«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы №106 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар (сипаттама) паспортының үлгісінде:
9-тармақта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
МӘЛІМЕТ/OBSERVATІONS»;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде:
«ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ»
деген жазу орналасқан;
Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |