5) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
8) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ оларды сатып алу тәртібін айқындайды;
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді;
11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
14) мемлекеттік сатып алуды ақпараттық жүйелер мен электрондық құжат айналымын пайдалана отырып жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
17) отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекітеді;
18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді;
19) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардан тапсырыс берушілердің сатып алу тәртібін айқындайды.
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық саласында стратегиялық бағдарламалық құжаттар әзірлейді;
2) мемлекеттік сатып алу саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
3) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;
5) осы Заңға сәйкес Бюллетеньде мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
6) осы Заңда көзделген есептілікті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және оларға талдау жасауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысады;
9) мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетеді;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасының сақталуына
бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;
2) уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;
2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуға қатысушы тұлғалар;
4) мемлекеттік сатып алуға ашық тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.
4. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.
5. Жоспардан тыс тексерулер мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдана отырып, жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырылады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;
3) бақылау объектілерінің нұсқамалар мен қаулыларды орындамағаны туралы ақпарат келіп түскенде;
4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша;
5) мемлекеттік сатып алу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын конкурс тәсілмен жүргізілгенде жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектісіне орындауға міндетті нұсқама жібереді;
2) бақылау объектісіне орындауға міндетті қаулы жібереді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар (ұсынулар, нұсқамалар) жібереді;
2) ол осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға қаулылар (ұсынулар, нұсқамалар) жібереді.
8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады
3-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
16-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі тәсілі болып табылады.
2. Жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған жағдайда ғана жүргізіледі. Жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімі осы Заңда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;
2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.
17-бап. Конкурстық құжаттама
1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде әзірлейді.
2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) бағадан басқа барлық критерийлердің сипаттамасы, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;
9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;
13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;
14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу орны, күні және уақыты;
15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;
16) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;
17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;
18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:
1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.
4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
1) әлеуетті өнім берушіде және ол тартатын қосалқы мердігерде (бірлескен орындаушыда):
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар, осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптардан асып түсетін әлеуетті өнім беруші тартатын мамандардың;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;
мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді көздеуге міндетті.
5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгіленген жағдайларда жариялануға тиісті ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған веб-сайттың электрондық мекенжайы (бұдан әрі - тапсырыс берушінің веб-сайты) көрсетілуге тиіс. Тапсырыс берушінің веб-сайты тұрақты жұмыс істеуге және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болуға тиіс.
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не олардың міндеттерін атқарушылар бекітеді.
Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет ететін тапсырыс берушінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы не олардың міндетін атқарушылар бекітеді.
7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн қалғанда:
1) ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін жіберуге;
2) тапсырыс берушінің веб-сайтында ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы орналастыруға;
3) уәкілетті органға ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекенжайын, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы жіберуге;
4) тапсырыс берушінің веб-сайтында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерін, почта және электрондық мекенжайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді көрсете отырып бекітілген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактісін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Ашық конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
Уәкілетті орган тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекенжайын тапсырыс берушіден алған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін Бюллетеньге және тапсырыс берушінің веб-сайтына қосымша ретінде басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқығы бар.
2. Жабық конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзі шақыратын әлеуетті өнім берушілердің атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен жазбаша хабарламалар жібереді.
Жабық конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзі шақыратын әлеуетті өнім берушілердің атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен тиісті жазбаша хабарламаны жіберуге тиіс.
19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға қағаз жеткізгіште (бұдан әрі - конкурстық құжаттаманың көшірмесі) не бекітілген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптары ескеріліп, тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыру арқылы табыс етеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі тұлғаларға олар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.
Егер конкурстық құжаттаманың көшірмесі ақылы негізде табыс етілген болса және бұл туралы сілтеме тиісті хабарламада қамтылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделі тұлғаларға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгізгенін растайтын құжатты ұсыну шартымен өздері өтініш жасаған күні табыс етеді.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткені үшін ақы мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшірмесінің данасын әзірлеумен тікелей байланысты шығыстарынан аспауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткен тұлғалар туралы мәліметтерді, сол сияқты тапсырыс берушінің веб-сайтынан бекітілген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуге тиіс.
3. Конкурстық құжаттаманы ашық конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жарияланғанға дейін немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілгенге дейін табыс етуге жол берілмейді.
20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін
түсіндіру
1. Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:
1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;
2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік бес күн мерзімнен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтемсіз негізде жіберуге;