Уақтылығы: орындалған іс-шараларды белгіленген мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: әдіснамалық әзірлемелер халықаралық стандарттарды енгізуді және олардың ұлттық деңгейге бейімделуін жеделдетеді, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, мемлекеттік басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етуді жақсартады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
383-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 261320 мың теңге (екі жүз алпыс бір миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысы; «Республикалық бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Қазақстан Республикасында Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі 2005-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер туралы анық қорытынды деректер алу;
2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылығы санақ деректерінің қоры негізінде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты актуализациялау;
4) жиналған статистикалық деректерді сапалы өңдеу мен талдау, оларға барлық ақпарат алушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу | Ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу; бақылау объектілерінің бас жиынтығын келесі ауыл шаруашылығы іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін әзірлеу; шағын шаруашылық субъектілер (жеке тұлғалар) және құрылымдық шаруа нышандарын топтастыру туралы деректерді алу; ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңін өткізу; бірінші және екінші кезеңдерден алынған деректерді өңдеу және жариялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының соңғы деректерін жариялау.
Түпкі нәтиже: «ауыл шаруашылығы» саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:
инфраструктура, жер алаңы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңы, олардың сұрыпты құрамы, ауыл шаруашылығы малдарының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кішігірім цехтар;
ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша бастапқы деректерді алу, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құралымдарының тіркелімін актуализациялау үшін пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
384-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ұлттық санақ өткізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2634189 мың теңге (екі миллиард алты жүз отыз төрт миллион бір жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2009 жылы кезекті халықтың ұлттық санағына дайындық кезеңі жұмыстары іс-шараларының толық кешенін жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: негізгі халық санағын өткізу механизмін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау, ұйымдастыру-әдіснамалық жұмыстарда пайда болған кемшіліктерді бағалау және түзетулер жүргізу және 2009 жылғы негізгі халық санағының бағдарламасына барлық қажетті түзетулерді енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Ұлттық санақ өткізу | 1. Халықтың санағы материалдарын сынап көру. 2. 2009 жылғы негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңінің іс-шаралары кешенін жүргізу | Жыл бойына | Қазақстан Респуб- ликасы Статистика агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бағдарлама қосымшасын жүзеге асыру нәтижесінде халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы болатын халықтың негізгі санағына жұмыстардың дайындық кезеңінің іс-шаралары кешенін жүргізу материалдары, ғалым-демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстары, халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен ұсыныстары есебімен, 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне пайдаланылады. Бұл санақтың барысында барлық аймақтар бойынша деректер алынады, бұлар: жасы мен жынысы, некеге отыру жағдайы, ұлттық құрамы, білім деңгейі, үй шаруашылықтарының мөлшері және саны, тілдерді білу деңгейі, жұмыспен қамтылу және басқа да деректер.
Қорытынды нәтиже: 1) халық санағы материалдарын сынап көру жүргізгенде халықтың негізгі санағын жүргізудің барлық механизмін егжей-тегжейлі зерделеу мен талдау, ғалымдармен, ведомстволар және министрліктер мамандарымен және басқа да ақпаратты пайдаланушылармен талдаудан кейін 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне бағдарламаларды пысықтау. 2) картографиялық материалдарды: аудандар мен тұрғылықты жерлердің схемалық жоспарларын дайындау. 3) халықтың толық есебін анықтау үшін бақылау құжаты болып табылатын тұрғын жерлердегі үйлердің тізімін алу; 4) құрылған тұрғын жерлердегі үйлердің тізімі негізінде халық санағын өткізудің ұйымдастыру жоспарын құрастыру, аудандар мен тұрғылықты жерлердің аймақтарын санақ телімдеріне бөлу; санақ бөлімдері; нұсқаушылар тізімі, есеп телімдері. 5) санақ қызметкерлерінің қажетті санын, үй-жай мен автокөлікке қажеттіліктерді анықтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: кіші бағдарламаларды орындау негізгі халық санағын өткізуге жұмсалатын нақты қаржы шығыстарын анықтау және оның өткізілуіне республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді пайдалану бөлігінде негізгі халық санағы өткізілуінің тиімді ұйымдастырудың маңызды элементі.
Уақытылылық: жыл бойына іс-шараларды жүзеге асыру мерзіміне сәйкес.
Сапа: халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы жүргізілетін негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңі шаралар кешені материалдарын уақытылы және сапалы алу халықтың негізгі санағының әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапалы деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру жоспарларын уақытылы және сапалы құру - халықтың негізгі санағын жүргізу кезінде халықтың сапалы және дәл есебін анықтайтын санақ аудандастыруын жүргізуге, сондай-ақ, санақ қызметкерлерінің қажетті санын анықтауға, олардың арасындағы жұмыстарды тең бөлу және оларды санақ учаскелері бойынша дұрыс орналастыру, санақ бөлімдері үшін үй-жай, нұсқаушы учаскелерін және автокөлік қажеттіліктерін анықтауға негіз болады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
385-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14840 мың теңге (он төрт миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Ақпараттық қоғамның қазіргі статистикасын құру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін, сәйкес ақпараттың жасалған әдістердің пайдалануымен Интернет пайдала- нушылар категориясын, халықтың компьютерлік сауаттылығын көрсету серпінін және нәтижелерін талдау. Халықтың компьютерлік сауаттылық және Интернет пайдаланушы- ларының көрсеткіштерін ҚР Статистика агенттігінің Статистикалық жылнамасына жариялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.
Түпкілікті нәтиже: Интернет желісін пайдаланушылардың негізгі көрсеткіштері мониторингін жүргізу: пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлінген облыстар бойынша;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу (компьютерді және Интернетті пайдалану орны және жиілігі);
Интернет пайдаланушыларын жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;
пайдаланушыларды білім деңгейі және компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бөлу;
негізгі қол жеткізу пункттері және желіге қосылу үшін пайдаланылатын жабдық;
Интернет желісін пайдаланудың негізгі мақсаттары және Интернет желісіндегі ең көп талап етілетін қызметтер;
Интернет-коммерция көрсеткіштері (Интернет арқылы тапсырыс берілген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);
Интернетті пайдалану кезінде туындайтын негізгі проблемалар.
Қаржы-экономикалық тиімділік: компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау және халықты Интернет қызметімен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.
Уақтылығы: жыл бойы шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес.
Сапасы: ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негізінде қалыптастырылады.