7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.
Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, оралмандардың ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапа: Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
160-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2785500 мың теңге (екі миллиард жеті жүз сексен бес миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2, 4-баптары, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4, 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табысы кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларды), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар, табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектің, 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күн көрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі бала- ларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне атаулы әлеуметтік мемлекеттік көмек көрсетуді төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер | 1. Табысы кедейлік шегінен темен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік кемек көрсету үшін облыстық бюджеттерге ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. 2. Табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді облыстарға, Алматы және Астана қалаларына аударымдар жасау арқылы уақтылы ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстар, Алматы және Астана қалаларының Әкімдері. |
3 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер | 1. Табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу үшін облыстық бюджеттерге ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. 2. Табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін облыстарға, Алматы және Астана қалаларына аударымдар жасау арқылы уақтылы ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстар, Алматы және Астана қалаларының Әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
жылына 64,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету; жылына 154,1 мың балаға жәрдемақылар төлеу, оның ішінде:
Ақмола облысы - 2,3; 5,1;
Ақтөбе - 2,5; 4,3;
Алматы - 4,0; 8,4;
Атырау - 2,8; 5,9;
Шығыс Қазақстан - 11,3; 7,5;
Жамбыл - 6,6; 9,0;
Батыс Қазақстан - 4,2; 7,8;
Қарағанды - 4,8; 8,2;
Қостанай - 3,0; 18,9;
Қызылорда - 3,9; 18,9;
Маңғыстау - 1,6; 1,4;
Павлодар - 4,0; 4,6;
Солтүстік Қазақстан - 4,0; 5,6;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 7,8; 47,8;
Алматы қ. - 1,2; 0,5;
Астана қ. - 0,5; 0,2 тиісінше.
Соңғы нәтиже: табысы кедейлік шегінен төмен адамдардың (отбасылардың), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар, табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері айына 1598 теңге, балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1168 теңгені құрайды.
Уақтылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-іне дейін уақтылы телеу.
Сапасы: табысы кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларды), сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
161-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«1995 жылғы қараша айына дейін құрылған»Қарметкомбинат МАҚ-ы
қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу
үшін Қарағанды облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттер"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 176300 мың теңге (бір жүз жетпіс алты миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 44-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі мемлекет міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | 1995 жылғы қараша айына дейін құрылған «Қарметкомбинат» МАҚ- ы қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеу үшін Қарағанды облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қарағанды облыстық бюджетіне «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін өтеуге арналған нысаналы ағымдық трансферттерді аудару | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін төлеу.
Соңғы нәтиже: «Қарметкомбинат» Мемлекеттік акционерлік қоғамының қызметкерлеріне жалақы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін қалыптасқан берешектің қалған бөлігін өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: алушыларға берешекті уақытында төлеу.
Уақтылылығы: жыл бойы.
Сапа: берешекті уақытында төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
162-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді
әдіснамалық қамтамасыз ету»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21 448 мың теңге (жиырма бір миллион төрт жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің қоғамға кірігуіне және тыныс-тіршілігіне басқа адамдармен тең мүмкіндіктер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдарды және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
- мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық көмектің сапасын жақсарту және қол жетерліктей қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек көрсетуді әдіснамалық қамтамасыз ету | І. Протездік-ортопедиялық кәсіпорындар үшін бұйымдардың жаңа түрлеріне техникалық құжаттама әзірлеу: - протездеу және протез салу жөнінде медициналық ұсынымдар әзірлеу; - мүгедектерді оңалту және олардың жүріп тұруына жаңа құралдар енгізу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу; - күрделі, ерекше күрделі және қалыпты емес зақымдануы бар мүгедектерді протездеу жөніндегі сынақ-тәжірибе жұмыстарын жүргізу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;
- отандық протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;
- 3 акционерлік қоғамда қазіргі жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруға көшу.
Соңғы нәтиже: мүгедектердің қазіргі протездік-ортопедиялық бұйымдарға ерекше қажеттілігін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығарылатын протездік-ортопедиялық бұйымдардың өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: жыл ішінде.
Сапасы: мүгедектерге жоғары сапалы протез-ортопедиялық бұйымдарды ұсынуды қамтамасыз етуге көшу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
163-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 176 203 мың теңге (он екі миллиард бір жүз жетпіс алты миллион екі жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 1, 15-1, 29-4-бабы; «Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасы халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- оралмандардың қоныс аударуын және оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;
- оралмандар көші-қоны квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау | | | |
2 | | 100 | Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы | Көші-қон квотасымен келген оралмандар отбасыларын бейімделу кезеңінде оралмандарды уақытша орналастыру оралмандарды бейімдеу орталығына орналастыру, оралмандарды бейімдеу және кіріктіру Орталығында бейімдеу қызметтерін көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Оралмандардың көшіп келуі және әлеуметтік қорғалуы | - жолақы және жүк тасымалы шығындарын өтеу және біржолғы жәрдемақыларды төлеу; - оралмандардың көші-қон квотасы бойынша шет мемлекеттерден оралмандар отбасын түпкілікті тұрғылықты жеріне дейін ұйымдасқан түрде көшіруді және олардың мүлкін апаруды ұйымдастыру; - оралмандарды тұрғылықты жеріне дейін баратын жолында азық-түлікпен және дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету; - оралмандарға құжат беруді төлеу; - банктік қызметтерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету | - көш-қон квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларына тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу; - банк қызметтерін төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2008 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және орналастыру;
- 2008 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 25 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау.
Соңғы нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының халқының санын өсіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 802 883 теңге.
Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 163-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
163-1-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың
көші-қоны саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу»
деген 052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40000 мың теңге (қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ету. Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны салаларды тиімді дамуын, өзекті зерттеулер жолы және бәсекелестікті жоғарылату механизмі негізінде анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны салалардағы өзекті мәселелерді зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дарла- ма коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 052 | | Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны салалардағы өзекті мәселелерді зерттеу | Еңбек, жұмыспен қамту, әлеу- меттік қорғау және халықтың көші-қоны салаларды дамыту мәсе- лелері бойын- ша өзекті зерттеулер жүргізу. | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау ми- нистрлі- гі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже:
Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны салаларды өзекті мәселелер бойынша аналитикалық зерттеу;
есептер жасалады және методикалық ұсыныстар құрылады.
Соңғы нәтиже:
Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны салаларды өзекті мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының ақпаратқа қол жетімділігін жоғарылату. Білімнің тиімді дамуын қамтамасыз етуге ұсыныстар мен әдістерін дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге - 40000,0 мың теңге.
Уақтылығы:
белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
Тапсырыс берушінің талабына сәйкес зерттеудің сапа деңгейін қамтамасыз ету. Білім саласындағы аса маңызды жеке мәселелерді қамту және оны тиімді шешуге әсер ететін ұсыныстарды жасау.