16) Министрмен келіскеннен кейін мемлекеттік органның қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) тиісті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) орталық атқарушы органға келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік органды білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
26. Министрліктің Министрдің жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен бекітеді.
27. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, әрі негізгі және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.