3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Жоғары жетістіктер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу (Азия, Еуропа, әлем чемпионаттары мен әлем кубогына, ҚР біріншіліктеріне, кубоктарына және басқа халықаралық турнирлерге, Пекин қ., (Қытай) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына, «Азия балалары» IV халықаралық ойындарына Саха Республикасы (Якутия), Қазақстан Республикасының Қысқы спартакиадасын өткізу), ұлттық штаттық командаларды материалдық қамсыздан- дыру, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін халықаралық ресми жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтырушыларды келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту. «Жыл спортшысы» республикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттық- тырушыларды олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлде- герлерін, әлем чемпионатының жеңімпаздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, республикалық құрама командалардың мүгедектеріне медициналық консультативтік кеңес беру. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсету. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармакологиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшін допингке қарсы зертханада тестілеуден өткізу үшін арнаулы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервін даярлау. Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын мүкәмалмен және киім- мен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының командаларына алынған спортшыларды, жаттықтырушыларды материалдық қамсыздандыруға арналған күрделі трансферттер, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына қабылданғандар үшін спорттық мүкәмал сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекциясына күрделі трансферттер аудару. Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығы мен Республикалық допингке қарсы зертхана үшін медициналық жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің жазғы Олимпиада ойындарында спорттың 24 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 680 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адам республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясына кемінде 140 дана спорттық мүкәмал сатып алу, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 10 дана.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін: спорттық мүкәмал кемінде 128 бірлік, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 2 дана, тұрмыстық техника кемінде 16 дана, жиһаз - кемінде 12 дана сатып алу.
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және допингке қарсы зертханаға кемінде 33 дана медициналық және арнайы жабдық, компьютерлер жинағы - кемінде 3 дана, кеңсе техникасы кемінде 1 дана сатып алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 2256,2 мың теңге.
Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадада табысты өнер көрсету және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
63-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11510 мың теңге (он бір миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лыққа және есірткі бизнесі- не қарсы күрес | Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған бұқаралықспорттық іс-шаралар ұйымдастыру және спорт және жер-жерлерде өткізу. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Футболдан «Былғары доп» турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыстан республика чемпионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспірімдер клубтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Республикалық туристік саяхатын өткізу. «Туризм есірткіге қарсы» туристік слетін өткізу. Жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық-бұқаралық және 2 туристік іс-шаралар өткізу.
Соңғы нәтиже: қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1 438,75 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген уақытта жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды сезінуі, республикалық және өңірлік деңгейлерде есірткіге қарсы іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.