Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы
(2008.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі Қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 қаулысымен өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдарының тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 5) тармақшамен толықтырылды
5) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 Қаулысымен 6) тармақшамен тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.30.06. № 626 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне екі вице-министрi болуына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардың аудандарында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар), ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ведомстволары: Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) келісімінен кейін жауапты хатшы не жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22.
9. Министрліктің толық атауы -»«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервтер, апаттар медицинасы қызметі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, бекіту;
төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың жай-күйі туралы мемлекеттік баяндамаларды дайындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық ету;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының аумағында шетел ұйымдары мен азаматтарының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметтерін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік және жұмылдыру резервтері құрамында бар материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларын пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;
төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты оқытуды ұйымдастыру;
ізгілік акцияларын дайындау және өткізуге қатысу және оларды ұйымдастыру;
мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етуді ұйымдастыру;
халықты және шаруашылық субъектілерін техногендік авариялар, болуы мүмкін су тасқындары, селдер, сырғымалар мен басқа да экзогендік құбылыстар мониторингі және олар туралы хабардар ету жүйесін ұйымдастыру;
халықты хабардар ету және байланыс жүйесін дереу пайдалануға тұрақты дайындығын, олардың жабдықталуы мен дамуын қамтамасыз ету;
техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда, төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс, мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды бекіту, келісу;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша күштер мен құралдарды құру, дайындау және дайындықта ұстау;
төтенше жағдайларды жою кезінде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
халықты, елді мекендерді және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымды жоспарларды және оларды жою бойынша іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеу;
ұйымдардың басшылары мен халықты қорғау тәсілімен қазіргі заманғы құралдарды қолдану кезінде және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге оқытуды ұйымдастыру;
мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреттері шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған аварияларды, дүлей зілзалалар мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік сараптамаға басшылық жасау және қажет болған жағдайда халықаралық сараптау ұйымдарын тарта отырып, тәуелсіз сараптама ұйымдастыру;
зардап шеккендерге, оның ішінде авариялық-құтқару қызметінің жұмысшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында шұғыл медициналық көмек көрсету;
материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құру және пайдалану;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды ұйымдастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Азаматтық қорғаныс күштерімен оның қарамағындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерімен, төтенше жағдайларды республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесімен төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларға басшылық жасау;
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жеке құрамын, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, халықты Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша даярлау бағдарламаларын әзірлеу;
Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешуге, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының аумағында Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүдделерінде қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін айқындау;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау, халықты, лауазымды адамдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын, Апаттар медицинасы орталығын авариялық-құтқару және басқа да күттірмес жұмыстарды жүргізу кезінде басқару;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жеке құрамын және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарды, Азаматтық қорғаныстың ұйымдары мен құрамаларының басшыларын, халықты азаматтық қорғаныс бойынша дайындауды ұйымдастыру;
бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс жоспарын бекіту, оларды ведомстволық бағынысты аумақтарда іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ халқы орындау үшін міндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер әзірлеу, қабылдау;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен күштерін дайындауды ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелерді бекіту;
қалаларды және шаруашылық жүргізуші объектілерді санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемін бекіту және ұстау;
өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережесін әзірлеу;
меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтің жұмысын үйлестіру;
авариялық-құтқару қызметтері мен меншік нысанына қарамастан құрамаларының қызметтерін үйлестіру;
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепті жүргізу;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындау;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттаудан өткізу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде жасақтар мен апаттар медицинасының далалық көшпелі госпиталдарын, сондай-ақ коммерциялық емес төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
суда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
ұйым құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жататын объектілерді қауіпті өндірістік объектілерді бірегейлендіруге негізгі талаптарды белгілеу;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиісті ережелерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, олар қайта құрылған не таратылған жағдайда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт-техникалық өнімдерінің түрлерін айқындау;
мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастыру туралы шешімдер қабылдау;
материалдық резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыс қалыптастыру;
материалдық құндылықтарды шығару (жаңарту тәртібінде) және мемлекеттік резервке қою туралы шешімдер қабылдау;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмылдыру және мемлекеттік резервтердің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесін әзірлеу және басқару;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласында заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мыналар жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін:
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімді насихаттау, халықты, лауазымды адамдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту;
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
объектілерді салуға өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келісу;
өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы қызметке тағайындалған және белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізу;
лицензиарлардың біліктілік талаптарына сәйкес олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне қорытындылар беру;
өртке қарсы нормалар мен ережелер талаптарының сәйкестігіне кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және жекелеген қондырғылардың аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу;
ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттерден қорғау және оны сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету;
қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу;
техникалық қондырғыларды, материалдарды қабылдау сынағынан өткізуді келісу;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттауды жүзеге асыру;
жұмыстардың қауіпті түрлерін жүргізу кезінде технологияларды, техникалық қондырғыларды, материалдарды (оның ішінде шетелдік) қолдануға, дайындауға рұқсаттар беру;
халықты ақпараттандыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу мен оларды жою шараларын ұйымдастыру;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
өрттерді анықтау және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде өрттерді анықтауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және олардың негізінде сотқа жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толықтай тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыз жасау және жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты әскерилендірілген тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметіне басшылық жасау;
тексеру жүргізу және лицензиарлардың сұраулары бойынша лицензиаттың қойылған талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру;
авариялар мен өндірістік жарақат алулардың туындау себептері мен жағдайларына талдау жүргізу;
тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымды және перспективалық жоспарларын ұйымдарда келісу;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және жаңалауды жүзеге асыру;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, қайта орналастыру, жаңалау және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, қайта құрылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, есепке алу, сапалық және сандық сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;
қарызға алу тәртібімен алушымен материалдық құндылықтарды шығаруы туралы шарт (келісім-шарт) жасасу;
операцияға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен борышты және тұрақсыздық айыптарын өндіріп алуды жүзеге асыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
елді мекендердегі және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресуге әзірліктерін бақылауды жүзеге асыру;
салынып жатқан объектілерді олардың жобалық-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар беру;
мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі міндетті күші бар нұсқамалар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын, субъектілердің өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған ғимараттар мен құрылыстардың, электр желілерінің, жылыту аспаптарының және өрт қауіпті жұмыстарын жүргізуге тыйым салу, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының жобаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде жұмысын ішінара немесе толық тоқтату;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың авариялар мен олардың салдарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмысты бақылау;
егер өнеркәсіптік қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес әзірленген аварияны жою жоспарында өзгеше тәртіп көзделмесе, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмысты бақылау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;