Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1352 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1689 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 « Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
| Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Евниев Арман Қайратұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Радостовец Николай Владимирович | - Республикалық тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша); |
мына:
| « Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
| « Келімбетов Қайрат Нематұлы | - « Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)» |
| « Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - « Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)» |
| « Худова Любовь Николаевна | - Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)» |
| « Сұлтанов Серік Егелұлы | - « Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының вице-президенті - атқарушы директоры (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| « Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы» ; |
| « Келімбетов Қайрат Нематұлы | - « Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)» ; |
| « Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - « Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы (келісім бойынша)» ; |
| « Худова Любовь Николаевна | - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы басқармасының төрайымы (келісім бойынша)» ; |
| «Сұлтанов Серік Егелұлы | - « Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының президенті (келісім бойынша)» ; |
көрсетілген құрамнан Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Коржова Наталья Артемовна, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |