2) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың болуын, қажет болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бір жылдың ішінде берген «суықтық тізбегінің» болуын тексеру актісі;
3) дәрілік заттарды өндірушімен өнімді (дәрілік заттардың тізбесін көрсете отырып) Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
260. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың бір жүз пайызға тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға тиіс.
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ерекшеліктері
261. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушылары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болып табылады.
262. Жыл басынан бастап амбулаториялық ауруларды үздіксіз қамтамасыз ету үшін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс алдыңғы жылы келесі жылға арналған бюджетті бекіткеннен кейін өткізіледі.
263. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуға байланысты фармацевтикалық бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан жүзеге асырылады.
264. Республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде орталықтандырылып сатып алынған, диабетпен және онкологиялық аурулармен ауыратын амбулаториялық ауруларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер (дәрілік заттарды сатып алуды қоспағанда) бөлек жүзеге асырылады.
265. Конкурстық құжаттамада мынадай:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) халықаралық патенттелмеген атаулармен тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесі;
3) өтем коэффициентін көрсете отырып, халықаралық патенттелмеген атаулармен жеңілдік шарттарымен берілетін дәрілік заттардың тізбесі;
4) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің көлемі үшін өтемнің жалпы сомасы;
5) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есепке алу жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техникаға және телекоммуникациялық байланыс құралдарына қойылатын талаптар;
6) осы Ереженің 4, 5-қосымшаларына сәйкес амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін өнім берушілермен шарттың үлгі нысаны;
7) көрсетілетін қызметтердің көлемдері;
8) қызметтер көрсету орны;
9) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
10) төлем шарттары;
11) конкурстық баға өтінімінің мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;
12) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мен табыс ету тіліне қойылатын талаптар;
13) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, мазмұны және түрлері;
14) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз конкурстық өтінімін оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;
15) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс ету тәртібі, тәсілі, орны және түпкілікті мерзімі (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күніндегі он бес сағаттан кешіктірмей) және конкурсқа қатысуға өтінімдер қолданылуының талап етілетін мерзімі (мемлекеттік орган өткізетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші табыс ететін конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап 45 күннен кем болмауға тиіс. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі аз конкурстық өтінім кері қайтарылады);
16) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру сұрата алатын тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен өткізілетін кездесу өткізу орны, күні мен уақыты;
17) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты;
18) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдерін сипаттау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру;
19) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
20) мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы (әрбір лот бойынша);
21) Заңда белгіленген жағдайларда жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекен-жайы туралы ақпарат пен мәліметтер қамтылуға тиіс.
266. Әлеуетті өнім беруші қызметтерді көрсету жөнінде бірлескен орындаушылар ретінде жеке және заңды тұлғаларды тартқан жағдайда, әлеуетті өнім беруші олардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттарды да табыс етеді.
267. Конкурстық құжаттамада дәрілік заттардың сауда атауына, шыққан жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына жол берілмейді.
268. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер мен құжаттар қамтылуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің Үлгі конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес өтінімі;
2) өндірушіні көрсете отырып, сауда атауымен тапсырыс беруші айқындаған әрбір дәрілік заттың сатылу бағасы;
3) функционалдық сипаттамаларын көрсете отырып, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есепке алу жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы туралы мәліметтер;
4) бөлшек саудада сату объектілеріне қосымшалармен бірге, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) сату объектілеріне қосымшаларымен бірге есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (есірткі заттары мен психотроптық заттары бар дәрілік заттарды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер табыс етеді);
6) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсету орны.
269. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге мынадай негізгі талаптар қояды:
1) дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуға байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқылы болуы;
2) денсаулық сақтау жүйесінде есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметпен айналысуға құқылы болуы (қажет болған кезде тапсырыс берушінің қалауына байланысты белгіленеді);
3) фармацевтикалық нарықта кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибені қоса алғанда);
4) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есепке алу жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы;
5) қызметтер көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс.
270. Берілетін дәрілік заттарға тапсырыс берушілер мынадай талаптар қояды:
1) Қазақстан Республикасында тіркелуінің және қолдануға рұқсатының болуы;
2) бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі (сәйкестілік сертификатының болуы немесе ілеспе құжаттарында сертификаттың нөмірін және берілген күнін көрсету);
3) амбулаториялық аурулардың тиісті санаты үшін тиісті уәкілетті орган бекіткен қолдану жөніндегі нұсқаулықтың сәйкес келуі;
4) төменгі температурада сақтауды және мұздатудан қорғауды талап ететін дәрілік заттарды тиеу нүктесінен сату объектісіне дейін арнайы ыдыста сақтау мен тасымалдау.
271. Қызметтерді әлеуетті көрсетушілердің конкурсқа қатысуға өтінімінде мынадай мәліметтер мен құжаттар қамтылуға тиіс:
1) өндірушіні көрсете отырып, сауда атауымен тапсырыс беруші айқындаған әрбір дәрілік затқа сату бағасы;
2) функционалдық сипаттамаларын көрсете отырып, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есепке алу жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы туралы мәліметтер;
3) бөлшек саудада сату объектілеріне қосымшалармен бірге, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) сату объектілеріне қосымшаларымен бірге есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (есірткі заттары, психотроптық заттары бар дәрілік заттарды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер табыс етеді);
5) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсету орны.
272. Тапсырыс берушілер бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде берілген рецептердің тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін қызметтерді берушілерге ай сайын шығындарды өтейді.
Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін
қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
273. Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде міндетті түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) жүргізілетін, олар үшін Заңда сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсілі көзделмеген мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылуға тиіс.
274. Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстың ерекше тәртібі, жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың конкурсын өткізу, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу және МҒТС өлшемдері мен параметрлеріне сәйкес келуін бағалау негізінде ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау қажеттілігінен тұрады.
275. Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалардың және (немесе) жобалардың конкурсы негізінде өткізуге болады.
276. МҒТС талаптарына сәйкес конкурстық өтінімдерді бағалау талаптары мен өлшемдерін белгіленген тәртіппен тапсырыс беруші анықтайды және конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын Нұсқаулықта көрсетіледі.
277. Мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар тізбесін тапсырыс беруші Заңның 29-бабының негізінде және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес анықтайды.
278. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші әрбір бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресімдейді және бағдарламалар мен жобаларды іске асыру кезінде ұсыныстың ғылыми-техникалық тиімділігін, әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдарын және зерттеулердің нәтижелерін сараптамалық бағалау үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты, сондай-ақ қабылданған міндеттемелерді орындау үшін кәсіби білімдердің, тәжірибенің, беделдің, қажетті қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
279. Конкурстық құжаттаманы Заңның 17-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлейді және МҒТС бағдарламалары мен жобаларын бағалау талаптары мен өлшемдерін қамтуға тиіс.
280. Бастапқы конкурстық өтінімдерді ашу және түпкілікті қабылдау мерзімін тапсырыс беруші Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.
281. Әлеуетті өнім беруші дайындаған және ұсынатын конкурстық өтінім мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін қажетті біліктілікті меңгергендігін куәландыратын құжаттамалық дәлелдер;
3) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсету шарттары;
4) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.
282. Бастапқыда конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілердің Заңның 8-бабында санамаланған біліктілік талаптарға және конкурстық өтінімдердің техникалық ерекшелігі мен бағаларының талаптарына сәйкестігін қоспағанда, конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкестігін қарайды.
283. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімді егер:
1) оны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, қайтарады.
284. Ашу нәтижелері осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес тиісті нысан бойынша жеке хаттамамен ресімделеді.
285. Ашу нәтижелері бойынша Заңның 8-бабының талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкес келеді деп танылған конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жібереді.
286. Қажет болған жағдайда бағдарламалар және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жобалары арнайы (экологиялық және/немесе басқа) сараптамаға жіберілуі мүмкін.
287. МҒТС ұсынымы бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің және бағдарлама жобасының (жобаның) техникалық ерекшелікке сәйкестігі мәселесін қарайды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арнап бөлінген қаржыландыру көлемінің шеңберінде қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ескере отырып бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
288. Салыстыру және салыстырып тексеру мақсатындағы бағадан басқа, конкурстық өтінімдерді бағалау мынадай өлшемдерді қамтуы тиіс:
1) жобаның конкурс жарияланған бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес келуі;
2) жоспарланатын жұмыстардың жаңашылдығы, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті, перспективалығы, кешенділігі, отандық және шетелдік ұқсастармен салыстырғанда күтілетін нәтижелердің басымдығы;
3) жобаның іске асыруға дайындық деңгейі, технологиялық іске асырымдылығы, ғылыми-техникалық бөлімінің болуы;
4) жұмыстарды іске жүргізудің экономикалық тиімділігі мен орындылығы;
5) қойылған міндетті орындау үшін орындаушылар ұжымының жеткілікті біліктілігі мен оның тәжірибесі (кадр құрамы, ғылыми-өндірістік әлеует);
6) қойылған міндетті орындаудың ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
7) сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі.
289. Ерекше тәртіпті қолдана отырып ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурстық өтінімнің қолдану мерзімі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнінен бастап кемінде 75 күнтізбелік күнде белгіленеді.
290. Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама нысанында шешіммен ресімделеді.
291. Ғылыми ұйымдар ғылыми қызмет ерекшелігіне орай конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуден босатылады.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік
құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің веб-сайтында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) СТН (ЖСН) көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар.
293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.
Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді
өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
295. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, егер көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
296. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу ашық конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
297. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде үш күнтізбелік күнде жарнама мәтінін Бюллетенде жариялау үшін Заңға сәйкес уәкілетті орган анықтаған заңды тұлғаға ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін жіберуге міндетті.
298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Бюллетенге қосымша ретінде басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру мәтінін жариялауға құқығы бар.
299. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе патенттің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға.
300. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындыларын шығарады.
301. Конкурстық комиссия егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе;
2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасы сатып алуға бөлінген сомадан асса, конкурстық өтінімді қайтарады.
302. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын баға ұсынған кем дегенде бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурсты өтті деп тани алады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі
303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
306. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабілетінің болуы;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.
307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ тапсырыс берушінің веб-сайтында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттаманың мәтіні жарияланады.
308. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда осындай өтінімдерді қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап отыз күнтізбелік күнге дейінді құрауы мүмкін). Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімде тиісінше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.
Ережеге
1-қосымша
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
номенклатурасы
Р/с № | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізімдемесіне сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы | Қазақстан Республикасының тиісті стандарты, осындай стандарт қолда болған кезде, сондай-ақ, қажет болған кезде басқа елдердің стандарттары | Өлшем бірлігі | Саны, мөлшері | Бір бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін жоспарланатын сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сатып алынуы Заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер |
Жиыны | х | | х | х | х | |
Сатып алынуы Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер |
Жиыны | х | | х | х | х | |
Барлығы | х | | х | х | х | |
Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә., қолы
М.О.* Стандарттар бойынша деректер мемлекеттік органдарға өтеусіз негізде беріледі
Ережеге
2-қосымша
_______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін