Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3810706 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз он миллион жеті жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 878 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызметтердің жоғары сапасын және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау саласын құруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту, көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру, медициналық, фармацевтикалық білім беруді және медициналық ғылымды реформалау, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамыту, дәрілік қамтамасыз етудің сапасы мен қол жеткізілімін жақсарту, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену шеңберінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Жобаны үйлестіру және іске асыру үшін жергілікті және халықаралық консультанттардың, операциялық шығыстарды төлеуді қоса алғанда, қызметтерін сатып алу. Жобаның тиісті компоненттері бойынша халықаралық консультанттарды тарту. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқару жүйелерін жетілдіру бойынша қызметтерді сатып алу. Жоба компоненттерінің тиісті іс-шаралары бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерін ел ішінде және шетелде оқыту. Денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің оқу орталықтары, лицензиялау және медициналық емтихандар үшін қажетті жабдықтарды сатып алу. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу. Жоба компоненттерінің тиісті іс-шаралары бойынша нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық құжаттамаларын әзірлеу. Медициналық білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру. Медициналық жоғары оқу орындарында оқу-клиникалық орталықтарын құру. Медициналық білімге инновациялық және ақпараттық технологияларды енгізу. Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру жөнінде нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу. Денсаулық сақтау саласын басқарудың ақпараттық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін институционалдық базаны құру, ақпараттық технологиялар бойынша жабдықтарды сатып алу және байланыс шығындарын төлеу. Ұлттық ақпараттық дәрілік орталықты құру және оны жарақтандыру. Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық кіші орталықты құру және оны жарақтандыру. Шетелде оқыту және тағылымданудан өтуді ұйымдастыру жөніндегі компанияны қызметке тарту (шетелде денсаулық сақтау қызметкерлерін), жоба бойынша жұмыс істейтін мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру, тағылымданудан өткізу, нұсқаушыларды білім беру және тарату бойынша оқыту. Жобаны іске асыру бойынша әкімшілік және операциялық шығыстар. Өңірлік семинарлар мен конференциялар өткізу. Жобаның тиімділігін бағалау және мониторингін жүргізу үшін компанияны немесе мамандар тобын тарту. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: саланы басқару және қаржыландыру жүйелерін жаңғырту жолымен халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, медициналық қызметтер сапасын арттыру, халықты дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар саладағы кадрлар саясатын, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру.
Түпкілікті нәтиже: халыққа барынша тиімді және сапалы медициналық көмекті ұсыну, сенімді және уақтылы ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қысқа мерзімдегі жергілікті консультанттың 1 адам/ай қызметі 227,2 мың теңгеден, халықаралық консультанттікі - 2 840 мың теңгеден аспайды.
Уақтылылығы: бағдарлама бойынша барлық іс-шаралар бюджеттік бағдарламаның осы паспортымен белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
Сапасы: барлық жоспарланған іс-шаралардың 100% орындалуы.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-1-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың жарғылық капиталын құру»
деген 062 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 223 900 мың теңге (екі жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік қүқықтык негізі:»Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ұлттық медициналық холдинг құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: »Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с № № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 062 | | «Ұлттық медици- налық хол- динг» АҚ-тың жарғы- лық капита- лын құру | «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ұлтық ғылыми орталығы» АҚ жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру | Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ құрылған жарғылық капиталдары және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Соңғы нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарлықшы капиталдары мөлшері - 223900 мың теңге.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-2-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия
төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 063 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32439 мың теңге (отыз екі миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы; «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту кезеңінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: стипендияны нормативке дейін жеткізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 063 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіп- тік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендия төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджет- терге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне жер- гілікті атқарушы органдардың мемле- кеттік тапсырысы негізінде техника- лық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиясын 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу үшін республикалық бюджеттен нысана- лы ағымдағы тран- сферттерді аудару. Жергілікті атқару- шы органдардың мемлекеттік тапсы- рысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым- дарында білім алушылардың сти- пендиялары мөлше- рінің айырмашылы- ғын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету. | Қыркүй- ек-жел- тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімде- рі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде білім алушылардың стипендияларының мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу.
Облыстар бойынша стипендиаттардың орташа жылдық контингенті 7783, соның ішінде: Ақмола облысы - 286, Ақтөбе облысы - 432, Алматы облысы - 244, Атырау облысы - 345, Шығыс Қазақстан облысы - 640, Жамбыл облысы - 738, Батыс Қазақстан облысы - 521, Қарағанды облысы - 560, Қостанай облысы - 306, Қызылорда облысы - 448, Маңғыстау облысы - 233, Павлодар облысы - 371, Солтүстік Қазақстан облысы - 199, Оңтүстік Қазақстан облысы - 1272, сондай-ақ Алматы қаласы - 435 және Астана қаласы - 753.
Соңғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімінің сапалы көрсеткішін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 оқушының стипендиясын төлеудің ай сайынғы айырмашылығы орташа есеппен 853 теңгені құрайтын болады.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиялары мөлшерінің айырмашылығын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: білім алушылардың жалпы контингенті ішінен стипендиямен қамтамасыз етілуі орта есеппен 81 пайыз.
Ескертпе:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-3-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер»
деген 064 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 998-35қ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өзекті зерттеу негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті және оларды тиімді дамытуды арттырудың жолдары мен тетіктерін анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 064 | | Денсаулық сақтау са- ласындағы өзекті зерт- теулер | Медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулер жүргізу бойынша қызметке төлеу | Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есептер қалыптастырылатын болады, әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады, медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады және денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулердің нәтижелері енгізілетін болады.
Соңғы нәтиже: Денсаулық сақтау ұйымдары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулер - 37000,0 мың теңге;
медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу - 43000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттар сәйкес.
Сапасы: Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес зерттеулердің сапасы деңгейін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген барынша өзекті мәселелерді қамту, өзекті зерттеулер мен оларды шешуге ықпал ететін ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
289-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 18 500 мың теңге (он сегіз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу, контентін өзекті ету және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу және контентін өзекті ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін дамыту | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін жақсарту.