«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы
(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi;
2) Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, шығару және жүргiзу жөніндегi нұсқаулық;
3) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру ережесi;
4) Қару иелерi мен оны пайдаланушылардың бастапқы дайындығын ұйымдастыру ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша бiр айлық мерзiмде, "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бiр жолғы алым мөлшерлерiн бекіту туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi бiр айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен Ереженің мәтінінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «үш жыл» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе нашақорлыққа» деген сөздер «, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа» деген сөздермен ауыстырылсын; «аңшылық билетке», «аңшылық билетіне», «аңшылық билетінде», «аңшылық билетті», «аңшылық билетінсіз», «аңшылық билеті» деген сөздер тиісінше «аңшылық куәлікке», «аңшылық куәлігіне», «аңшылық куәлігінде», «аңшылық куәлікті», «аңшылық куәлігінсіз», «аңшылық куәлігі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның
патрондары айналымының
Ережесі
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен оның патрондарын өндiрудi, сатуды (саудасы), берудi, сыйға тартуды, марапаттауды, мұраға ие болуды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүрудi, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi қоса алғандағы, айналымын реттейдi.
2. ҚР Үкіметінің 2007.13.08. № 692 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қызметтiк қару мен оның патрондарын
сақтаудың тәртібі
4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің iшiнде ішкi iстер органынан оны сақтауға және пайдалануға рұқсат алуға мiндеттi.
5. Қаруды тiркеу кезiнде iшкi iстер органдары қаруды сатып алудың заңды екенiн растайтын құжаттар негiзiнде бес жыл мерзiмге осы қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат бередi.
6. Қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат беру үшiн:
сатып алынған қарудың саны (әр бірлiктiң түрi, үлгiсi, моделi, жүйесi, калибрi, нөмiрі, шығарылған жылы) туралы;
қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның iшiнде күзет қызметкерлерi туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi), көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екенi туралы медициналық қорытынды, қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетiлетiн ұйым басшысының өтiнiшi негiз болып табылады.
Өтiнiшке ұйым басшысының қару мен оның патрондарының сақталуы үшiн жауапты адамды (адамдарды) тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi қоса тiркеледi.
Қаруды сақтауға арналған жаңа объект ашылған кезде өтінішке iшкi iстер органдарының, өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдерi жасаған қару сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы актілерi қоса тiркеледi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қызметтiк қару мен оның патрондары арнайы жабдықталған қоймада сақталады, ол мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшау болуы керек, қабырғалары қалың, төбе жабулары мен еденi берiк болуы тиiс. Iшкi қабырғалары (қоршаулары) беріктігі жағынан арасына болат тор өткiзiлген, әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қосарланған гипсобетонды панельдерге немесе металл тормен арматураланған, қалыңдығы кемінде 120 мм кiрпiш қабырғаға тең болуы керек. Бұрын салынған ғимараттарда болат торлармен күшейтiлген тақтай қоршаулар жасауға рұқсат етiледi;
2) екі есiгi болуы керек, бұл ретте сыртқысы - қаңылтырдың шеттерi есiктiң жақтауына қайтарылып, екі жағы мырышты болат қаңылтырмен сомдалған, қалыңдығы кемiнде 40 мм бір қабат тақтайдан, ал iшкiсi - болат тордан жасалады.
Сыртқы есiк екi iшкi құлыппен жабылып, мөр немесе пломбы басылуы тиiс, iшкi торлы есік - iшкi немесе аспалы құлыппен жабылады.
Қару-жарақ бөлмесi есiгiнiң ойығы (есiктiң қорабы) болат жиекпен жақтауланады. Бұрын салынған үй-жайларда көлемi 30х40 мм-ден, қалыңдығы 5 мм-ден кем болмайтын, қабырғаға диаметрi 10-12 мм арматуралы болат шегемен он жерден қағылған бұрыштама темірмен күшейтiлген ағаш қораптарға рұқсат беріледі;
3) үй-жайдың iшкi жағындағы терезе ойықтарында немесе жақтауларының арасында болат тор жүргiзiледi. Бiрiншi қабатта орналасқан бөлмелерде терезелері iшкi жағынан металл немесе екi жағынан мырышты болатпен қапталған ағаш қақпақпен жабдықталады. Торлардың ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке дейін қағылып және бетон құйып бекітіледi. Терезенiң қақпақтары аспалы құлыппен жабылуы керек.
Есiк, терезе ойықтарына және қабырғаны нығайту үшiн тартылатын торлар диаметрi кемiнде 15 мм болат шыбықтан жасалады. Шыбықтардың тор көздерi кемінде 150х150 мм-ден айқастырылып дәнекерленедi;
4) екi және одан көп күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықталады, ол электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалады, терезелерге, есіктерге, люктерге, қабырғаларға, төбеге, еденге қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқанда немесе бұзғанда, сондай-ақ бөлменің iшiнде адам жүргенде iске қосылатын хабарлағыштар орнатылады. Бұл үй-жайлар кезекші бөлімдеріндегі шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың iшкi істер органдары күзет бөлiмшелерiнің күзетуiне берiлiп, белгiленген тәртiппен белгі беру құралдарының орталықтандырылған бақылау пультiне қосылады. Күзету белгi беру құралдарының шлейфін темірбетонды және бетонды құрылыс конструкциялары бойынша тек қана бөлме iшiнде құбырмен жүргiзуге рұқсат етiледi;
5) желдеткiш терезе, люк болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкiндiгiн болдырмайтын көлемi 100х100 мм-ден аспайтын тор көздерi бар болат тор орнатылады. Инженерлiк желiлердi тартуға арналған қабырғалардағы тесiктердiң диаметрi 200 мм-ден аспауы керек;
6) қару мен патрондар сақтайтын бөлмеде өртке қарсы құралдар, мүлiктердiң тiзімдемесi болуы тиiс, онда шкафтардың, металл жәшiктердiң саны, олардың нөмiрлерi және қандай мөр басылғаны көрсетiледi;
7) қару мен оның патрондары бар қару-жарақ бөлмесi және металл шкафтар (сейфтер) кiлттерiнiң екi жинағы болуы тиiс.
Кiлттердiң бiр жинағы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi - атына сақтау рұқсаты берiлген ұйым басшысының мөрленген сауытында ұдайы сақталады.
Қару-жарақ бөлмесiнiң, қару мен патрондар бар металл шкафтардың, сейфтердiң кiлттерiн столдарда және бөгде адамдардың қолы жететiн өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 8 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Қару мен патрондар қабырғасының қалыңдығы кемiнде 3 мм, ішкi құлыптары (кемiнде екi) берiк жабылатын металл шкафтарда (сейфтерде) сақталуы керек. Шкафтардың есiктерi мықты болу үшiн болат бастырмамен немесе бұрыштамалармен нығайтылады. Қаруды жөндеу шеберханаларында қаруды сақтауды қоспағанда, шкафтардың есіктерінің ішкі жағында нөмірлері бойынша оның тізімдемесі болуы тиіс Қаруды бiр iшкi құлпы бар, салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға болады.
9. Қарумен және патрондармен бiрге қару-жарақ бөлмесiнiң темір тормен бөлiнген бөлiгiнде сақтауға болатын пневматикалық қару, арнаулы құралдар, радиостанциялар мен дозиметриялық аспаптарды қоспағанда, басқа бұйымдарды сақтауға тыйым салынады. Қарудың патрондары қарудан бөлек металл жәшiкте, шкафта сақталуы тиiс.
Сүрту материалдары, май және сiлтiлер, қаруды тазалау мен майлауға арналған бұйымдар қару мен патрондардан бөлек, ол үшiн арнайы бөлiнген жерде сақталады.
10. Банк басқармаларында, бөлiмшелерiнде, филиалдарында қару мен патрондар темір-бетонды қоймаларда сақталады. Қоймалар болмаған жағдайда қару мен оның патрондарын (орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылған күзету белгi беру құралдары болған жағдайда) iшкi немесе жапсырма темір-бетон шкафтарда (кассаларда) немесе салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға рұқсат етіледi. Байланыс тораптарында, фельдъегерлiк қызметтерде, арнайы байланыс бөлiмшелерiнде, автономиялық күзету белгi беру құралдары мен салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтер болған жағдайда қару мен патрондарды сақтауға рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай болмаған жағдайда ұйымдарға орталықтандырылған сақтау пункттерi жабдықтарын пайдалануға рұқсат етiледi. Мұндай пункттер "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының базасында, жеке күзет ұйымдарында шарттық негiзде құрылуы мүмкiн. Орталықтандырылған сақтау пунктiнде қару мен патрондар осы Ереженiң 7-9-тармақтарында белгiленген тәртiппен сақталады. Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктiне тапсыру акт бойынша ресiмделедi. Онда қару мен оның патрондарын сақтайтын әрбiр ұйым үшiн жеке металл шкафтар немесе бокстар бөлiнуi тиiс.
12. Әскерилендiрiлген күзет жасақтарында (командаларында), қарауыл күзетiнде атыс қаруы мен патрондар (оның iшiнде азайтылмайтын қор) осы Ереженiң 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады.
Қару-жарақ бөлмесiн орталықтандырылған бақылау пультiне шығатын дабыл белгiсiмен жабдықтау мүмкiн болмаған жағдайда оның қабырғаларына, төбесiне, терезелерiне хабарлағыштар орнатылып, қарауыл үй-жайынан (күзет қосынан) басқа жақын жердегi қарулы қосқа да шығарылған жеке дабыл белгiсiмен жабдықталады.
13. Оқу мақсатында (практикалық атыстар), спорт жарыстарында немесе қызмет өткеру уақытында қару қолдану нәтижесiнде жұмсалған, сондай-ақ жоғалған патрондар акт бойынша есептен шығарылады, оған тарату-тапсыру ведомосы, ал қажет болған жағдайда, қаруды қолдану немесе патрондарды жоғалту себептерi туралы қызметтiк тексеру материалдары қоса тiркеледi. Акт атыс жүргiзiлген кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей жасалады, оны ұйым басшысы бекiтедi және қаруды сақтауға жауапты адамда сақталады. Қаруды есепке алу кiтабында патрондарды есептен шығару туралы тиiстi белгiлер қойылады.
14. Мемлекеттік, кооперативтiк, қоғамдық және жеке шаруашылықтарда бақтарды, жүзiмдiктердi, омарталарды, бақшаларды, егiстiктердi, мал жайылымдарын, жерлердi маусымдық күзету, мемлекеттік және өзге де объектiлердi уақытша күзету кезеңiнде жақын жерлерде, осы Ереженiң 15-тармағында жазылған талаптарға сәйкес бұл адамдардың тұрғылықты жерлерiнде сақталуы тиiс қаруды ұдайы сақтау орны болмаған жағдайда, қызметтiк тегiс ұңғылы қаруды iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша күзетшiлердiң тұрғылықты жерлерiнде сақтауға жол берiледi. Маусымдық жұмыстар аяқталғанда қару оны ұдайы сақтау орнына тапсырылуы тиiс.
15. Iшкi iстер органдарымен келісім бойынша қызметтiк ойықты және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын табиғат қорғау органдары қызметкерлерiнiң тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады. Бұл ретте ойықты атыс қаруы еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған металл жәшiктерде (шкафтарда) сақталуы керек, олардың қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болуы тиiс және берiк iшкі құлыптармен (кемiнде екi) жабылуы тиiс.
4. Қызметтiк қару мен оның патрондарын
есепке алудың тәртібі
16. Қаруды қолданатын ұйымдарда:
нөмiрленетін, бау өткiзiлетiн және аумақтық iшкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерi бар арнайы мөрi басылатын қару мен оның патрондарын есепке алу кiтаптары;
нөмiрленетiн, бау өткiзiлетін және аумақтық ішкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесi" деген бедерi бар арнайы мөрi басылатын қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қызмет өткеру уақытына берiлетiн қару мен оның патрондарын беру және қабылдап алу журналдары ұдайы жүргiзiлуi тиіс.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 17 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Ұйымдар бұдан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтiк қару мен оның патрондарын облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД (К) шаруашылық бөлiмдерiнiң қоймаларына одан әрi жою үшiн тапсырылады. Жою тәртібін қару айналымын бақылау саласындағы өкiлеттi орган анықтайды.
Ескерту. Қарудың пайдалануға жарамдылығын iшкi iстер органдарының аталған бөлімшелерiнiң техникалық комиссиялары анықтайды.
Ұйымдарға тиесiлi басы артық, бiрақ бұдан әрi пайдалануға жарамды қызметтiк қару мен оның патрондары тек қана оны сақтауға рұқсат берген ішкi iстер органының рұқсаты (жолдамасы) бойынша басқа ұйымдарға берiледі немесе сатылады.
18. Қару мен оның патрондарын есепке алудың, сақтаудың және дұрыс пайдаланудың жай-күйiне ұйым басшылары, ал әскерилендiрiлген күзет жасақтарында - жасақ (бөлiмше) бастықтары жауапты болады, олар қару немесе оның патрондары ұрланған немесе жоғалған жағдайларда ол туралы аумақтық iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға және оларды iздестiру шараларын қолдануға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 19 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Ойық ұңғылы қызметтiк атыс қаруы мiндеттi түрде тексеру атысынан өтуi тиіс. Атылған оқтар мен гильзалар ІІД, (К) қару-жарақ қызметтерiнде сақталады.
Тексеру атысын iшкi iстер органдары жүргiзедi, атыстың қайталану кезеңi - 5 жылда бiр рет. Оларды өткізу үшiн ұйым қару-жарақты атыс орнына тасымалдауды қамтамасыз етедi.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сақтау, есепке алу және пайдаланудың тәртібі заңнамаға сәйкес айқындалады.
5. Қызметтiк қару мен оның патрондарын берудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 20 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға лицензиялары бар субъектілерге бере алады.
Қару немесе патрондар берген заңды тұлғалар бұл туралы қару есепте тұрған ішкі істер органына берілген қарудың санын, маркасын, калибрі мен әрбір бірлігінің нөмірін, патрондардың санын, маркасын, калибрін көрсете отырып, жеті күн мерзімде жазбаша хабарлайды. Хабарламаға қайта ресімдеу үшін қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негізінде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса тіркеледі.
Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметінің субъектілері ішкі істер органдарының келісімі бойынша олардың теңгеріміндегі азаматтық және қызметтік қаруды аумақтық тиесілігіне қарамастан, заңнамада белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өткен өздерінің филиалдарына (өкілдіктеріне) (бұдан әрі - филиалдар (өкілдіктер) бере алады.
Республикалық спорт ұйымдары ішкі істер органдарымен келісім бойынша өздерінің теңгеріміндегі спорттық қаруды өңірлік спорт ұйымдарына бере алады.
Басқа жағдайларда азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ведомстволық тиесілігіне қарамастан, оны бір заңды тұлғадан екіншісіне беру мақсатында ішкі істер органының жолдамасы бойынша қару сататын мамандандырылған дүкен арқылы өткізіледі.
21. Ұйым басшылары ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың) штат қызметкерлерiне өз функцияларын атқару кезеңiнде қару бередi. Қару қызметкерлерге тиiстi дайындықтан өткеннен кейiн берiледi. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайлардағы iс-әрекетке жарамдылығы бойынша мезгiл-мезгiл тексеруден өтiп отыруға мiндеттi және iшкi iстер органдарының қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге берген рұқсаты болуы керек.
6. Қызметтiк қару мен оның патрондарын алып жүру
құқығына рұқсат беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 24.08.04 ж. № 890 қаулысымен; 2006.17.05. № 414 қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулысымен ; 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 22-тармақ өзгертілді
22. ІІД (К) ұйымдар басшыларының ұсынымхаттары бойынша бұл ұйымдардың осы Ережеге 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9 және 10, 10-2, 10-4-қосымшаларда көрсетiлген қызметкерлерiне қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бередi.
Ұйым басшыларының өтiнiштерiне қажеттi құжаттар (адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi көрсетiлген тiзiмдер) көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екенi туралы медициналық қорытынды, күзетшi ретiнде жұмыс iстеу үшiн дайындықтан өткендiгiн растайтын куәлiк және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар;
қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама; ұйым басшысының адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтiк қаруды жеке бекітіп беру туралы бұйрықтарының көшiрмелерi; көлемi 3х4 см екi фотосурет) қоса тiркеледi.
Iшкi iстер органы өтiнiш пен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде тапсырылған материалдарды қарайды және рұқсаттар бередi, ал бас тарту жағдайында оның себептерiн көрсете отырып, ол жөнiнде ұйымға хабарлайды.
Қызметтiк қаруды алып жүруге рұқсатты iшкi iстер органдары бес жыл мерзiмге бередi және оған мiндетті түрде "Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қолданылады" деген мөртаңба соғады.
23. Аңшылық кәсiппен айналысатын ұйымдар iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша өздерiнде бар қызметтік қарудың ішiнен, аңшылық кәсiп үшiн бөлiнген қаруды пайдаланушыларға маусымға қару бере алады.
Аталған адамдарға қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру туралы өтiнiштер аңшылық маусымның басталуынан бiр ай бұрын iшкi iстер органына жiберiледi. Оған, мiндеттi түрде осы Ереженiң 78-79-тармақтарында көрсетiлген құжаттар қоса тiркеледi.
7. Қызметтiк қару мен оның патрондарын пайдаланудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 24-тармақ өзгертілді
24. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының - Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қызметтiк қаруды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі беретiн лицензиялар бойынша, мынадай тәртiпте:
депутаттарға - Қазақстан Республикасының Парламентi;
мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына - Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы, Премьер-Министрiнің Кеңсесі сатып алады.
Қызметтiк қаруды (қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруын) сақтау мен алып жүруге мынадай құжаттардың:
өтiнiш;
кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (сауалнама);
көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екендігi туралы медициналық қорытынды;
қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтамалар;
3х4 см екi фотосурет;
түрi, үлгісі, моделі, жүйесi, калибрі, нөмiрi көрсетiле отырып, қарудың бекітілiп берiлгенi туралы бұйрықтың көшiрмесi негiзiнде берiледi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызметтiк қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi , оның орынбасарлары бередi.
Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына қызметтік қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты ІІД бастықтары береді
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының - Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, прокурорлардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қызметтiк қару осы Ережелердiң 7-9 тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады.
Ескерту. Қызметтік қаруды (бiр бірліктен артық емес) сақтау мен алып жүруге рұқсат бес жыл мерзiмге берiледі.
Қару мен оның патрондарын алып қою Қазақстан Республикасының "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес жүргiзiледi.
8. Қызметтiк қару мен оның патрондарын
тасымалдаудың тәртібі
25. Қаруды, аңшылық оқ-дәрiнi, жабдықталған патрондарды автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында тиiстi қарулы күзетпен қамтамасыз етедi.
26. Қаруды, патрондарды және аңшылық оқ-дәрiнi автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде, егер жол жүру уақыты 12 сағаттан асатын болса, ұйым басшылары осы жүкке ерiп жүру үшiн атыс қаруымен қаруланған кемiнде екi адамды тағайындауы керек. Бұл мақсаттарға төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттiң аумақтық органы берген қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсаты бар жабық автомашиналар пайдаланылады. Оқ-дәрiнi тасыған кезде жүру бағыты жол полициясы бөлiмшелерiмен келісілуi керек. Тасымалданатын қару-жарақ пен патрондар жүктi тасымалдаушы ұйым мөрлейтiн немесе пломбылайтын арнайы бейiмделген қорапқа орап салынуы тиiс.
27. Қол жүгi ретiнде теміржол және су жолдары арқылы тасымалданатын патрондардың, оқ-дәрiнiң саны мынадай: