әзірленгені: технологиялық бақылау бойынша теориялық негіздері мен практикалық ұсыныстар және әртүрлі дақылдар дәнінің тағамдық қауіпсіздігін сақтандыру; ПЦР көмегімен сүт қышқылды бактериялардың коллекциялық штамдарын паспорттаудың молекулярлық генетикалық әдістері, мал микроорганизмдері үшін әртүрлі таксометриялық патогендік топтардың коллекциялық нысандары туралы компьютерлік деректер базасы құрылған;
әзірленгені: жеміс дақылдарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау бойынша 12 бәсекеге қабілетті технология; ұннан пісірілген нандардың, макорондардың, кондитерлік бұйымдардың 10-нан астам жаңа рецептісі, ұлттық сүт және ет тағамдарының, мал түліктеріне, құсқа балыққа арналған құрама жемнің жаңа түрлері, құрылғаны: етті малдардың генетикалық ресурстары бойынша ұлттық деректер базасы, инновациондық технология мен техникалық реттелімдер; тұқымдық жылқының, ірі қараның, құстың өнімділігі жоғары генетикалық паспорты; Қазақстанда өсірілетін әртүрлі тұқымдағы көрнекті тұқымдық айғырлардың эмбриондары мен ұрықтарын сақтау қоры, Қазақстанда сирек кездесетін және саны азайып бара жатқан қой тұқымдарының ұрықтары мен эмбриондарының қоры;
әзірленгені: трансгендік мал алу әдістемесі, ДНК-технологиясын пайдалану арқылы қойдың елтірілі тұқымының генетикалық құрылымын бағалаудың биотехнологиялық негіздері; республиканың табиғи су қоймасында балықтың бағалы түрлерін сақтау биотехнологиясы;
қаракөл қойларының бір тұқым ішілік типі және екі зауыттық аталық іздері шығарылып, сынақтан өткізілді; елтірілі-етті-майлы өнімділігі жоғары атыраулық қой тұқымының ұнамды типтегі 2,0 мың басы құрылды; етті-майлы-құйрықты ақсеңгерлік аталық іздегі салалы жүнді тармағы сынақтан өткізілуге даярланды;
шығарылғаны және сынақтан өткізілгені: қазақтың аруана түйе тұқымының «Кірпік» зауыттық аталық ізінің маусымдағы сүттілігі 3500 кг, майлылығы 4,02%; қазақтың ақ түсті айыр түйе тұқымының «Ақмоншақ-7» тұқымдық бурасының зауыттық аталық ізі; батыстық популяциядағы қазақтың айыр түйе тұқымының 60 бас селекциялық табыны құрылды;
көшім жылқысы тұқымының тармағы мен зауыттық типі, мұғалжар жылқы тұқымының құланды тұқым ішіндік типінің аталық іздері сынақтан өткізілуге әзірленді;
ірі ақ шошқа тұқымының келешегі бар 6 тобы бөлінді, 1 аталық ізі және 10 тұқымдасы олардың популяциялық генетикалық және селекциялық параметрлерімен толық сипатталады, селекциялық табын жыныстық жасына қарай топтастырылды және ақсай шошқасының келешегі бар генеалогиялық аталық іздері мен тұқымдасы анықталды; голштин тұқымымен будандастырылған қазақтың қара-ала сиырының жаңа типінің 2 аталық ізінің негізі қаланды; Каспий маңы ойпаты жағдайында қырдың қызыл сиыры тұқымын өсірудің оңтайлы сызбасы әзірленді;
әзірленгені: жұмыртқалағыш тауықтың отандық аталық іздері мен кросстарының селекциялық бағдарламасы құрылды; етті бағыттағы тауықтардың әртүрлі генетикалық тобының жаңа селекциялық тәсілдері зерттеліп, тұқымдық үйірі құрылды (жынысы жетілген құстардың 3000-ға жуығы); африкалық түйеқұстың селекциялық ұясын және өсіру технологиясын құру әдісі; Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында бөденелердің таза аталық іздері құрылды; бал арасының 2 аталық іздері құрылды;
әзірленгені: Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде бекіре балығын өсіру технологиялары; сақтық шараларын қолдана отырып, балық қорлары динамикасының моделі негізінде балықтың кәсіптік популяциясын (жеке түрлерін) ұзақ мерзімге пайдалану бойынша ұсыныстар;
әзірленгені: мал түліктерінің, құстардың, шошқалардың ауруларына қарсы қолданылатын вакциналар, диагностикумдар, антгельминтиктер, экологиялық қауіпсіз дезинфекциялайтын, емдік-сақтандыру, иммунды қуаттандыратын препараттар әзірлеу бойынша өндірістің технологиялық регламенттері, нұсқаулықтар жасалды, олардың тәжірибелі партиялары әзірленді т.б.
әзірленгені: өсімдік шаруашылығын механикаландыру үшін машиналар технологиясы жүйесі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін құралдардың, жабдықтардың, қондырғылардың 12-дей үлгілері, мал шаруашылығы процесстерін механикаландыру құралдары, азық дайындау үшін машиналар кешені, энергияны, суды және жылуды жабдықтайтын техникалық құралдар, фермерлік қожалықтарда энергияның жаңғыртылмалы көздерін пайдалану т.б.; әзірленген ұсыныстар бойынша: агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын қаржымен қамтамасыз етуге инвесторлардың қатысу тетігін жетілдіру және салаға инвестицияны жұмылдыруды ынталандыру; 2011-2015 жылдары ұлттық азық-түлік рыногын дамытудың теңгерімділік моделі; Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің аумақтық-салалық кластерлерін қалыптасу және жұмыс істеу тетігін қалыптастыру; ДСҰ-ға кіру жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, агроқұрылымды материалдық-техникалық тиімділігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету;
патенттерге және алдын ала патенттерге, өнертабысына 30-дан астам өтінім беріліп, 20-ға жуық патенттер мен алдын ала патенттер алынды;
өндіріс үшін 100-ден астам ұсыныс, әдістемелік нұсқау әзірленді.
Түпкілікті нәтиже:
өңірдің табиғи-климаттық сәйкес жағдайларында қолданбалы ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуі:
ауыл шаруашылық жануарларының, құстардың, балықтың және араның жоғары өнімді тұқымдары, типтері мен аталық іздерін шығару арқылы мал шаруашылық өнімінің көлемін орташа 5-7 пайызға көтерілуіне;
ауыл шаруашылық, жеміс-жидек және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен гибридтерін шығару арқылы өсімдік шаруашылығының өнімінің орташа 15-20 пайызға көтерілуіне;
ауыл шаруашылық жануарларының, құстың, балықтың және араның ресурс- және энергия сақтайтын баптау және көбейту технологияларын әзірлеу арқылы малшаруашылық өнімін өндірудің тиімділігінің 3-4 пайызға көтерілуіне;
егін шығымдылығы өсуінің 5-10 пайызға, еңбек шығынының 20 пайызға дейін, жанар-жағар май материалдарының шығынын 30 пайызға төмендеуін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың экологиялық қауіпсіз және ресурс сақтайтын, барынша бейімдеп өсіруде экономикалық орынды технологияларды әзірлеу арқылы егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласының өнімін өндірудің тиімділігінің көтерілуіне;
су және жер ресурстарын қолдану тиімділігін 15-20 пайызға көтерілуін қамтамасыз ететін су ресурстарын басқарудың тиімді әдістерінің көтерілуіне;
агроөнеркәсіп кешенінің салаларына арналған ресурс сақтайтын жүйелерін, технологияларын және машиналарын шығару арқылы ауыл шаруашылық өнімін өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз етуіне ықпал етеді; алдыңғы қатарлы асыл тұқымды шаруашылықтарда малдардың жаңа гендік тұрпаттарын өсіретін асыл тұқымды мал репродукторларын құру, ірі қара, қой, ешкі, түйе, шошқалардың жоғары өнімді тұрпаттары мен аталық іздерін және құстар кросстарын шығару, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы, жоғары өнімді және көбейту аймағының табиғи жағдайларына төзімді асыл тұқымды материалмен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің саласындағы бір тақырыпта жүргізілетін қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстың орташа құны 5 658,33 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: жыл бойында жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми кеңесінде бекітілген бағдарламалар мен әдістемелерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі; ғылыми әзірленімдердің жаңалығы және бәсекеге қабілеттілігі патенттермен, алдын ала патенттермен, авторлық куәліктермен расталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
133-ҚОСЫМША
212-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі
2008 жылға арналған
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 31435300 мың теңге (отыз бір миллиард төрт жүз отыз бес миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 16-бабы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 11, 36, 53-баптары; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3, 6, 9, 10, 11, 14, 15-баптары; Қазақстан Республикасының «Мақта саласының дамуы туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығы; «Қазақстан 2030 жылға дейін дамыту стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы; «Аграрлық секторға кредит беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысы; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Мал өнімдері корпорациясы акционерлік қоғамын» құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қыркүйектегі № 1168 қаулысы; «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы № 220 қаулысы; «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысы; «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы; «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру үшін шағын кредит ұйымдарының желісін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 337 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысы; 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы мен Елбасының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жылдық жолдауларын іске асыру бойынша негізгі бағыттардың (шаралардың) жалпыұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аграрлық саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес акционерлік қоғамдарын орталықтандырылып капиталдандыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: заманға сай жаңа технологияларды енгізуді қарастыратын және экономикаға мультипликативті әсерін тигізетін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеуді оның еселенген құнын ұлғайту арқылы ынталандыру;
ауылшаруашылық өнімін өндірудің, даярлаудың, сатудың, қайта өңдеудің және сақтаудың, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетудің нәтижелі инфрақұрылымын қалыптастыру үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілер бірлестіктеріне және ауыл тұрғындарына көмек көрсету;
Қазақстан ауылшаруашылық және балық өнімдерінің оны өндіру және қайта өңдеуде қазіргі заманғы технологияны қолдану негізінде бәсекеге жарамдылығын арттыру;
ауыл кәсіпкерлерін жеңілдік несиелік ресурстарымен қамтуды нығайту;
агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қазіргі заманғы және жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларға ауыл шаруашылығы және балық өнімін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды сатып алу, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басымен, қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен және озық техникамен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін қолдау; мал басын күтіп-баптаудың қазіргі заманғы технологиясын және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің аяқталған циклын пайдалану негізінде қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
мақта қолхаттарын орындауға кепілдік беруді қамтамасыз ету;
несиелік серіктестіктер жүйесін кеңейту;
көрме-жәрмеңке шараларын ұйымдастыру және озық тәжірибені тарату жолымен агробизнестің тиімділік деңгейін арттыру;
аймақтық ақпараттық-консультация беру жүйесінің қызмет көрсету спектрін кеңейту және оның негізінде қоғамдық қол жетерлік орындарын құру;
ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне және микронесиені тиімді қолдануға үйрету;
ауыл шаруашылық секторының субъектілерімен халықаралық және аймақаралық іскерлік қарым-қатынастарын кеңейту;
аграрлық рынокқа қатысушыларды ақпараттық-маркетингтік және кеңес беру қызметтерімен қамтуды ұлғайту;
ауыл тұрғындарының қалың көпшілігін кәсіпкерлік жұмысқа жұмылдыру;
ауылдық жерде шаруашылық-экономикалық өмірді жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру;
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының еншілес акционерлік қоғамдарының қойылған жарғылық мақсаттарына жеткізуді қамту.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту, төмендегі мақсатта: қосымша 8 несиелік серіктестік құру; ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін өнеркәсіптерді несиелік серіктестік жүйесі арқылы несиелеу; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктерін және ауылшаруашылық өнімін өндіру, даярлау, сату, қайта өңдеу және сақтау бойынша бірлескен ауыл тұрғындарын, сондай-ақ сервистік қызметті көрсету бойынша несиелендіру; ауылдық жердегі ауыл шаруашылығынан тыс кәсіпкерлік жұмыстардың түрлерін несиелеу. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту, төмендегі мақсатта: ауыл шаруашылық техникаларын, арнайы техниканы және технологиялық жабдықтарын (оның ішінде, соңынара лизингке тапсыру үшін) алуды қаржыландыру агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері үшін ауыл шаруашылық және балық өнімдерін өңдеу бойынша жабдықтарды (оның ішінде, соңынара лизингке тапсыру үшін) алуды қаржыландыру; Сүт және ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (оның ішінде кейіннен лизингке беру үшін) және сүт және ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін айналым қаражатына ішінара кредит беру «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компания» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту, төмендегі мақсатта: мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыт құрылысын қамтамасыз ету, Поти (Грузия) (диірмені бар) және Амирабад (Иран Ислам Республикасы) порттарында астық терминалдарының құрылысы және оны жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарының құрылысының (аймақтық терминалдармен) дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету; Оңтүстік-Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін дамыту. «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту, мақсаты: Ірі қара малды бордақылау бойынша қазіргі заманғы дамыған инфрақұрылымы бар алаңдар ұйымдастыру және құру; мал өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда сатып алу операцияларын, қайта өндіруді, жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастыру және жүргізу. «ҚазАгроГарант» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру үшін қаржылық негіз құру мақсатымен ұлғайту. «Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдау қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) жарғылық капиталын ұлғайту. мақсаты: ауыл тұрғындарын Қордың филиалдары мен өсімдіктері арқылы шағын несиелеу, соңынара ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін, шағын несиелендіру ұйымдарын несиелендіру, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негізге оқытуды ұйымдастыру; Қорды материалдық-техникалық жабдықтау. «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту, мақсаты: ауыл аймақтарында ақпарат және кеңес берудің ауылдық 50 пилоттық пункттерін ашу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауыл аудандарын барынша көп қамту үшін, несиелік серіктестіктері жүйесін 8 бірлікке ұлғайту; жеңілдікті кредит ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды 10% дейін ұлғайту;
ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктерін және ауылшаруашылық өнімін өндіру, даярлау, сату, қайта өңдеу және сақтау бойынша біріккен ауыл тұрғындарын, сондай-ақ сервистік қызметті көрсетуді несиелендіру; ауылдағы ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті одан әрі дамыту үшін ауыл кәсіпкерлерін жеңіл несие ресурстарымен қамтуды ұлғайту.
Түпкілікті нәтиже: ауылдық кредит серіктестіктері жүйесін әрі қарай дамыту үшін жағдай жасау және жеңілдігі бар несие ресурстарымен қамтамасыз ету;
біріккен ауылшаруашылық өнімін өндіру, даярлау, сату, қайта өңдеу және сақтау бойынша, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету бойынша ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктері және ауыл тұрғындары санының өсуі; жеңілдікпен несие ресурстарын беру арқылы шағын бизнес объектілерінің санын ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мынадай бағыттар бойынша бюджет қаражатын игеру жоспарын орындау: жарғылық капиталға 8 несиелік серіктестіктің қатысуы - 42 миллион теңге; несие серіктестіктеріне несие беру - 3 766,9 миллион теңге;
ауылшаруашылық тауар өндірушілер бірлестіктерін және ауылшаруашылық өнімін өндіру, даярлау, сату, қайта өңдеу және сақтау бойынша біріккен ауыл тұрғындарын, сондай-ақ сервистік қызметті көрсету бойынша несиелендіру - 2000,0 миллион теңге;
ауылдық жерде ауыл шаруашылығынан тыс кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне кредит беру - 700,0 миллион теңге.
Уақыттылығы: қосымша 8 несиелік серіктестік құру;
кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы өндірістері мен өнеркәсіптеріне несие беру;
ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктерін және ауылшаруашылық өнімін өндіру, даярлау, сату, қайта өңдеу және сақтау бойынша біріккен ауыл тұрғындарын, сондай-ақ сервистік қызметті көрсету бойынша несиелендіру;
ауылдық жерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің түрлерін несиелендіру.
Сапасы: тиімді ауылдық кредит серіктестіктері желісін құру;
импорттық ауыл шаруашылығы өнімдері үлесін азайту және экспорт үлесін ұлғайту;
ауылда ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті дамыту бойынша тиімді инфрақұрылым қалыптастыру.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауылшаруашылық және арнайы техниканың машина-трактор паркін және технологиялық жабдықтарды жаңарту;
ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімінің ірі-тауарлы өндірісін дамыту;
қосымша жұмыс орындарын құру.
Түпкілікті нәтиже: қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
отандық тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығының өнімдерінің импортты алмастыру деңгейін жоғарылату;
мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында меншікті жоғарғы өнімді, асыл тұқымды база құру, өнімділігі жоғарғы асыл тұқымды мал басы санын ұлғайту, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің импорт алмастыру деңгейін жоғарылату.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің және өнімділіктің көлемін ұлғайту;
ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу саласында жаңа технологияларды дамыту;
жоғарғы технологиялық техниканы қолдану есебінен егін жинау кезінде шығынды азайту;
жоғарғы технологиялық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын қолдану есебінен еңбек өнімділігін арттыру малды күтіп-бағудың озық технологияларын пайдалану есебінен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыру; жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту (сүт сауу, ет өндіру); агроқұрылымдардың қосымша пайда табуы; жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің көлемін ұлғайту.
Уақыттылығы: агротехникалық талаптарға сәйкес, тиісті ауыл шаруашылық операцияларын іске асырудың басталуына дейін ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі жоспарланған жыл ішінде агроиндустриялық ірі-тауарлы фермалар құру.
Сапасы: техниканы және жабдықтарды агроөнеркәсіптік кешеннің қаржылық тұрақты субъектілеріне ғана беру мүмкіндігінің болуы;
техника және жабдықтар агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес өтінімдері бойынша жеткізіледі;
ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу, негізінен, өндіруші зауыттардан тікелей нарықтық бағалардан төмен бағамен және кепілдік қызметпен сатып алынады; Әлемдік стандартқа сай келетін асыл тұқым шығару жұмысын жоғары деңгейге жүргізуді ынталандыру; мал басын күтіп-баптаудың озық технологиясын пайдаланатын мал басын қабылдауға арналған дайын орындары, берік азықтандыру базасы бар ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермасын құруды және дамытуды ынталандыру; құрылған ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларында қатаң ветеринариялық бақылау жүргізу есебінен өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру.