ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35000000 мың теңге (отыз бес миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысы, «Қазақстан Республикасы әлеуметтік экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі әрекеттер жоспарын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты тиісті тұру жағдайларымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, жеке тұрғын үй құрылысының және көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылыстарды, энергиямен жабдықтайтын көздерді қайта жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мыналарды дамытуға нысаналы трансферттер аудару: - жеке және көп қабатты тұрғын үйлерді салу аумағы және/немесе сатып алу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу және жобалау; - жеке және көп қабатты тұрғын үйлерді салу аумағы және/немесе сатып алу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қайта салу және жобалау | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, жеке тұрғын үй құрылысының және көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құрылыстыру 1986,7 км кем емес және/немесе тұрғын үйді сатып алу есебінен құралады;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылысты, энергиямен жабдықтайтын көздерді қайта жаңарту.
Түпкілікті нәтиже:
- жеке тұрғын үй құрылысының және көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға арналған болжамды шығыстар 1 шақырымға 15,1 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы:
- Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін пайдалануға берудің кестесіне сәйкес.
Сапасы: тұрғын үйлерді салу аумақтарының қажеттіліктеріне инженерлік-коммуникациялық объектілердің коммуналдық және басқа да қызметтердің толық сәйкестігі;
- ҚНжЕ-ге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
318-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21221 мың теңге (жиырма бір миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысы, «Мемлекет Басшысы Қазақстандағы сейсмикалық қауіптілік және жер сілкіністерін болжау мәселелері бойынша қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мүмкін болатын талқандамалы жер сілкінісінің сейсмикалық тәуекелі мен залалын төмендету;
үйлер мен ғимараттардың төзімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ету үшін тиімді сындарлы шешімдер әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | I. Мүмкін болатын талқандамалы жер сілкінісінің сейсмикалық тәуекелі мен залалын төмендетусаласында бір өтпелі тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: Беріктігі жоғары бетондар мен болаттарды қолдана отырып, қабаттылығы жоғары ғимараттардың қабырғалық құрастырмаларының сейсмикалық төзімділігін зерттеу, сондай-ақ сейсмикалық аудандар үшін қабаттылығы жоғары ғимараттарды жобалау жөніндегі нұсқау әзірлеу. II. Тиімді сындарлы шешімдер әзірлей отырып, үйлер мен ғимараттардың төзімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ету саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу екі жаңа тақырып бойынша: Сейсмикалығы жоғары жағдайларда жұмыс істейтін, беріктігі жоғары құрастырмалар мен бұйымдарды жасау үшін пайдалану сенімділігі жоғары және ұзақ уақытқа жарамды тез қататын бетондар өндірісінің ресурс пен энергияны үнемдеуші технологияларын әзірлеу; Сорланған топырақтарда тұрғызылатын және жеміргіш ортаның әсеріне ұшыраған үйлер мен ғимараттардың ұзақ уақытқа жарамдылығын арттыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 2007 жылы басталған І тақырып бойынша зерттеулерді жалғастыру;
- 2 жаңа тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді бастау.
Түпкілікті нәтиже:
- жер мүмкін болатын талқандамалы жер сілкінісінің сейсмикалық тәуекелі мен залалын төмендету;
- тиімді сындарлы шешімдер әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Мүмкін болатын талқандамалы жер сілкінісінің сейсмикалық тәуекелі мен залалын төмендету саласында бір өтпелі тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шығындар:
- «Беріктігі жоғары бетондар мен болаттарды қолдана отырып, қабаттылығы жоғары ғимараттардың қабырғалық құрастырмаларының сейсмикалық төзімділігін зерттеу, сондай-ақ сейсмикалық аудандар үшін қабаттылығы жоғары ғимараттарды жобалау жөніндегі нұсқау әзірлеу» 13021,0 мың теңгені құрайды;
2008 жылы бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің болжанып отырған құны 4100,0 мың теңгеден 13021,0 мың теңгеге дейін.
Тиімді сындарлы шешімдер әзірлей отырып, екі жаңа тақырып бойынша үйлер мен ғимараттардың төзімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ету саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шығындар:
- «Сейсмикалығы жоғары жағдайларда жұмыс істейтін, беріктігі жоғары құрастырмалар мен бұйымдарды жасау үшін пайдалану сенімділігі жоғары және ұзақ уақытқа жарамды тез қататын бетондар өндірісінің ресурс пен энергияны үнемдеуші технологияларын әзірлеу» - 4100,0 мың теңгені құрайды.
- «Сорланған топырақтарда тұрғызылатын және жеміргіш ортаның әсеріне ұшыраған үйлер мен ғимараттардың ұзақ уақытқа жарамдылығын арттыру» - 4100,0 мың теңгені құрайды.
Ұзақтығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің ғылыми-техникалық өнімдерге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
319-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 442973 мың теңге (төрт жүз қырық екі миллион тоғыз жүз жетпіс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әртүрлі мақсаттарға перспективалы жаңа материалдарды әзірлеу» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 274 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан халқына жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өнеркәсіптің және медицинаның қайта өңдеуші салаларында технология мен құралдарды жетілдіру және жаңа өндірісті құруға бағытталған отандық ғылыми әзірлемелер негізінде отандық кәсіпорындардың бәсекелестігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекеге қабілетті өнім алудың жаңа технологияларын әзірлеуге бағытталған, халықаралық стандартқа сай қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1. «Әртурлі мақсаттағы перспективалы жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу. 2. «Жаңа инфекцияға қарсы препаратты клиникалық сынақтың II фазасын жүргізу» жобасы. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) жартылай өткізгіш материалдарды, наноматериалдарды, құйма және композициялық материалдарды алу саласында НИОКР жүргізілді;
2) Жаңа инфекцияға қарсы препаратты алу бойынша клиникалық сынақтар өткізілді.
Соңғы нәтиже:
1) әзірленген технологиялар:
- жартылай өткізгіштік материалдарды алу үшін пайдаланылатын материалдар: жоғары таза техникалық кремний 99,999 %, силан тазалығы 99,95 % және отандық шикізаттан өндірілген қоспаларының құрамы 1.10-5 % поликристалдық кремний;
- механикалық беріктікті және тозуға шыдамдықты 2-3 есе, ыстыққа беріктікті 200-400оС -ға арттыратын үстіңгі қабатты наноқұрылымдар;
- үстіңгі беткі катализаторлардың каталитикалық белсенділігін 2 есе арттыруға мүмкіндік беретін нанотехнологиялар;
- наноқұрылымдық жинақтаушылардың сыйымдылығы мен пайдалану мерзімін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар;
- конструкциялық материалдардың пайдалану мерзімін арттыруға мүмкіндік беретін материалдар мен құймаларды алу технологиясын алға мүмкіндік береді.
2) әлеуметтік маңызды аурулардың (туберкулез, АҚЖТ және т.б.) деңгейін төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
-2006-2008 жылдарға әртүрлі мақсаттардағы жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламаның құны 188 248 мың теңге;
-Жаңа инфекцияға қарсы препаратты клиникалық сынақтың II фазасын жүргізу» жобасының құны 254 725 мың теңге.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: құрылған технологиялар шығарылатын сыртқа шығару бағдарлы өнімнің сапасын арттырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
320-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Стандарттау, сертификаттау, метрология және
сапа жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 34844 мың теңге (отыз төрт миллион сегіз жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 8 және 25-баптары, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы, «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы, «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау. Отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін арттыру. Республиканың эталондық базасын зерттеу және жетілдіру, өнімнің қауіпсіздігін бақылау үшін эталондық жабдықты пайдалану, құрылатын эталондарды пайдалана отырып, салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттық үлгілердегі жаңа типтерді әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- халықаралық деңгейде әлеуметтік жауапкершілікті дамытудың үрдістерін талдау;
- Қазақстанның кәсіпорындарындағы жұмыс ортасын, өндірістік жағдайды талдау;
- бірыңғай кешенге менеджмент жүйесін біріктіру негізінде шоғырландырылған моделдерді жасау;
- менеджменттің шоғырландырылған жүйесінің күші қолданылатын ұйым үдерістерін сәйкестендіру;
- менеджменттің шоғырландырылған жүйесін енгізу кезінде туындайтын проблемаларды талдау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- әлеуметтік және этикалық жауапкершілік және менеджменттің шоғырландырылған жүйесі саласындағы халықаралық стандартты енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
- Эталондардың метрологиялық және дәл сипаттамаларын зерттеу және жақсарту мақсатымен ғылыми зерттеулер жүргізу, өндірісте және ғылымда оларды неғұрлым тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
- өнім сапасын бақылау үшін қажетті стандарттық үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Әлеуметтік және этикалық менеджмент және менеджменттің шоғырландырылған жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу: - метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу; - әлеуметтік және этикалық менеджмент саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу; - ISO 9001, SА 8000, ISO 14001, ISO 18001 менеджментінің шоғырландырылған жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Стандарттау саласында:
зерттеу нәтижелерін енгізу жөніндегі ұсынымдармен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы 2 есепті әзірлеу.
Метрология саласында:
- Роквелл және Супер-Роквелл шәкілдері бойынша беріктік эталонының және масса эталонының метрологиялық сипаттамаларын нақтылау;
- стандарттық үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу.
Түпкі нәтиже:
Стандарттау саласында:
Елдің экономикалық және әлеуметтік прогресіне, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу және әлемдік нарықта қазақстандық тауарлардың еркін айналымы, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жағдай жасау, өнімнің қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасындағы адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін процестерді қамтамасыз ету.
Метрология саласында:
- мұнайды есепке алудың коммерциялық тораптардағы шығыс өлшегіштерді пайдалану жөніндегі ұсынымдары.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Стандарттау саласында:
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы 2 есепті әзірлеуге шығыстар 11433,0 мың теңгені құрайды.
Метрология саласында:
- метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған шығыстар - кемінде 11 978 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: Стандарттау саласында:
Жұмыстарды уақытылы орындау, осы саладағы ғылыми және жетекші ұйымдардың оң рецензиялары.
Метрология саласында:
- эталондардан бірліктерді берудің дәлдігін арттыру;
- стандарттық үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
321-ҚОСЫМША (құпия)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
322-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3988410 мың теңге (үш миллиард тоғыз жүз сексен сегіз миллион төрт жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 981 Қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 204 Қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 680 Қаулысы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 878 Қаулысы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 633 Қаулысы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1061 Қаулысы, «2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2007 жылғы 28 ақпан.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дүниежүзі шаруашылығы жүйесіндегі қазақстандық»текшелердің»құрылуы және жеңуді іздену; Қазақстан Республикасының жеке капиталына тарту үшін қолайлы инвестициялық климат құру; Қазақстан Республикасын басқа елдермен сыртқы сауда айналымын жоғарлату; шекара аудандарында жаңа кәсіпорындарды құру және дамыту, сонымен қатар қытай аймағында алымсыз саудаға қазақстандық шикізатты өткізу және істеп шығару жөнінде өнеркәсіп кәсіпорындарын құру; тасу, тауарларды бөліп тарату, материалды-техникамен қамтамасыз ету және т.б. - қызмет түрлерін ұсыну саласын дамытуда; «Қорғас-Шығыс есігі» шекара маңы сауда-экономикалық аймағын құру; түгелдей Қазақстан Республикасының және Алматы облысының экономикалық ынтымақтастығын ықпалдасу, түгелдей Қазақстан Республикасының және Алматы облысының экономикалық өсуіне жағдайын жасау; қарасты аймақтардағы халық өмірінің деңгейін жоғарлату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-логикасы, қаржы, сауда және туристік инфрақұрылымын объектілерінің салынуы; отандық және шетелдік капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық климат құру; сауда және туризмді кеңейтуге жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру | Келесі іс-шараларға «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы акционерлік қоғамының жарлық капиталын арттыру: 1. шекаралық-кеден инфрақұрылымын жобалау және салу ақылау-өткізу пункті, тіркеу объектін, кеден, шекара, өрт және басқа да қызметтерді, 100 көлік іркілтеріне және басқа да объектілерге автопарк, ШМХЫ периметрінің видео бақылау және күзет жүйесін; 2. «Солтүстік», «Оңтүстік» әкімшілік-шаруашылық орталығын жобалау және салу; 3. Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы шекарасында көше-жол тораптарын және автомобиль тұрақтарын жобалау және салу; 4. Болашақ жол салу; 5. Қытай Халық Республикасы жағына автожолдарын және жүргіншілер көпірін жобалау және салу; 6. Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының солтүстік және оңтүстік бөліктері арасынан өтетін автотрассаны жобалау және салу; 7. Электро қуаттандыру; 8. Жылумен қуаттандыру; 9. Селден қорғайтын және жаға бекітетін құрылыстарды салу; 10. Су өткізу (канализация); 11. Телефонмен жабдықтау; 12. Жаңа көпір құру; 13. Жобалау және мердігерлік жұмыспен байланысты күтпеген шығындарды резервте; «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындау мақсатында іс-шараларды «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ алдына қойылған міндеттерге іске асыру байланысты қаржыландыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |