1-тармақта «Астана қаласы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында алқа билердің қатысуымен қалалық сот және екі аудандық сот ғимараттары,» деген сөздерден кейін «Қостанай облысы Лисаковск қаласының қалалық сотының ғимараты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«2007 жылғы 3 шілдедегі № 7-349/07 ТЭН» деген сөздер «2008 жылғы 4 маусымдағы № 7-288/08 ЖСҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы Жетісу сотының ғимаратының құрылысын аяқтау (2006 жылғы 9 шілдедегі № 7-295 ЖСҚ жүргізілген мемлекеттік сараптаманың қорытындысы);
Атырау облысы Атырау қаласы Сәтпаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың (2005 жылғы 31 наурыздағы № 08-45/2005 экономикалық негіздеме техникасына жүргізілген мемлекеттік сараптама қорытындысы)» деген сөздер алынып тасталсын;
«2007 жылғы 26 сәуірдегі № 7-205/07» деген сөздер «2008 жылғы 4 маусымдағы № 7-288/08» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
1-тармақта «Астана қаласы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында алқа билердің қатысуымен қалалық сот және екі аудандық сот ғимараттары,» деген сөздерден кейін «Қостанай облысы Лисаковск қаласының қалалық сотының ғимараты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта «Атырау» деген сөз алынып тасталсын;
4-тармақта «Алматы, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Өскемен» деген сөздерден кейін «, Орал» деген сөздермен толықтырылсын;
18) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 359-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 5-жолдағы «Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының Әкімшілік ғимараты және оның бөлімшесі,» деген сөздер «Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының Әкімшілік ғимараты және оның төрт аумақтық бөлімшесі,» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
«термокөтергіш станогін» деген сөздерден кейін «, жарықтандыру люстраларын» деген сөздермен толықтырылсын;
«Степногорск қаласының прокуратуралары» деген сөздер алынып тасталсын;
19) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 368-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 750 мың теңге (жеті жүз елу мың теңге).»;
20) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі бойынша:
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 372-2-қосымшамен толықтырылсын;
21) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 373-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 587067 мың теңге (бес жүз сексен жеті миллион алпыс жеті мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
«2 тақырып» деген сөздер «1 тақырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 374-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 153389 мың теңге (бір жүз елу үш миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге).»;
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтижесінде» «130052» деген сандар «128581» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 375-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2794359 мың теңге (екі миллиард жеті жүз тоқсан төрт миллион үш жүз елу тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 375-1-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ деген сөздерден кейін «және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» «Порталдар құру. Серверлік интернет-платформаларды құруға арналған жабдықтар сатып алу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Соңғы нәтиже» «Үш порталдың болуы және үзіліссіз орнықты жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалана отырып, халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну.»;
көрсетілген қаулыға 377-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2919005 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз он тоғыз миллион бес мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жолдың 7 және 8-тармақтары алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдың 3-тармағында «және оқыту» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 7-жолда:
1-тармақта «, жобаларды басқару» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 378-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 852952 мың теңге (сегіз жүз елу екі миллион тоғыз жүз елу екі мың теңге).»;
22) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 386-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 458860 мың теңге (төрт жүз елу сегіз миллион сегіз жүз алпыс мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 388-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 5627 мың теңге (бес миллион алты жүз жиырма жеті мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 392-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 233389 мың теңге (екі жүз отыз миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге).»;
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтижесінде» «3855» деген сандар «3779,58» деген сандармен ауыстырылсын;
23) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 393-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 468500 мың теңге (төрт жүз алпыс сегіз миллион бес жүз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 396-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 45400 мың теңге (қырық бес миллион төрт жүз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 397-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 556781 мың теңге (бес жүз елу алты миллион жеті жүз сексен бір мың теңге).»;
24) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы бойынша:
көрсетілген қаулыға 404-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2251247 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу бір миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны «2005 жылғы 29 мамырдағы № 7-237/2005» деген сөздерден кейін «және 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 7-495/08» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 405-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 430705 мың теңге (төрт жүз отыз миллион жеті жүз бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 408-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 99515 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион бес жүз он бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 409-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 54890 мың теңге (елу төрт миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2 әскери қызметшісін мамандандырылған оқу орындарында оқыту.» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «мамандандырылған оқу орындарында оқып жатқан әскери қызметшілердің саны - 2 адам» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қаржы-экономикалық нәтижеде» «; мамандандырылған оқу орындарында 1 тыңдаушыны оқытудың орташа құны - 600 мың теңге» деген сөздер алынып тасталсын;
25) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 412-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 9170734 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз жетпіс миллион жеті жүз отыз төрт мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 418-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 13917604 мың теңге (он үш миллиард тоғыз жүз он жеті миллион алты жүз төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығындағы Министрліктер үйі.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта «Тікелей нәтижеде» «Астана қаласында 240 орындық балабақшаға арналған қазандықты жобалау және салу.» деген сөздерден кейін «, Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығындағы министрліктер үйінің құрылысын аяқтау.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 422-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1830517 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз отыз миллион бес жүз он жеті мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 423-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3512804 мың теңге (үш миллиард бес жүз он екі миллион сегіз жүз төрт мың теңге).».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
62-1-қосымша
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
021 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын дамыту"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 48 257 мың теңге (қырық сегіз миллион екі жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығы, «Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз және қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын дамыту | 1) "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау жұмыстарын жүргізу; 2) "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжатын әзірлеу. | Маусым желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау бойынша келісім-шарт жасау.
Соңғы нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжатын бекіту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, аймаққа инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру.
Уақтылығы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту бағдарламасын орындау.
Сапасы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар тарапынан арыздардың болмауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына
163-2-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
053 - «Мемлекеттік аннуитетті компаниясы» АҚ жарғылық капиталын көбейту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 220 511 мың теңге (екі жүз жиырма миллион бес жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Валют Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ әлеуметтік тәуекелдер бойынша аннуитетті сақтандыру шарттарын жасасқан азаматтардың мүдделерін қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Мемлекеттік аннуитетті компания" өмірді сақтандыру компаниясының "Валют Транзит Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-тан қабылдаған міндеттерді дұрыс орындауы; халықтың сақтандыруға деген сенімін сақтап қалу; "Валют Транзит Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ лицензиясынан айырылуы нәтижесінде әлеуметтік тұрақсыздыққа жол бермеу; зейнетақылық аннуитет шарты негізінде азаматтардың сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру құқығын іске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдар лама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | Мемлекеттік аннуитетті компания" АҚ жарғылық капиталын көбейту | "Валют Транзит Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ міндеттерді тапсырумен байланысты жарғылық капиталды көбейту жолымен "Мемлекеттік аннуитетті компания" АҚ Барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру | Ағымдағы жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Мемлекеттік аннуитетті компания" АҚ жарғылық капиталын 220 511 мың теңгеге көбейту.
Соңғы нәтиже: сақтандыру нарығының тұрақтандыруды қамтамасыз ету және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Уақытылылығы: Белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапа: «Валют Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру портфелін қабылдау кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ пруденциялық нормативтерінің сақталуын жарғылық қорды көбейту жолымен қамтамасыз ету.»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
372-2-қосымша
602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығын құру"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 90 000 мың теңге (тоқсан миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджетті қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестік ортаның деңгейін одан әрі арттыру және адал бәсекелестікті қорғау, экономика салаларында бәсекелестіктің деңгейін арттыруға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестік саясат саласында талдамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу, бәсекелестік саясаттағы әлемдік үрдістерді және олардың Қазақстанның тауар нарықтарына ықпал етуін зерделеу, өңірлердегі және экономика салаларындағы бәсекелестік деңгейінің оңтайлы моделін айқындау, тауар нарықтарын монополияландырудан және экономикалық шоғырланудан, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеуден туындайтын экономикалық салдарларды болжау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығын құру | Бәсекелестік ортаның деңгейін одан әрі арттыру және адал бәсекелестікті қорғау, экономика салаларында бәсекелестіктің деңгейін арттыруға жәрдемдесу үшін «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | 2008 жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: бәсекелестік саясат мәселелері бойынша консультативтік, білім беру, ақпараттық, талдамалық қызметтерді (жұмыстарды, өнімдерді) ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының тауар және қаржы нарықтарында бәсекелестікті қолдау, жаңа компаниялардың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестіктің пайда болуына, қазақстандық экономиканың халықаралық қауымдастыққа жоспарлы ықпалдасуына ықпал ету.
Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау.
Сапасы: бәсекелестік ортаның деңгейін арттыру және адал бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ экономика салаларында бәсекелестіктің деңгейін арттыруға жәрдемдесу.