтез саласында зерттеулерді жүргізу үшін халықаралық зертхананы құрудың ұйымдық іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамалық тәртіпке сәйкес Тоқамақ Қазақстан термоядролық материалтану реакторын құру жөніндегі іс-шараларды орындау: 1. КТМ қондырғысын штаттық жұмыс орнында монтаждау. КТМ қондырғысына технологиялық жүйелерді қосуды бастау. КТМ қондырғысының автономдық сынаулары. 2. КТМ кешенінің қосалқы технологиялық жүйелері мен бақылау жүйелерінің жабдықтарын дайындауды, жиынтықтау мен жеткізуді аяқтау. 3. Плазманы жоғары жиілікте қыздыру жүйесінің жабдықтарын дайындауды және жиынтықтауды жалғастыру. 4. КТМ қондырғысының физикалық диагностикаларын дайындауды, жиынтықтылауды және жеткізуді жалғастыру. Жабдықтарды автономиялық тексерулер. 5. Жабдықтарды дайындауды, жиынтықтылау және жеткізуді жалғастыру, плазманың вакуумдық сорып шығару, газ жіберу және сөндіру жүйесін монтаждау. 6. Жабдықтарды дайындауды, жиынтықтылауды және жеткізуді, және технологиялық салқындату жүйесін монтаждауды жалғастыру. 7. Жабдықтарды дайындауды, жиынтықтылау мен жеткізуді және тәжірибелерді автоматтандыру жүйесін монтаждауды жалғастыру. Автономдық іске қосу-реттеу жұмыстарын бастау. 8. Импульсті электрмен жабдықтау жүйесінің жабдықтарын жиынтықтылау мен жеткізуді жалғастыру. Штаттағы жұмыс орындарында жабдықтарды монтаждауды жалғастыру. Автономдық іске қосуреттеу жұмыстарын бастау. 9. Сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі іске қосу-реттеу жұмыстарын бастау. Жүйені пайдалануға қабылдауға даярлау. 10. КТМ кешенінің алаңын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру. 11. КТМ кешенін пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу. 12. КТМ кешенін күзету. Физикалық қорғау, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелерін және инженерлік жүйелердің пайдаланылуын қамтамасыз ету. Отын сатып алу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Штаттағы жұмыс орнында КТМ қондырғысының монтажы орындалды;
КТМ кешенінің қосалқы технологиялық жүйелері мен бақылау жүйелерінің жабдығы дайындалды және жеткізілді;
вакуумды сорғызып алу, газ жіберу және плазманы сөндіру жүйелерінің жабдығы дайындалды және жеткізілді;
технологиялық суыту жүйесінің жабдығы дайындалды және монтажы орындалды; тәжірибелерді автоматтандыру жүйесінің негізгі бөлігі дайындалды, автономдық іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді;
плазманы жоғары жиілікте қыздыру, физикалық диагностикалар, импульстік электрмен жабдықтау жүйелері жабдықтарының негізгі бөлігі дайындалды;
сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі пайдалануға дайындалды;
КТМ кешенін абаттандыру бойынша жұмыстар орындалды;
Жылу беру маусымына отын сатып алынды, инженерлік жүйелерді пайдалану және КТМ кешенін күзету қамтамасыз етілді;
КТМ кешенінің персоналын дайындау бойынша жұмыстар орындалды.
Түпкілікті нәтиже: қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын (КТМ) 2009 жылы пайдалануға іске қосу.
Қаржы-экономикалық тиімділік: Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділік жаңа технологиялық дағдыларды іске асыру, ұлттық ғылыми-техникалық персоналды дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жеңу, инновациялық қызметті ынталандыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
295-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Отын-энергетика кешендегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіру»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 107661 мың теңге (бір жүз жеті миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8-бабы; «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 3-6, 9, 12-баптары; «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 18, 21, 22, 26-баптары; «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібі мен атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1) көмір өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және көмір саласының халықаралық стандарттарға көшуіне жағдай жасау;
2) Қазақстан Республикасында электр және жылу энергиясының сапасына тұрақты бақылау жүйесін құру, энергетикалық кәсіпорындардың қондырғыларын пайдалану кезінде энергиямен жабдықтау сенімділігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) энергия үнемдеу жүйесі мен саясатын әзірлеу және өнімнің энергия сыйымдылығын кезең-кезеңімен төмендету және энергетикалық тиімділікті арттыру жолдары.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) көмір саласының нормативтік құжаттарын халықаралық талаптармен үйлестіру;
2) электр энергетика саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қайта қарау;
3) материалдық өндіріс саласында энергия тұтынуды азайтуға негізделген ғылыми және техникалық бағытталған мақсатты жобалардың кешенін әзірлеу. Экономиканың әрбір энергияны қажет ететін салаларынан мақсатты жобаларды жүзеге асырудың тетіктерін әзірлеу, бағдарламаны нормативтік-техникалық сүйемелдеу;
4) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан жаңа кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмір өндіру бойынша нормативтік жобалау құжаттамасымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Отын-энергетика кешендегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіру | | | |
2 | | 101 | Көмір саласында | 1. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу: 1) ҚР СТ Қаражыра көмір кенорны. Техникалық шарттар. 2) ҚР СТ Сарыадыр көмір кенорны. Техникалық шарттар. 3) ҚР СТ Кендірлі көмір кенорны. Техникалық шарттар. 4) ҚР СТ Көмір мен оның қайта өңделген өнімдерінің сәйкестігіне растау жүргізу тәртібі. 5) ҚР СТ Көмірлер. Петрографиялық талдау. 4-бөлім. Микролитотиптік құрамды анықтау. 6) ҚР СТ Көмірлер. Петрографиялық талдау. 5-бөлім. Көріну көрсеткішін анықтау. 7) ҚР СТ Қатты минералдық отын. Терминдер мен анықтамалар. 1-бөлім. Байыту. 8) ҚР СТ Қатты минералдық отын. Терминдер мен анықтамалар. 2-бөлім. Бақылау, сынау, талдау. 9) ҚР СТ Қатты минералдық отын. Қабаттық сынамаларды іріктеу. 10) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды қолмен іріктеу. 11) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 1-бөлім. Жалпы басшылық. 12) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 2-бөлім. Көмір. Сынамаларды қозғала- тын ағындардан іріктеу. 13) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 3-бөлім. Көмір. Сынамаларды қозғал- майтын ағындардан іріктеу. 14) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 4-бөлім. Көмір. Сынамаларды сынау үшін дайындау. 15) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 5-бөлім. Кокс. Сынамаларды қозғала- тын ағындардан іріктеу. 16) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық ірік- теу. 6-бөлім. Кокс. Сынамаларды сынау үшін дайындау. 17) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 7-бөлім. Сынамаларды іріктеудің, дайындаудың және сынаудың ұқсастығын анықтау әдістері. 18) ҚР СТ Тас көмір және кокс. Сынамаларды механикалық іріктеу. 8-бөлім. Ауытқуларды анықтау әдістері. 2. Қолданылып жүрген стандартқа 1 өзгерісті әзірлеу: ҚР СТ 1246-2004 Қатты минералдық отын. Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді активтілігін анықтау. 3. Көмір өнімдерінің каталогтары мен топтастырғыштарын әзірлеу: 1) Қаражыра кен орнының; 2) Сарыадыр кен орнының; 3) Кендірлік кен орнының. 4. Көмір өндіретін (шахталар, разрездер) кәсіпорындар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің эталонын әзірлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 102 | Электро-энергетика және мұнай өңдеу саласында | 1. Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамаларды талаптарға сәйкес әзірлеу: 1) Жылу электр станциялары қазандықтарының қызатын беттерінде техникалық қызмет көрсетуді ұйым- дастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар. 2) Бумен асқын қыздырғыштар мен бу өткізгіштердің қалың қабатты элементтерін ультрадыбыстық бақы- лау бойынша әдістемелік нұсқаулар. 3) Реле қорғанысы және электр автоматикасы қызметі туралы үлгі ереже. 4) Жылу электр станцияларындағы отынның үлесті шығынын есеп- теу үшін қатты, сұйық және газ тәрізді отын сапасын бақылау бойынша әдістемелік нұсқаулар. 5) Қысымы 4 МПа-ға дейінгі қазандық қағырандарының металын бақылау бойынша нұсқаулық. 6) Жылу электр станцияларының жылыту және желдету жүйелерін пайдалану бойынша үлгі нұсқаулық. 7) Шар қағыранды диірмендер мен өндірістік бункерлі тозаң дайындағыштардың жеке-дара жүйелерін пайдалану бойынша үлгі нұсқаулық. 8) Электр станциялары және желілерін (жылу-механикалық бөлім) техникалық пайдалану ережелерін оқып үйренуге арналған оқу құралы. 9) Электр станциялары және желілерін (электр құрал-жабдықтарын) техникалық пайдалану ережелерін оқып үйренуге арналған оқу құралы. 10) Металға бақылау жасау және II, III, IV категориялы құбырлардың қызмет мерзімін ұзарту бойынша әдістемелік нұсқаулар. 11) Кернеуі 10 кВ-ға дейінгі ток жеткізгіш кабельдердің бүлінген жерлерін анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар. 12) 6-35 кВ. электр желілеріндегі жерге тұйықталу сыйымдылық тогының орнын толықтыру бойынша Үлгі нұсқаулық. 13) Электр станциясының қуатын шектеуді есептеу және есебін жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. 14) Тұзды судың тұзын алу үшін қолданылатын буландырғыштың (градирня) темір-бетон қаптамаларына тікелей тексеру жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. 15) Желдетілетін көмір ұсақтағыш диірмендердің (шар қағыранды, орта жүрісті үгіткіш диірмендер мен диірмен-желдеткіштер) үгіткіш органдарының пайдалану мерзімін анықтау бойынша тікелей сынақ жүргізудің үлгі әдістемесі. 16) Жылу электр станциялары қазандықтары сақтандыру құрылғыларын пайдалану, тексеру тәртібі мен мерзімдерін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық. 17) Жылыту маусымына қарай жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің дайындығын анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар. 18) Су жылытқыш қазандықтарды химиялық жолмен тазартуды пайдалану бойынша үлгі нұсқаулық. 19) Жылу жүйелерін қосымша қоректендірудің автоматты деаэрациялық қондырғыларын пайдалану бойынша үлгі нұсқаулық. 20) Ток жеткізгіш майлы трансформаторлар. Нөлдік кезекті- лікпен ток арқылы қыздыру тәсілі. 2. Қуат тұтыну нормативтерді өңдеу: Энергетикалық тиімділікті айқындау үшін Қазақстан энергетика кәсіпорындарына тексеру жүргізу. Энергия тұтыну нормативтерін әзірлеу үшін бастапқы ақпарат мониторингі 2-3-кезеңдер. Экономика саласында отын, жылу және электр энергиясы шығынын мөлшерлеу бойынша ережелер әзірлеу. | | |