Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1109 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балық аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесінде:
11-тармақтың 12) тармақшасында «емес» деген сөз алып тасталсын;
22) тармақшада «кемінде» деген сөз алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |