8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген объектілердің нарықтық құны салық органдары таратқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебі негізінде айқындалады.
9. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке тұлғалардың банктік шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.
10. Салық органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) салық декларацияларында (есеп-қисаптарда) көрсетілген тиісті деректермен және салық органдарына табыс етілген өзге де есеп-қисаптармен салыстырылады.
11. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.
12. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген табыс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған табыс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады.
643-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау
1. Егер жеке тұлғаның салық декларациясында көрсеткен табыстары өзінің жеке тұтынуына, соның ішінде мүлік сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтін болса, салық органдары өткен кезеңдердің табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негізінде табысы мен салығын айқындайды.
2. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына дау салған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиіс.
3. Егер сот шешімі бойынша табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерілмей алынады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 20-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 643-1-баппен толықтырылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
90-тарау. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ
644-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бақылау-касса машиналары - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн фискальдық жады блогі не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар, аппараттық-бағдарламалық кешендер;
2) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) - уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;
3) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;
4) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) - бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5) бақылау чегі - бақылау-касса машинасының сатушы (тауарды, жұмысты, қызметтi жеткізушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы - қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы - көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) салық органының пломбасы - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) салық төлеушінің жауапты адамы - салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған немесе сенімхат, шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде оның атынан әрекет ететін, бақылау-касса машинасын қолдана отырып, сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін адам;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сауда автоматы - автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
11) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;
12) тауар чектерінің кітабы - кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;
13) ) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) фискалдық деректер - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) фискальдық деректер операторы - ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда
15) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) фискалдық жады - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) фискалдық режим - ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жады блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) ақшалай есеп айырысулар - тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) фискалдық деректерді жинақтауыш - ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.
645-бап. Жалпы ережелер
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
2) қызметін:
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
Төртінші бөлік 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушіде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндет 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар оларды жүзеге асыруы кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.
2. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.
3. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.
4. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 645-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.
646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
Сауда автоматтары және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдарымен жарақтандырылған аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын бақылау-касса машиналары әрбір сауда автоматының және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалының орналасқан жерi бойынша салық органында есепке қойылуға тиiс.
Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:
автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады.
2. Салық органдары осы Кодекстің 645-бабының 1-тармағына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргізбейді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын бере отырып жүргізіледі.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
3) дайындаушы зауыттың паспортын;
4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын табыс етеді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
3) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітаптарын;
5) ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді салық органдарына беруді жүзеге асыру үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша фискалдық деректердің операторымен жасалған шарттың көшірмесін табыс етеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;
3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген Аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою кезінде салық органының лауазымды адамы:
1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін дайындаушы зауыттың паспортында көрсетілген бақылау-касса машинасының нөмірімен салыстырады;
3) қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;
6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) салық төлеушіге:
фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын;
бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде:
бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.
8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 647-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті.
2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген жағдайда, салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;