5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың атауы) | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалар- ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Спорт объекті- лерін дамытуға облыстық бюджет- тер, Астана мен Алматы қалалары- ның бюджетте- ріне арналған мақсатты транс- ферттер | Тізбе бойынша және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі- нің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының 2-қосымша- сындағы соманың шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген смета- жобалау құжаттамала- рына сәйкес мына іс-шараларға дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджетте- ріне арналған мақсат- ты трансферттерді аудару: Астана қ. теннис кортын (22.12.2004 ж. № 2-702/04 Мемлекеттік сараптама қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Туризм және спорт министр- лігі, Астана мен Алматы қалалары- ның, облыстар- дың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектісін іске қосу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-11 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10503 мың теңге (он миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндетi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың санасында есірткіге қарсылықты қалыптастыру; есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтерді прокатқа шығару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың атауы) | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалар- ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес | Нашақорлықпен күрес- тің халықаралық күніне арналған бұқа- ралық спорттық іс-шаралар ұйымдасты- ру және жер-жерлерде ұйымдастыру. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Қоғамдық орындарында көрнекі үгіт құрал- дарын (жарнамалық қалқандар, билборд- тар, плакаттар және т.б.) орнату жөнінде жұмыстар ұйымдастыру. Футболдан»"Былғары доп" турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсай- ыстан республика чем- пионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспі- рімдер клубтары ара- сында жарыстар ұйым- дастыру. Қазақ және орыс тіл- деріндегі телевизия- лық бағдарламалар шығару мен көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Қазақ және орыс тіл- деріндегі бейнеролик- тер шыға көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық іс-шара өткізу.
Соңғы нәтиже: дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы жасөспірімдер мен жастардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1750,5 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды ұғыну.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 12-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-12-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 410840 мың теңге (төрт жүз он миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңның 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру үшін туристік кластерді дамыту және тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі рынокты қорғау, туристік іс-шараларды өткізу және қатысу арқылы туристік қызметтер экспортын ұлғайту, Қазақстан Республикасында туристік саланы кластерлік дамыту шеңберінде туризмнің инфрақұрылымына инвестицияларды тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақс- танның туристік имиджін қалыптас- тыру | Ұлттық туристік өнімнің брэнді мен логотипін әзірлеу; шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ-тың өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру; электронды және қағаз тасығыштарда жарнама- лы-ақпараттық өнімдер басып шығару; Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы жарнамалық видеоро- ликті құру және көр- сету; туристік саланы дамы- ту мәселелері бойынша екі республикалық семинар-кеңес өткізу; Батыс Қазақстан облысында "Еуропа - Азия" халықаралық туристік фестивалін өткізу; Оңтүстік Қазақстан облысында "Жібек жолы - диалог жолы" халықаралық туристік фестивалін өткізу; Ақмола облысында "Бурабай" республика- лық туристік слетін өткізу; Шығыс Қазақстан облы- сында "Белуха" халық- аралық туристік фес- тивалін өткізу; Алматы облысындағы Іле-Балқаш регаттарын өткізу; Утрехт қаласында (Нидерланды король- дігі) "Vakantiebeurs" халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету; Мадрид қаласында (Испания) "FITUR" халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысуды қамтамасыз ету; Берлин қаласында (Германия Федератив- тік Республикасы) "ІТВ" Халықаралық туристік биржаға қатысуды қамтамасыз ету; Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) "МІТТ" Халықаралық туристік көрмеге қатысуды қамтамасыз ету; Алматы қаласында "КІТҒ" Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесін өткізу; Астана қаласында "Астана - Демалыс" қазақстандық 3-халық- аралық туристік көрмесін өткізу; Лондон (Ұлыбритания) қаласындағы "WTM" халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуды қамтамасыз ету; Алматы қаласында Еуропа үшін Дүниежү- зілік туристік ұйым комиссиясының 45-мәжілісін өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт министр- лігінің Туризм индуст- риясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- республиканың туристік әлеуетін тарату мақсатында Қазақстанның бес халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз eту;
- ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға ықпал жасайтын бес ішкі туристік іс-шараларды және Астана және Алматы қалаларында екі отандық туристік жәрмеңке өткізу;
- туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық-ақпараттық өнімдерді басып шығару (әр түрінен кемінде 10 мың данадан), әлемдік каналдарда республиканың туристік әлеуеті туралы бейне материалдарды көрсету (күніне кемінде 2 көрсетілім) және Қазақстандағы туризм туралы ақпараттық беймәлімділікті жою үшін әлемдік басылымдарда мақалалар, РR жариялау.
Түпкілікті нәтиже:
- Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру мақсатында туристік қызметтің әлемдік рыногына Қазақстанның туристік өнімін жылжыту және Қазақстанның мүмкіндіктері туралы әлеуетті туристердің ақпараттандырылуын арттыру;
- жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді тарату және Қазақстанда жұмыс істеу үшін шетелдік туроператорларды тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге арналған орташа шығыс - 10 млн. теңге;
- ішкі туристік іс-шараларды өткізуге арналған орташа шығыс - 1 млн. теңге;
- 2006 жылы шығу туризмінің ұлғайту көлемін 40,3 мың адамға дейін және ішкі туризм - 145 мың адамға дейін.
Уақтылығы: туризм дамуының салалық бағдарламасына сәйкес іс-шараларды іске асыру.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 13-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-13 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
001 - «Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 245586 мың теңге (екі жүз қырық бес миллион бес жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, тарихи мұра, ақпарат, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару, полиграфия, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда стратегиялық саясат пен тиімді салааралық үйлестіруді жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық мәдениет пен басқа да халық мәдениеттерін қайта жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерді құруда іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына жағдай жасау. Бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару қызметі, полиграфия, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәдениет қызметкерлерінің кәсіби қызметтері аясындағы теориялық және тәжірибелік білімін, шеберлігін және дағдысын жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мәдениет және ақпарат саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орталық аппаратты және оның комитетте- рін жүктелген қызмет- терді орындау үшін бекітілген штат саны- ның лимиті шегінде ұстау және қызмет көрсету: - нормативтік құқық- тық актілердің жоба- лары мен оларды же- тілдіру бойынша ұсы- ныстарды дайындау; - тарихи және мәдени ескерткіштерге архео- логиялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия беруді, сондай-ақ мәдени құндылықтарды уақытша кіргізу мен шығаруға рұқсат беруді бақылау мен қадағалауды қамтама- сыз ету; - халықаралық ынты- мақтастықты жүзеге асыру; - мемлекеттің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды әзірлеу; - министрлік құзыры- на кіретін сауалдар бойынша ақпараттық-талдау материалдарының, экспертік және болжам бағаларды дайындауды жүзеге асыру; Қызметтік автокөлік құралдарын жалдау және ұстау. Байланыс қызметінің, оргтехникаларды күту мен техникалық қызмет көрсету төлемі. Рұқсат қағаздарды, лицензия бланкілерін, қатаң есеп беру бланкілерін жасау қызметтерін сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
3 | | 007 | Мемлекет- тік қыз- метшілер- дің бі- ліктілі- гін арт- тыру | Қызметкерлерді мемле- кеттік және ағылшын тіліне оқыту. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
4 | | 009 | Мемлекет- тік органдар- ды мате- риалдық- техника- лық жарақтан- дыру | Орталық аппарат қыз- меткерлерінің жұмысын ұйымдастырумен байла- нысты: 20 жұмыс орнына кеңселік жиһаз жинақтарын, 15 жұмыс орнына телефон аппа- раттарын, оргтехника, техникалық құралдарды және Министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінің жұмы- сын қамтамасыз етуге арналған басқа да активтерді сатып алу | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мем- лекеттік органдар- ды ақпа- раттық- техника- лық қам- тамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарын жөнелту және техникалық қызмет көрсету бойын- ша қызметтер төлемі. Телекоммуникациялық қызметтердің төлемі. Веб-сайтты және бағ- дарламалық өнімдерді жөнелту. Аппарат қызметкерлері үшін компьютерлерді, желілік принтерлерді, кеңселік сканерлерді және ноутбуктарды сатып алу. | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 182 қызметкердің Министрлікке жүктелген және іс-шаралар жоспарында қарастырылған қызметтер мен міндеттерді толық көлемде орындау:
министрлік 20 қызметкеріне кеңселік жиһаз; құжаттар сақтайтын сейфтер - 15 дана; телевизор - 1 дана;
бейнемагнитофон - 1 дана; шкаф - 4 дана; телефакс - 7 дана; телефон аппараттары - 15 дана; цифрлы бейнекамера; цифрлы фотоаппарат; ксерокс сатып алу.
оқыту: 41 қызметкерге - мемлекеттік тілді, 40 қызметкерге - ағылшын тілін.
Министрлік құзырына жататын салаларда нормативтік құқықтық актілерді жасау.
Соңғы нәтиже: Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекет қызметінің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдануды кеңейту, республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын дұрыс түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету, республикада және әлемде, басқа да қызмет салаларында орын алған қоғамдық-саяси үрдістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету.
Министрлік аппараты мен комитеттер 49 % қызметкерлерін жиһазбен қамтамасыз ету; министрлік аппараты мен комитеттерінің 9,2% қызметкерлерін жиһазын жаңарту;
оқуға қажеттілікті қамтамасыз ету:
- мемлекеттік тілде - 22,5%
- ағылшын тілінде - 22%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметкерін ұстауға кететін орташа шығын 1217 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын 11,3 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын 9,7 мың теңге.
Жарақтандыруға кететін орташа шығын: кеңсе жиһазымен - 155 мың теңге, оргтехникамен және техникалық құралдармен - 28,4 мың теңге, ақпараттық-техникалық жарақтандыру - 105 мың теңге;
Уақыттылығы: Бекітілген уақытта және келісім шарттар бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: қазіргі таңдағы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру;
мемлекеттік қызметкерлердің 22,5% (үлесі) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшеді;
мемлекеттік қызметкерлердің 22% (үлесі) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 14-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-14 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 197 000 мың теңге (жүз тоқсан жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы» атты қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы-жер өңдеу мәдениетінің аспектілері мен өзара қарым-қатынасын, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үдерістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Мәдениет және ақпарат саласын- дағы қол- данбалы ғылыми зерттеу- лер | Мәдениет саласында мына бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу: - тарихи-мәдени, мәдени-бос уақыт, театр-концерт, мұра- жайлық, тарихи. Мемлекеттік 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасы аясында және»"Ежелгі Отырардың жаңғыруы" бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұралар нысандарында археоло- гиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар алыс және жақын шетел қалалары- ның мұрағаттары мен кітапханаларына оқы- мысты ойшылдардың мұраларын зерттеу үшін, сондай-ақ сирек кездесетін басылым- дарды, кітаптар мен архив құжаттарын табу және сатып алу мақса- тында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттің ғылыми-техникалық сараптамасы бойынша қызметтің төлемі. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: өнімдерді дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау және мәдениеттің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту;
Еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 8 тақырып бойынша этносаралық қатынаста және саяси мәдениет саласында ғылыми зерттеулер өткізу;
Этнография саласы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған Мұражайтану саласында 6 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Бұзоқ, Қойлық, Талғар, Ақыртас, Жайық, Жуан төбе, Қараспан төбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар, Сарайшық қалаларында; Ыстық, Берел, Шілікті, Бестамақ, Бөріжары қорымдарында; Мерке-Жайсан, Қызыл Ұйық әулиетамдарында, Айбас дарасы, Кент, Талдысай, Тоқсанбай, Ботай елді мекендерінде; Тоқтауыл, Шідерті III, Қошқорған І-III, Шоқтас, Некрополь Чирик Рабат бекеттерінде 29 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
Мемлекеттік "Ежелгі Отырардың жаңғыруы" бағдарламасы аясында Отырар, Алтынтөбе, Құйрықтөбе қалаларында 4 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
1000 данада «Мардан-Күйік қалашығы», «Көк-Мардан қалашығы» атты буклеттерді шығару.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 600-ге тарта қолжазба, 70 сирек кездесетін қолжазба, 500-ге жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір ғылыми жобаны сатудың орташа шығын құны 13133,3 мың теңге.
Уақыттылығы: Ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени құнды нысандарға келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 15-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-15 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 43257 мың теңге (қырық үш миллион екі жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Үкімі.