490. Бюджеттік кредит беру кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер жасасқан кредиттік шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
53-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасын анықтау тәртібi
491. Кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасы бағалы қағаздардың қайталама нарығында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен жасалған тиісті тоқсандағы операциялардың нәтижелері бойынша анықталады.
492. Тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалатын операциялардың нәтижелері бойынша "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы операциялардың нәтижесіндегі кірістіліктің қалыптасқан орта мөлшерлі ставкасының көлемі туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
54-тарау. Бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелерді қамтамасыз
етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi
493. Бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етудің болуын бақылауды ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және/немесе сенім білдірілген (агент) жүзеге асырады.
494. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган тұрақты негізде бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бар-жоғын тексеруді жүргізеді.
495. Қарыз алушы кредит бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бар-жоғын тексеруді жүргізеді.
55-тарау. Жергілікті атқарушы органнан мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
496. Жергілікті атқарушы орган мақсатқа сай пайдаланбаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
497. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңына қарай тиісті жергілікті органның әкіміне өтеу мерзімін көрсете отырып, мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтару қажеттігі туралы ескерту жібереді.
498. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа қаржы жылының алғашқы үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органның әкіміне міндеттемелерді тіркеу және Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдер жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
499. Тиісті жергілікті атқарушы орган - борышкердің әкімін хабардар еткеннен кейін келесі жұмыс күні:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналар:
Әкім аппаратының қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттемелер;
іссапар шығыстары;
міндетті зейнетақы жарналары;
әлеуметтік есептеулер;
банктік қызмет көрсетуге төлемдер бойынша операцияларды қоспағанда, Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шығыстар түрлері бойынша ғана төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша төлеуге берілетін шоттарды қабылдау туралы өкім жібереді.
500. Егер Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен жергілікті бюджетке түзету жүргізбесе және аумақтық қазынашылық органдарына берешектің барлық сомасын өтеу бойынша төлеуге берілетін шоттарын ұсынбаса, онда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша барлық операцияларды (міндеттемелер қабылдауды және төлемдер жүргізуді) тоқтата тұруды жүзеге асырады.
501. Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды қалпына келтіру берешектің барлық сомасын өтеу жөніндегі төлеуге шоттар ұсынылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.
56-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өндіріп алу есебіне өндіріп алынған мүлікті сату және
(немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру тәртібi
502. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік сенім білдірілгендер (агенттер) және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган арқылы сатылуға жатады.
Сенім білдірілгендер (агенттер) конкурстық негізде мамандандырылған ұйымдарды немесе тиісті лицензиялары бар өзге ұйымдарды тарту жолымен мүлікті ашық аукционда конкурстық негізде сатады және сатудан түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Сенім білдірілгенге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін шығыстарды төлеуді бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Мүлікті сату кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері республикалық бюджет кірісіне түскен қаражат сомасына азаяды.
503. Жекелеген жағдайларда бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.
504. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган растайтын құжаттардың негізінде сенім білдірілгенмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, конкурстық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен келісім жасасады.
505. Сенімхат негізінде әрекет ететін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы Ереженің 504-тармағында анықталған жасалған келісімге сәйкес қабылдап алу-беру актісі бойынша мүлікті қабылдайды және мүлікке меншік құқығын тіркейді.
506. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар
57-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібi
507. Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Банк - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсетуге өкілеттік берілген банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
банк-кепілгер - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе шетелдік банк.
Қазақстан Республикасының кепілдік беретін екінші деңгейдегі банкін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын ақшалай нысанда атқаруды көздейтін банктік кепілдемелер беруге заңды лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің атауын қамтитын тізбеден бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайды;
бизнес-жоспар - алдағы қарыз жылындағы төлемдер мен кіріс көздерінің түрлері туралы кесте қамтылатын алдағы қаржы жылына арналған қарыз алушы әзірлейтін құжат;
қарыз алушы - негізгі борышты өтеу және сыйақыларды, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген қарыз қаражатын алған қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы болып бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді;
кепілгерлік шарты - тараптардың мемлекет кепілгерлігін беру туралы құқық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз бойынша облигациялау ұстаушылардың өкілі арасындағы жазбаша келісім;
облигациялау ұстаушылардың өкілі - бағалы қағаздардың қайталама нарығында инфрақұрылымдық облигацияларды айналдыру, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу және оларды өтеу үдерісінде эмитентпен жасалған шарт негізінде қарыз берушілер мүддесінде әрекет ететін ұйым;
жергілікті атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы;
мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша алдағы төлемдерді қамтамасыз ету жүйесі - қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы салым шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу туралы қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның алдында банктің кепілдігін беруі;
шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) - қарыз алушының Қазақстанның Даму Банкінде ашылған және мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша алдағы төлемдерді өтеуді қамтамасыз етуге ғана арналған арнайы шартты салым шотында ақшаның бөлігін мерзімді төлеу арқылы міндетті жинақтамасы.
Шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі жиырма күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді;
мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, агенттің және қарыз алушының арасындағы мемлекеттік кепілдік беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджеттің қаражатын қайтару бойынша мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі келісім;
түпкі қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын қарыз алушы анықтаған шарттарда қарыз қаражатын түпкі алушы;
контрагент - үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміле тарабы;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - үкіметтік қарыз алу (валюталық, пайыздық және өзге де) тәуекелдерін басқару мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен контрагенттің арасында мәміле жасау.
508. Қабылданған макроэкономикалық көрсеткіштерді негізге ала отырып, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-мен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, Алдағы үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының (бұдан әрі - Орта мерзімді жоспар), жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемі мен құрылымының негізінде үкіметтік қарыз алу мен борыштың алдағы орта мерзімді кезеңіне арналған жыл сайынғы жағдайын бағалау және болжауды жүргізеді.
509. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандарын және шарттарын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету көлемдерін анықтайды.
510. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын болжанған үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:
1) қолданыстағы сыртқы қарыздар қаражаты түсімдерінің тізбесі мен жылдық көлемін;
2) қаражаттың түсуінің ықтимал тізбесі мен жылдық көлемін және олардың даярлық дәрежесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейіне және халықаралық қаржы ұйымдары мен дамуға ресми көмек көрсететін донор-мемлекеттердің үкіметтерімен, басқа да сыртқы кредит берушілермен өзара іс-қимылдың перспективаларына негіздей отырып қол қоюға дайындалып жатқан бағдарламалық және инвестициялық сыртқы қарыздарды;
3) ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, жоғарыда санамаланған көздер жаппаған бюджеттің тапшы бөлігін қаржыландыру үшін ықтимал өзге қарыз алу көздері мен құралдарын анықтауды қамтиды.
58-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
511. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешім қабылдайды.
512. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшін:
1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін анықтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.
59-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуы
513. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласында экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл сайын басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады және оны республикалық бюджет комиссиясына бекітуге ұсынады.
514. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңіне арналған басым инвестициялық жобалардың тізбесі шегінде белгілі бір қарызды тарту туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімін дайындау үшін мүдделі министрліктер мен ұйымдарды тарта отырып:
1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеуді және қарыз алу мүмкіндігін бағалауды;
2) тиісті жылға арналған жаңа үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландыру ұйғарылатын жобаның қаржылық сипаттамасын талдауды;
3) орын алып отырған мүмкіндіктер шеңберінде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды дайындауды;
4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу жолымен сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар дайындауды;
5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
515. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналарды:
1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтілетін қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келіссөздер ұйымдастыруды және өткізуді;
2) шарттардың қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
3) қарыз шарты мен ілеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның түпкілікті қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша міндеттемелерінің есебін жүргізетін және қызмет көрсететін ұйымдармен қатынастарды реттейтін құжаттарды дайындауды және ресімдеуді қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
516. Үкіметтік қарыз бойынша құжаттамаларды келісуді мүдделі мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттамалар негізінде әділет органының қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргізуі жүзеге асырылады, нәтижесі тиісті қорытындымен ресімделеді.
517. Қазақстан Республикасының Yкіметі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынысы негізінде қарыз шартын жасасу жолымен үкіметтік қарызды тарту туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қарыз алуды жүзеге асыру нысаны мен оның көлемі, қарыз шартымен ілеспе құжаттарға қол қою үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ресми тұлғаларының өкілеттіктері белгіленеді.
518. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
519. Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялануына жатады.
520. Қарыз шарты жасалғаннан және ол ратификацияланғаннан кейін қарыз шартының талаптарында көзделген жағдайларда әділет органы қорытынды ресімдейді.
521. Қол қойылған қарыз шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеуге жатады.
522. Сыртқы үкіметтік қарыздар/гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетіледі және Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретіне қарай пайдаланылады.
523. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар/гранттар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, Банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың/гранттардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
524. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар/гранттар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, Банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден алынған ақпараттар негізінде жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердің ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
60-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру
525. Халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе басқа донорлардың (бұдан әрі - донорлар) Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін қарыз шарттары немесе байланысты грант туралы келісімдер шеңберінде қарыз қаражатын ойдағыдай пайдалану мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жанынан белгіленген штат саны шегінде жобаны жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімше анықталады.
526. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) жоба құрауыштары бөлінісінде, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің барлық қолданылу кезеңінде жылдар бойынша жұмыстардың тізбесін, қаржыландырудың мерзімін және көлемін қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру кестесін әзірлейді;
2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде инвестициялық жобаны қаржыландыру көлемін белгіленген тәртіппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жолымен инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асырады;
4) донормен келісілген тендерлік комиссияның шешімі негізінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға келісім-шарттар жасасады;
5) жасасқан келісім-шарттардың мониторингін, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының, гранттың және қазақстан тарапының бірлесіп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
6) жыл сайын ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына қарай бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған сатып алудың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.
527. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы ретінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу жолымен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде донорлардың рәсімдер мен ережелерді сақтауын бақылауды, сондай-ақ үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының және қазақстан тарапының бірлесіп қаржыландыру қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) егер мұндай, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде немесе қарыз алушы банктердің жекелеген іріктеу тәртібімен реттелетін инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны іске асыруға қатысу үшін қазақстандық екінші деңгейдегі банктерді немесе басқа ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады;
3) Банктермен келісім бойынша үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкі қарыз алушымен кредиттік шарт әзірлейді және оған қол қояды;
4) Жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
5) жергілікті консультанттардың, сондай-ақ үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражаты, байланысты гранттардың және республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру барысында тартылатын қосымша персоналдың лауазымдары тізілімін және лауазымдық коэффициенттер кестесін бекітеді.
61-тарау. Қарыз және грант қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
528. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезінде:
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және донормен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшін техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердігерлер үшін техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшеліктерін әзірлейді және келіседі;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшін конкурстық комиссия құрады. Төрағаны және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бір өкілін қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемі үш адам болуы тиіс;
3) донордың рәсімдерін және тәртібін басшылыққа алады;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстардың нәтижелерін, келісім-шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға енгізілген кез келген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды келіседі;
5) инвестициялық жоба шеңберінде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктерін, консультанттар үшін техникалық тапсырмаларды, сондай-ақ мердігерлер үшін техникалық құжаттамаларды келіседі;
2) конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін өзінің өкілін жібереді;
3) конкурстардың нәтижелерін, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі келісім-шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға кез келген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды келіседі.
529. Конкурсқа қатысушылардың біліктіліктеріне, сатып алынатын тауарлардың, мердігерлер үшін конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердің консультанттары үшін техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен донордың алдын ала келісімі бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.
530. Белгіленетін біліктілік талаптарының дәрежесі келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауіп тудырмауы тиіс, өз кезегінде қазақстандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкін негізсіз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
531. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша донордың ережелерінде отандық мердігерлерге, тауарлар өндірушілерге (берушілерге) және консультанттарға көзделген жеңілдіктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңілдіктерді ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсімдері сипатталған тиісті баптарды көздеуі тиіс.
532. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз немесе грант шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
62-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу және пайдалану тәртібi
533. Осы мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу және пайдалану тарауы (бұдан әрі - тарау) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобалар) іріктеу рәсімін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер (бұдан әрі - мемлекеттік кепілдіктер) беру рәсімдерін анықтайды.