17) 19-баптың 3-тармағындағы «ашық», «немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілгенге дейін» деген сөздер алып тасталсын;
18) 20-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.»;
19) 23-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.»;
6-тармақтағы «акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы» деген сөздер» «дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 24-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
21) 25-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «осы» деген сөздің алдынан «оларға» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландыруға міндетті.»;
22) 26-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.»;
23) 27-бапта:
2-тармақта:
3 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4) тармақтағы «Ашық конкурс» деген сөз «Конкурс» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тапсырыс берушінің веб-сайтын айқындау;»;
алтыншы абзацта:
«Бюллетеньде» деген сөзден кейін «мемлекеттік сатып алу веб-порталында» деген сөздермен толықтырылсын;
6 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
«Бюллетеньде» деген сөз алып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;»;
25) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
25) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу тапсырыс беруші үшін айрықшалығының елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
2. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.»;
26) 31-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1)-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;
1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
1-3) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақтың 2) тармақшасындағы «ұсынса, ол қабылданбайды.» деген сөздер «ұсынса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынса, ол қабылданбай тасталуға жатады.»;
27) 32-баптың 3) тармақшасындағы «қажеттілігі болса, жүргізілуі мүмкін.» деген сөздер «қажеттілігі болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргізілуі мүмкін.»;
28) 35-баптағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын және пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттандыру жүйесін» деген сөздер «электрондық мемлекеттік сатып алуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 37-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.»;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы «қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауы мүмкін.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
«5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.»;
6-тармақтағы «акциясының (үлесінің) елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
31) 41-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «мен қорғаныс қабілеті», «қорғаныстың,» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.»;
32) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
«41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.»;
33) 42-бапта:
1-тармақтағы «акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «мерзімдеріне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.» деген сөздер «мерзімдеріне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.»;
34) 44 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін отандық кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында:
1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі шағым жасауға жатпайды.»;
35) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.».
2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 9) тармақшасының бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 23) тармақшасының үшінші абзацын, 24) тармақшасының алтыншы абзацын және 25) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қарашаның 20-сы.
№ 87-ІV ҚРЗ