деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 102200 мың теңге (бір жүз екі миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Республика аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- микрожер сілкіністерін зерттеуді мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу аумағының ауасы мен шаң-газ ағымдарының өлшемдерін анықтау;
- газ қоспалары құрауыштарының бояу массасының әсер етуін және жұмыс істеу аймағының ауасындағы шаң-газ ағымдарын олардың шоғырына байланысты анықтау;
- қоршаған ортаға техногендік, антропогендік және табиғи жүктеменің әсер ету дәрежесі және өңірлік экожүйенің тұрақты жағдайы мен сақталуы бойынша облыс аумағын аудандарға бөлуді анықтау;
- аймақтарды өлшемдері жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, жанама жер жыныстарын өндіруде пайда болған жарықшақтар аймағын анықтау;
- өнеркәсіптік қондырғыларда шаң түріндегі отынды жаққан кезде жарылыс қауіпсіздігі жағдайының шегін анықтау;
- тізбектелген жылу және масса алмастыру аппараттарының сенімділігін және қауіпсіздігін арттырудың әдістері мен тәсілдерін әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 009 | | Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | «Салынып жатқан және пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылыстардың ТЖ кезіндегі төзімділігінің әдістемесін әзірлеу, тиімді күшейту әдістерін әзірлей отырып, ТЖ-дан кейін ғимараттар мен құрылыстардың одан әрі пайдалануға жарамдылығын зерттеу», «Химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі және оларды үлгілеу мен болжау»; «Кен орындарын қазу кезінде тосын құлаулардың алдын алу мақсатында жер асты әдісімен қирауы бойынша қауіпті аймақтарды болжау әдістемесін жетілдіру», «Мұнай -газ өңдейтін объектілерде қышқыл газдарды өңдеу үшін жылу және масса алмастыру жабдықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру», «Металлургия өнеркәсібі үшін қатты шаң түріндегі отын: оны пайдалану, қауіпсіздігі, экология», «Техногендік жүктемелер және табиғи ортада туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу дәрежесі бойынша Солтүстік шығыс Каспий айдынын қоса алғанда Атырау облысының аумағын аудандарға болу», «Таукен- металлургия кәсіпорындарында технологиялық газдардың нақты тығыздығын айқындау әдістемесін әзірлеу тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қызмет көрсетулерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже:
- ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу, конструкцияларға тексеріс есептерін жүргізу, оларды күшейту мүмкіндіктерін айқындау;
- тотығу және бейтарап атмосфералар жағдайында шаң пайда болу кезінде туындайтын физикалық-химиялық жағдайларды зерттеу;
- жоғары температура жағдайында байланыс отыны болмаған кезде қатты отынды кесектендіруді зерттеу;
- шаң түріндегі отынды қауіпсіз дайындау және жағу бойынша тәжірибелік қондырғыларды зерттеу;
- қазба өнімдерінің жобалық өлігіне жанасын жатқан тау жыныстарының тосын құлау процестерінің алдын алу, берілген уақыт кезеңінде құламай тұтас күйінде тұратын тау жыныстарының көлемін анықтау, сондай-ақ толық құлауы мүмкін ошақтары туралы уақтылы ескерту;
- микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін құру;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу аймағының ауасы мен шаң-газ ағымдарының өлшемдерін анықтау;
- Солтүстікшығыс Каспий айдынында және Теңіз кен орындарында жүргізілген мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін анықтау;
- аппараттың жоғары сенімді және қауіпсіз жаңа конструкциясының есептеу және жобалау үшін техникалық құжаттама әзірлеу;
- химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік апаттар мониторингін құру.
Түпкілікті нәтиже:
- төтенше жағдайлар кезінде қираған үйлер мен ғимараттарды қысқа мерзім ішінде нығайтудың тиімді әдістерін әзірлеу;
- көмір өндіру кезінде пайда болатын шаң түріндегі өнімдерді кесектендіру технологиясын әзірлеу;
- жер асты таукен өндіру кәсіпорындары кешенінде тұтас қолдану үшін салалық сипаттағы нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- сейсмикалық бақылаудың жаңа ақпараттық технологиясының негізінде микросейсмологияны болжауды дамыту;
- технологиялық газдардың, желдеткіш ауаның тығыздығы мен көлемдерін, таукен және металлургия кәсіпорындарындағы жұмыс істеу аймақтарының атмосфералық ауасының өлшемдерін сенімді анықтау әдістерін әзірлеу;
- мұнай-газ кешеніндегі жұмыстың қарқындылығының нәтижесінде қоршаған орта жай-күйінің өзгеру болжамын жасау;
- қалдық газдарды тазарту үшін аппараттың сенімділігі мен қауіпсіздігі жоғары жаңа конструкцияларын жасау;
- физикалық химиялық құбылыстарды ескере отырып, фазалардың өзара өту қозғалыстарының үлгілерін әзірлеу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- «Ғимараттар мен құрылыстардың ТЖ кезіндегі төзімділігінің әдістемесін әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 12,7 млн. теңге;
- «Металлургия өнеркәсібі үшін қатты шаң түріндегі отын: оны пайдалану, қауіпсіздігі, экология» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,7 млн. теңге;
- «Кен орындарын қазу кезінде тосын құлаулардың алдын алу мақсатында жер асты әдісімен қауіпті қирау аймақтарын болжау әдістемесін жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 2,0 млн. теңге;
- «Микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 48,0 млн. теңге;
- «Таукен-металлургия кәсіпорындарында технологиялық газдардың нақты тығыздығын айқындау әдістемесін анықтау» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 7,0 млн. теңге;
- «Техногендік жүктемелер және табиғи ортадағы туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу дәрежесі бойынша Солтүстікшығыс Каспий айдынын қоса алғанда Атырау облысының аумағын аудандарға бөлу» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 5,2 млн. теңге;
- «Мұнай-газ өңдейтін объектілерде қышқыл газдарды өңдеу үшін жылу және масса алмастыру жабдықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,0 млн. теңге;
- «Химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі және оларды моделдеу мен болжау" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 6,6 млн. теңге.
Сапасы: халықтың және табиғи-шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.