Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1143 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
04 «Ұлттық қордан трансферттер» сыныбында:
1 «Күрделі нысаналы трансферттер» кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 03 ерекшелікпен толықтырылсын:
«03 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт»;
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
03 «Мамандандырылған медициналық көмек» кіші функциясында:
226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«107 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларын сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер»;
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларымен қамтамасыз ету»;
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»;
«015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша бюджеттік бағдарлама мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторлармен қамтамасыз ету»;
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»;
«015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында:
09 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«053 «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпаратты кеңістік» функционалдық тобында:
09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» кіші функциясында:
205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«002 Аумақтық органдардың аппараттары»;
мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
021 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту»;
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
01 «Отын және энергетика» кіші функциясында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 053 «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салуға «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-на кредиттік ресурстар беру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
053 «Атырау облысында бірінші біріктірілген газ-химия кешенін салуға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на кредиттік ресурстар беру»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
09 «Басқалар» кіші функциясында:
104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
019 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайту»;
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 041 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
041 «Стресті активтер қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту»;
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
025 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
060 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
602 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
004 «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығын құру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |