10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметін тоқтатса, оның акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылуға тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
82-бап. Қоғамдардың бiрiгуi
1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткізу актілеріне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
2. Қоғамдардың бiрiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру тәртібі туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртібі туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекіту туралы ереже;
2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Өткізу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады.
7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткізу актiсi қоса тiркеледi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
83-бап. Қоғамның қосылуы
1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізiнде және өткізу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткізу) арқылы оның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал қосылатын қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткізу актiсiне сәйкес қосылу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.
2. Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қосылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
3. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, қосылатын қоғамның акцияларын сату тәртібі, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткізу) тәртібі, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.
4. Қосылу туралы шешiм қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң бiрлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешiмiнде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, қосылудың өзге де талаптары мен тәртібі болуға тиiс.
5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткізу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
84-бап. Қоғамның бөлiнуi
1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.
2. Қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.
Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары және бөлiну балансын бекіту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртібі мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды.
5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тіркеледi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
85-бап. Қоғамның бөлiнiп шығуы
1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
3. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады (өткiзедi), бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды.
6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.
86-бап. Қоғамды қайта құру
1. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес соларға ауысады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
4. Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.
87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары
1. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
2. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады.
3. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
88-бап. Қоғамды тарату
1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.
Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
4. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
4) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қалған мүлік , осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып барлық акция иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
2. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
90-бап. Өтпелі ережелер
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін акциялар ұстаушылардың тізілімін жасауды, жүргізуді және сақтауды дербес жүзеге асырған қоғам осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде қоғамның тіркеушісін сайлау туралы шешім қабылдап, оған қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды беруге міндетті.
91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 223-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; № 24, 1072-құжат; 2001 ж., № 23, 321-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының