7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау бойынша келісім-шарт жасау.
Соңғы нәтиже:
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжатын бекіту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, аймаққа инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру.
Уақтылығы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту бағдарламасын орындау.
Сапасы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар тарапынан арыздардың болмауы.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 338-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
338-3-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
062 «Астана қаласының бюджетіне коммуналдық техниканы сатып
алуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығы, «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы, «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы, «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы, «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қала көшелерін, парктерін, скверлері мен қала ішілік абаттандырудағы үздіксіз ағымдағы ұстап тұруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қысқы-жазғы уақытта қаланы тиісті түрде уақтылы қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарлама (кіші бағдар- лама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 062 | | Астана қала- сының бюдже- тіне комму- налдық техни- каны сатып алуға арнал- ған нысаналы ағымдағы трансферттер | Астана қаласы үшін коммуналдық техни- каны сатып алуға бағытталған Астана қаласының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министр- лігі, Астана қаласының әкімдігі. |
7. Бюджеттік бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: коммуналдық техниканы сатып алу.
Соңғы нәтиже: астанадағы заңсыз қоқыстарды уақтылы әкетуді қамтамасыз ету, Астана қаласының көшелерін, сондай-ақ, жаңа әкімшілік орталығын тазарту жөніндегі жұмыстар.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орындалатын жұмыстардың өнімділігі артады.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу мен жасалған шарттардың кестесіне сәйкес орындау.
Сапасы: қысқы және жазғы уақытта қаланы тазартудың деңгейі мен сапасы артады, сөйтіп, халық үшін экологиялық таза қала ортасын құруға жәрдемдесеміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
339-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында»электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақпараттық ресурстарға және Интернетке қызметтер мен қолжетімділіктің спектрін кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын сүйемелдеу, оның ішінде: - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталында айқындалған барлық бөлімдердің, тақырыптардың және бағыттардың толтырылуын қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ұсынатын ақпараттың тиісті және презентабелдік дизайнын қалыптастыру; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі веб-порталы жұмысының негізгі қағидаттарына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қызметкерлерін оқыту; - сайттарға кірудің рейтингісін арттыру мақсатында Интернеттегі басқа да қоғамдық-танымал ресурстарға Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын баннерлік сілтемелерге орналастыруды қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-порталын- дағы барлық материалдарды кәсіби аударуды ұйымдастыру; - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі веб-порталының қосымша функцияларын қолдау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: индустрия және сауда саласында Қазақстан Республикасы халқының ақпараттандырылу деңгейін көтеру.
Түпкі нәтиже: ақпараттық теңсіздікті төмендету.
Уақыттылығы: мемлекеттік сатып алу туралы шарттармен жасалған белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жүргізілетін экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ақпаратпен сапалы және уақытылы алмасуды қамтамасыз ету.