Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1055 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Өтегенова Әсел Еркінқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаметі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының бастығы, бас хатшы |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Әбдірайымов Бақытжан Жарылқасымұлы | - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Исақов Орынбасар Исақұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры (келісім бойынша) |
«Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Алматы қаласының әкімі, төраға |
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі, төраға |
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының директоры (келісім бойынша) |
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы | - Мұхтар Әуезов атындағы Қордың президенті (келісім бойынша)» |
көрсетілген комиссияның құрамынан Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы, Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы, Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы, Веселов Василий Васильевич, Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Қосыбаев Есетжан Мұратұлы, Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, Мұқаи Баққожа Сейдинұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |