Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шарт жасасу кезiнде жүргiзіледi. Егер тараптардың келісімiмен өзгеше ескертілмесе, есеп айырысу кезеңнен кейiнгi айдың бiрiнші күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басы болып табылады.
30. Егер Орындаушының Тапсырысшыға қызмет ұсынуы мүмкiн болмауы Орындаушымен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тапсырысшы алдында Орындаушы жауапты болады.
31. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелердi орындаудан босатпайды.
9. Форс-мажорлық жағдаяттар
32. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бір де біреуі залалдардың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердің атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте, тараптардың бір де біреуі Шарт бойынша еңсерілмес күші жағдаяттары болғанға дейін туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
33. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн ішінде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындай алмайтындай жағдайда қалса, екiншi тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты бұзуға құқылы.
10. Жалпы ережелер және дауларды шешу
34. Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртiппен жасасады.
35. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты әрекетке байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажетті барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.
36. Келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртібімен шешiледi.
37. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Шарт мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
39. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енедi және
200_ жылғы "__"____________________________ дейiн қолданылады.
40. Шартың қолданылу мерзімі, егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлімдесе, жылу энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бір мерзімге ұзартылады және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:___________ | Тапсырысшы:______________ |
ҚР Үкіметінің 2005.27.10. № 1080 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы
телекоммуникация желісiне жергiлiктi деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық
деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не) өткізу жөнiндегі қызметтердi көрсетуге
арналған үлгі шарт
ҚР Үкіметінің 2007.22.08 № 727 қаулысымен Тақырыбы және мәтін бойынша «телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздер «қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара )
200__ жылғы "___"__________
_______________________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қосатын байланыс операторы деп аталатын ___________
____________________________________________________________ атынан
(субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның №)
___________________________________________ негізiнде әрекет ететiн
_________________________________________________ бiр тараптан және
(лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрi Қосылатын байланыс операторы деп аталатын _______________
___________________________________________________________________
(субъектiнің атауы, уәкiлеттi орган берген лицензияның №)
атынан ____________________________________________________________
негізiнде әрекет ететiн ___________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екiншi тараптан (бұдан әрi - Тараптар) мына төмендегілер туралы Байланыс операторлары үшiн байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілiкті деңгейде, аймақішілiк және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не) өткізу жөніндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгi шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 1- тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара )
1. Осы Шарт желiлердi жергілiктi, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигiнiң мынадай түрлерiн:
жергілікті телефон трафигін;
аймақiшілік телефон трафигiн;
қалааралық телефон трафигiн;
халықаралық телефон трафигiн;
ұялы операторлардың желісінен (-не)
ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін өткізу қызметтерiн көрсеткен кездегi Қосатын және Қосылатын байланыс операторларының өзара iс-әрекетiн айқындайды.
2. Тараптардың желiлерiн қосу шарттары
2. Қосылатын байланыс операторының желісін Қосатын байланыс операторының желісіне қосу деңгейлерi Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген лицензияның шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Тараптардың желілерiн қосу пункттерi, терiм форматы, дабылнамасы Қосылатын байланыс операторына Қосатын байланыс операторы берген жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне (бұдан әрi - ЖПТЖ) қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетiлген.
4. Тараптар желілерiнiң технологиялық жағынан ұштасқан жабдығы Тараптардың әрқайсысының белгiленген тәртібіне сәйкес екi Тараптың өкiлдерi үшiн қол жетiмдi болады.
5. Қосудың қосымша пункттерiн ұйымдастыру қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қосуға арналған техникалық шарттарды орындайды.
6. Қосылатын байланыс операторы кемiнде 4 (төрт) ай бұрын Қосатын байланыс операторын Тараптардың желiлерiн қосуды жаңғыртуға қажеттi қосылатын және қосатын желілердiң әр түрлi элементтерiнiң сыйымдылығын кеңейту туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
Уағдаластық бойынша желi сыйымдылығын кеңейту жөніндегі жұмыстарды, жұмсалған шығындардың бөлiгiн кейiннен екiншi Тарап өтей отырып, Тараптардың бiрi орындауы мүмкiн.
Тараптар Шарт бойынша өз желісін пайдаланушыларға да, екiншi Tapaптың пайдаланушыларына да техникалық және пайдалану параметрлерiне сәйкес сапасы мен оларды ұсыну уақтылығы бойынша тең мәндi қызметтердi ұсынады.
3. Телефон трафигін өткізу
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 7- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
7. Тараптар өздерiнiң желiлерi арқылы жергiлiктi, қалааралық, халықаралық телефон трафигiн , ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін Қосылатын байланыс операторына берiлген №, №____ мемлекеттік лицензияға (-ларға) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.
8. Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында телефон трафигінің әрбiр түрi үшін белгiленген тарифтеу бiрлiктерiнде жүргiзiледi.
Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу шақырылатын терминал (телефон аппараты, автожауап қайтарушы, факсимильдi аппарат, модем және т.б.) нөмiрiнiң "абоненттің жауабы" деген дабылы түскен сәттен басталады.
Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу абоненттердiң кез келген екi терминалынан (телефон аппаратынан, автожауап қайтарушыдан, факсимильдi аппараттан, модемнен және т.б.) "тоқтату" деген дабыл алынғаннан кейiн аяқталады.
Қосылыстардың жалпы сомасының есеп айырысулары заңнамада белгiленген қосылыстар тарифтеуінің бiрлiктерiнде әрбiр қосылыс ұзақтығының сомасына (егер ондай болмаса, онда Тараптардың қосымша келісімi бойынша) негізделедi, мұнда әрбiр толық емес аралық үлкен жағына қарай толғанға дейiн дөңгелектенедi.
9. Тараптар трафиктiң есебiн, шот-фактураларды ұсынуды және өздерінің желiлерiн пайдаланушылардан төлем жинауды дербес жүзеге асырады.
10. Тараптардың желiлерiнде жергiлiктi телефон қосылыстарын уақытпен есептеу жүйесiн енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Тараптардың екiншi Тараптың желісінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған шұғыл қызметтердiң телефондарына телефон трафигін өз желiлерiнде шектеуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда, телефон трафигiн өткiзгенi үшiн төлем алынбайды.
4. Тараптардың мiндеттемелерi
12. Қосатын байланыс операторы:
1) Қосатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкiлетті орган берген №, №____ мемлекеттік лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосылатын байланыс операторының желісіне өз желісін қосуды пайдалануға;
2) Қосылатын байланыс операторының желісін Қосатын байланыс операторы берген қосуға арналған техникалық шарттарды толық көлемде орындағаннан кейiн техникалық мүмкiндiк болған кезде қосуды тестiлеудiң актіленген оң нәтижесi болған және осы Шартқа Тараптар қол қойған кезде 5 (бec) жұмыс күннен аспайтын мерзiмде өз желісіне қосуды жүргізуге;
3) Қосылатын байланыс операторына оның жазбаша өтінiмi бойынша Қосылатын байланыс операторы желісінiң жаңа қосылысына немесе қосу пункттерiн жаңғыртуға арналған техникалық шарттарды өтiнiм алынғаннан кейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде беруге;
4) Қосылатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн байланыс құралдарының авариялық бұзылулары болған кезде, оны бұл туралы жедел хабардар етуге, сондай-ақ байланысты қалпына келтiру жөнiндегі барлық шараларды қабылдауға;
5) Қосылатын байланыс операторының телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн жоспарлы жұмыстарды жүргiзген кезде оған бұл туралы жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтiзбелiк күн бұрын хабарлауға;
6) Қосылатын байланыс операторының жазбаша келісімiнсiз осы Шарт бойынша Тараптардың желiлерiн қосу схемасына өзгерістер енгiзбеуге;
7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргізуге;
8) өзiнiң желісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
9) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерістер енгiзілгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосылатын байланыс операторын хабардар етуге;
10) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
13. Қосылатын байланыс операторы:
1) өзінің желісін тек Қосылатын байланыс операторына байланыс саласындағы уәкілеттi орган берген №, №____ мемлекеттік лицензияға (-ларға) және қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес телекоммуникация қызметтерiн көрсету үшiн Қосатын байланыс операторының желісіне қосуды пайдалануға;
2) өзінің желісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
3) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының байланыс құралдарында, сондай-ақ Қосылатын байланыс операторының желiлерiне қосылған желiлерде авариялық iстен шыққан кезде, бұл туралы Қосатын байланыс операторын жедел хабардар етуге және байланысты тез арада қалпына келтiру жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;
4) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде Қосатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының желісінде, сондай-ақ оған қосылған желiлерде жоспарлы жұмыстар жүргiзген кезде, бұл туралы алғашқысына жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтізбелiк күн бұрын хабарлауға;
5) Қосылатын байланыс операторының желісін жаңғыртқан жағдайда, бұл туралы Қосатын байланыс операторына алдын ала кемiнде 4 (төрт) ай бұрын мерзiмде хабарлауға;
6) өзiнiң желісіне телекоммуникацияның басқа да желiлерiн қосуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге;
7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзуге;
8) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерістер енгiзiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосатын байланыс операторын хабардар етуге;
9) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндетті.
5. Өзара есеп айырысулар тәртібі
14. Телефон трафигiн өткізу жөнiнде ұсынылған реттелмелi қызметтер үшiн тараптардың арасындағы есеп айырысулар табиғи монополия саласындағы уәкiлетті орган бекiткен тарифтерге (есеп айырысу ставкаларына) сәйкес жүргiзiледi.
Телефон трафигін өткізу жөніндегi реттелмелi қызметтерге арнап уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер (есеп айырысу ставкалары) болмаған кезде, өзара есеп айырысулар Қосатын байланыс операторы бекiткен тарифтер бойынша жүргізіледi.
Шарт бойынша ұсынылатын қызметтердiң құны Шартқа қосымша түрiнде ресiмделуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 15 - тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
15. Телефон трафигін қосу және өткізу жөнiндегі қызметтерге арналған тарифтер (есеп айырысу ставкалары) немесе желiаралық телефон қосылыстары тарифтелуiнiң бiрлiктерi өзгерген жағдайда, Қосатын байланыс операторы Қосылатын байланыс операторын жаңа тарифтер (есеп айырысу ставкалары) енгізiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша түрде хабардар етедi.
16. Егер Қосылатын байланыс операторы өзгерген тарифтер бойынша қызметтердi пайдалануды жалғастыруға келісім бермесе, ол бұл туралы Қосатын байланыс операторын тарифтердiң өзгергенi туралы хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етуге мiндетті. Мұндай жағдайда, Қосатын байланыс операторы жазбаша түрде хабарлама алғаннан кейiн немесе ол болмағанда 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде шұғыл қызметтердiң телефондарына шығыс телефон трафигiн қоспағанда, Қосылатын байланыс операторының желісінен (-не) тиiстi телефон трафигін өткізудi тоқтатуға құқылы.
17. Есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi Тараптар бiр-бiрiне есептi айда көрсетiлген осы Шарт бойынша алынған қызметтер үшiн алдын ала берілетiн шот-фактураларды ұсынады. Тараптар есептi айдан кейiнгi айдың 7 (жетi) күнiнен кешiктiрмей алдын ала берiлетiн шот-фактуралармен және есептi кезеңде өткен трафик бойынша деректермен алмасуға тиiс.
Ұсынылатын қызметтердiң көлемiн салыстыру нәтижелерi бойынша Қосатын байланыс операторы өзара есеп айырысулар актiсiн жасайды, оған екi жақты тәртiппен қол қойылады. Актiнiң негiзiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 (он бec) күнiне дейiнгi мерзiмде шот-фактуралар ұсынылады.
Трафиктің деректерi бойынша 2%-дан асатын алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар алшақтықтардың себептерiн айқындауға арналған барлық шараларды қабылдайды және Тараптар қабылдаған ережелер бойынша әрекет етедi.
18. Тараптардың арасында телефон трафигiн өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар Тараптардың сертификатталған және сенім бiлдірiлген өлшеу құралдарының биллингiлiк деректерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
Қандай да бiр Тарапта шығыс және (немесе) кiрiс телефон трафигiнiң қандай да бiр түрiн есепке алу жөніндегі өлшем құралдары болмаған жағдайда, Тараптардың өзара есеп айырысулары екiнші Тараптың телефон трафигiнiң тиiстi түрi мен бағытын есепке алу жөніндегі сертификатталған және сенім бiлдiрген өлшем құралдарының биллингiлiк деректерi бойынша жүргізіледі. Бұл ретте телефон трафигiн есепке алу деректерi мүдделi Тарапқа алдын ала берiлетін шот-фактураларды өтеусiз ұсынғанға дейiн беріледi.
19. Төлем жөнiнде ұсынылған қаржылық құжаттарға Тараптар олар ресми түрде келiп түскен сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде наразылық бiлдiре алады.
20. Бекiтiлген өзара есеп айырысулар актісінің негізiнде Тараптар бір-бiрiне алдын ала берілетін шот-фактураларға түзету шот-фактураларын бередi. Тараптардың әрқайсысының түзету және алдын ала берілетін шот-фактуралары бойынша жиынтық сомалар өзара есеп-айырысулар актiсi бойынша есептi кезең iшіндегі Тараптардың бiр-бiрiнiң алдындағы берешектерінің сомасын құрайды. Бұл ретте өзара есеп айырысулар актісінде түзету шот-фактурасы ұсынылған күннен кейiн 15 (он бec) күнтізбелiк күн iшiнде көрсетілген акт бойынша берешектi төлейтiн дебитор тарап айқындалады. Түзету шоттарын Тараптар өзара есеп айырысулар актiсiне қол қойылған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнi iшiнде ұсынуға тиiс.
21. Тараптардың осы бөлiмде көрсетілген ай сайынғы қаржы теңгерiмiн жасау мерзiмi бұзылған жағдайда, Қосатын байланыс операторы есептiден кейiнгі айдың 30-күнiне дейiнгі мерзiмде дебитор тарап айқындалатын есептi кезеңге алдын ала берілетін ұсынылған шоттар бойынша сомалардың негізiнде өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсiн жасайды. Өзара есеп айырысулардың алдын ала актiсi оларды Қосатын байланыс операторынан алған сәттен бастап 5 (бec) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Қосылатын байланыс операторымен келісілуi және ол оған қол қоюы тиiс. Дебитор тарап есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актісі бойынша берешектi өзара есеп айырысулардың алдын ала берілетiн актiсiне Тараптар қол қойған күннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде төлеуге мiндеттенедi.
22. Тараптардың бiрi осы Шарттың 20 және 21-тармақтарын орындамаған жағдайда, екiншi Тараптың есепті кезең iшiнде бiрiншi Тарапта бір айлық есеп айырысулардың негiзiнде бір жақты тәртіппен, осы Шартқа сәйкес қызметтерге ақы төлеуге шот ұсынуға құқығы бар. Дебитор тарап шотты алған күннен бастап 15 (он бec) күнтізбелік күн iшiнде ұсынылған шотты төлеуге мiндеттi.
23. Тараптар үш жылдық кезеңдегi барлық өзара есеп айырысулардың дәлдiгiн растау үшiн қажеттi есеп құжаттарын жүргiзуге мiндетті.
6. Тараптардың жауапкершiлігі
24. Ұсынылған қызметтер үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тараптар Шартқа сәйкес мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн осы сомаларды төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептелген, бiрақ негiзгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы, егер Тараптардың қосымша келісімiнде өзгеше айтылмаса, есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 26-күнi болып табылады.
25. Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Тараптардың екiншi Тарапқа 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша хабарлама берiп, дәйектi түрде мынадай шаралар қабылдауға құқығы бар:
1) Шартта көзделген қызметтердi ұсынуда мүмкiн болатын шектеу туралы ескертуге;
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) екiнші Тарап Шарттың 12-тармағының 10) тармақшасын және 13-тармағының 9) тармақшасын орындауға байланысты жол берiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, Шартта көзделген қызметтердi ұсынуды 2 (екі) айдан астам шектеуге және (немесе) тоқтата тұруға;
3) Шартты сот тәртібімен бұзуға.
26. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң кез келгенiн бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсiмпұлды) төлеу және залалдар мен шығыстарды өтеу Шарт бойынша тиiстi мiндеттемелердi лайықты түрде орындау мiндетiнен босатпайды.
7. Форс-мажор
27. Тараптардың бiр де бipeуi екiншi Тараптың алдында байланыс жүйелерінің немесе жабдықтардың кез келген бүлiнуiнен немесе iстен шығуынан туындаған қандай да бiр тікелей немесе жанама зиян немесе залал үшін немесе табиғи катаклизмадан, апаттан, қоғамдық тәртiпсiздiктерден немесе тараптардың еркiне тәуелсiз басқа да себептерден пайда болған қызметтердi ұсынудағы үзiлiстер үшiн жауапты болмайды.
28. Егер осындай мән-жайлардың кез келгенi Шартта белгiленген мерзiмде мiндеттемелердi орындауға тiкелей әсер етсе, онда бұл мерзiм тиiсті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
Қазақстан Республикасы уәкілетті органының форс-мажордың туындауын растайтын ресми құжаттары форс-мажордың дәлелдемесi болады.
29. Форс-мажор туындау себебiнен мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмай қалған Тарап олар туындаған сәттен бастап 15 (он бec) жұмыс күннен кешiктiрмей екiншi Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Хабарламау немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты мiндеттемелердi орындау бойынша жауапкершiлiктен босататын негiзде ретіндегі жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сiлтеме жасау құқығынан айырады. Форс-мажор 4 (төрт) айдан астамға созылған жағдайда, Шартты Тараптардың кез келгенi екінші Тараптың атына жiберiлген алдын ала жазбаша хабарламамен бұза алады.
30. Желiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қажеттi қалпына келтiру жұмыстарын қоспағанда, байланыс операторының желісін қосуды кейiннен қалпына келтiру қосымша ақы төлеусiз жүргiзіледi.
8. Шарттың қолданылу мерзiмi,
оны өзгерту мен бұзу тәртібі
31. Шарт Қосылатын байланыс операторының желісі техникалық параметрлерге сәйкестiкке тестiлеудiң оң актiсi негiзiнде пайдалануға қосылған күнiнен бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, мерзiмi шектелмей қолданылады.
32. Шартты Тараптардың кез келгенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұза алады. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық мiндеттемелерi Шарттың бұзылатын күнiне дейiн толық көлемiнде орындалуы тиiс.
33. Шарт бұзылғанға дейiн реттелмеген өзара қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледi.
34. Шарт бұзылған немесе оның қолданылуы тоқтатылған (оның iшiнде Тараптардың өзара жазбаша келісімi, байланыс саласындағы уәкiлетті органның шешiмi бойынша) жағдайда, Шарттың 33 және 48-тармақтарының ережелерi оны бұзғаннан немесе тоқтатқаннан кейiн де алдағы уақытта күшiнде болады.
35. Шартқа енгізiлетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекітілген Шартқа қосымша келісім түрiнде ресiмделуге тиiс.
9. Хабарламалар мен хабарлар
36. Шарт бойынша Тараптар бiр-бiрiне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкілдерi қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлiк қызметпен жiберiлсе немесе оларды алғандығы туралы белгiмен Тараптардың шартта көрсетiлген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткiзiлдi деп саналады.
37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешiм қабылдауды талап ететiн шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінiң тоқталуы, алдын алу жұмыстары, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетiлген тәртiппен кейiннен жолдай отырып, факс арқылы жiберуге жол берiледi.
38. Хабардың және (немесе) хабарламаның факс арқылы жiберiлген күнi немесе хабардың және (немесе) хабарламаның адресат Тарапқа жеке тапсырылған күнi оның алынған күнi болып саналады. Хабар және (немесе) хабарлама, егер бұл хабарда және (немесе) хабарламада көрсетiлмесе, алу бойынша жеткiзiлген деп саналады.