21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды
22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Өтпелі ережелер
Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері жасалған шарттарға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарымен (жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ аспаптармен және суды есептейтін жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының