29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Агенттіктің төрағасы бекітеді.
30. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері жауапты хатшы бекітетін Агенттік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Агенттіктің мүлкі
31. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктен қалыптастырылады.
32. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
33. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
34. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.17.04. № 362 қаулысымен тізбесімен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 шілдедегі
№ 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).