Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 1189 Қаулысы
(2009.23.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1654 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
1-қосымшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Халқының саны 250000 адамнан аз аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.»;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1107 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
1) «Облыстық әкімдік» деген 1-бөлімде:
үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
2) «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген
2-бөлімде:
алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
3) «Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі» деген
3-бөлімнің 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |