Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-5-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
007 - «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешені обьектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1220000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартын ратификациялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2195 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану болашағын және «Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық меншіктің нарықтық құнын белгілеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлігінің техникалық жағдайын кешенді бағалаумен және пайдаланумен байланысты зерттеу жұмыстарын аяқтау және 2007 жылғы түгендеу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлігін қайта бағалау жөнінде жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ р/р | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қазақстан Республи- касының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектіле- рі мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау | 1. «Байқоңыр» кешені объекті- лерінің жалпы техникалық жағдайын функцио- налдық мақсат бойынша бағалау 2. Тұтас ғарыш айлағының және оның жекелеген элемент- терінің даму бола- шағын болжаулық маркетингтік талдау 3. «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің инвестициялық тартымдылығын қаржылық талдау 4. «Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі тұрғысынан талдау және оның саяси мүдделерін қамтама- сыз ету 5. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жалға берілген мүлікті түгендеу және баға- лау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының мүддесінде «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлкінің техникалық жағдайын бағалау мен пайдаланылу болашағын анықтау; нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешенінің негізгі қаражатының құнын анықтау.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның бұдан әрі дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес «Байқоңыр» кешені активтерінің жүйелік есебі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында «Байқоңыр» кешенінің құрылымын және ғарыш айлағы объектілерін ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді; «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелерді негіздеп қоюға және «Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту үшін қаржылық құралдар сатып алуға мүмкіндік береді.
Уақытылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылға дейін дамыту» Мемлекеттік бағдарламасына негіз болады; «Байқоңыр» кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал кейінгісі тек 2011 жылы өтеді.
Сапа: «Байқоңыр» ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»29 мамырдағы
№ 438 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-6-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
008 - «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; «Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр« кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республи- касының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілері- нің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңыр- баланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.